1 Дәріс Тақырыбы


Жылқының тобық буынының байламдары (14 – сурет.)



бет118/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Жылқының тобық буынының байламдары (14 – сурет.)
А – мениск жалғамдары

1 - тобық; 2 - ортан жілік; 3 - асықты жілік; 4 - шыбық сүйегі; 5 - қиғаш байлам. а, б - латеральды, медиальды менисктер (шеміршектер) 6 - тобықтың тік байламы; 7 - тобық ортан жілік байламы; 8 - бүйір байламы ортан жілік-шыбық сүйегі; 8´ - бүйір байламы ортан жілік-асықты жілік; 8´´- тобық-асықты жілік байламы


Лабораториялық сабақ № 3
Тақырыбы: Миология. Қаңқа бұлшық еттері дамуының фило-онтогенезі. Бұлшық еттің мүше ретінде сипаттамасы. Бұлшықеттер құрылысы мен қызметі.

1. Бұлшық еттер жүйесін зерттейтін ілімді миология деп атайды. Бұлшық еттер тірек қимыл аппаратының денені немесе жеке бір мүшелерді қимыл - қозғалыстарға келтіретін бөлігі. Бұлшық еттерге тән қасиеттер: жиырылғыштық, серпімділік, тітіркенгіштік, ширығушылық. Бұлшық еттердегі жиырылу процесін белокты жіпшелер миофибриллалар іс жүзіне асырады.
Бұлшық еттер жүйесі жекеленген бұлшық еттерден тұрады. Бұлшық ет құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Ол екі бөліктен, яғни паренхима мен стромадан құралған. Паренхима мүшенің негізгі қызмет атқаратын жұмысшы бөлігі. Демек, бұлшық еттің паренхимасын көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы құрайды. Строма паренхиманы біріктіріп, дәнекерлеп бір тұтас қомақты мүше ететін бұлшық еттің дәнекер ұлпалық бөлігі. Бұлшық еттің сыртқы дәнекер ұлпалық қабығын эпимизий деп атайды. Эпимизийден бұлшық еттің ішіне қарай тарап, ет талшықтары шоғырлар будаларын бір бірінен бөлетін борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды перимизий дейді. Перимизийлер арқылы бұлшық етті қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және оның қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Бұлшық ет шоғырлары будаларын құрайтын ет талшықтарының аралықтарындағы тым жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтарды эндомизий деп атайды. Сонымен бұлшық еттің стромасын эндомизий, перимизий, эпимизий бірігіп құрайды.
Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бұлшық ет мүше ретінде үш бөліктен тұрады. Олар: бұлшық еттің басы, бұлшық еттің құрсағы және бұлшық еттің құйрығы. Бұлшық еттің басы қозғалмайтын сүйектен басталатын сіңір бөлігі. Ал оның құрсағы ет талшықтарынан тұратын бұлшық еттің ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу қызметін атқарады. Бұлшық еттің құйрығы деп, екінші қозғалатын сүйекке аяқталатын оның сіңір бөлігін айтады. Бұлшық ет сіңірлерінің құрылысы да, бұлшық етке ұқсас, яғни паренхима мен стромадан тұрады. Бұлшық ет сіңірі паренхимасын коллаген талшықтарының шоғырлы будалары құрайды.
Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе теңдігін сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп шығару және тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай ақ, олар қанмен келген органикалық қосылыстар құрамындағы химиялық қуаттың 70,0% жылу энергиясына, тек 30,0% ғана механикалық жұмысқа айналдырып, дене қызуын реттеуге қатысады. Бұлшық еттер жануарлар дене массасының жылқыда – 47,7%, сиырда – 42,0 – 47,0 %, ұсақ малдарда – 34,0%, шошқада – 31,0% құрайды. Бұлшық ет құрамының 75,0 % су, 1,0% минеральды тұздар және 24,0% органикалық қосылыстар. Органикалық қосылыстар ішінде: белоктар – 20,2%, майлар – 2,0%, көмрсулар - 0,6%, май тәрізді заттар - 0,8%, азотты экстрактивті заттар – 0,4%. Бұлшық ет түсінің әр түрлі болуы, оның ет талшықтары саркоплазмасындағы темір молекуласымен байланысқан миоглобин белокты пигментінің мөлшеріне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет