1 :5000, 1 :2000, 1 :1000 және 1 :500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың
негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты
жол-жол сызық қолданылады. Оның рамкасының өлшемі
1 : 5000 масштаб үшін 40Х40 см, ал 1 :2000,1:1000 және 1 :500 масштабтар үшін 50Х50см
болады. Бұл жағдайда жол-жол сызықтың негізі ретінде 1 :5000 масштабтағы картаның беті
қабылдап,олар араб цифрімен белгіленеді. Оған 1 : 2000 масштабтағы картаның 4 беті сәйкес
болады. Олардың әрқайсысы 1 :5000 масштабтағы беттің нөмеріне орыс алфавитінің бас
әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып жазу арқылы белгіленеді.Мысалы: 41-Б. 1 : 2000 масштабты
картаның бетіне рим цифрларымен ( 1, 2, 3, 4) белгіленген 1 : 1000 масштабтағы төрт бет және
араб цифрымен (1, 2, 3,..., 16) белгіленген 1 :500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.
Осыларға сәйкес, 1 :1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-4 (17-сурет), ал
масштабы 1 :5000 үшін 14-Б-16 болады.
Геологиялық барлау жұмыстарын келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін
табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың құрама кестелері
атты жинақтар бар. Олар меридиандар мен параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне
сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады.