Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: 1. 0,85% натрий хлорид ерітіндісі
2. Декстрант-60
3. 0,25% новокаин ерітіндісін
4. Диазепам
5. Натрий оксбутираты
6. Допамин
7. Фентанил
8. Есірткілік аналгетиктер
39. Аяқтың созылмалы ишемиясы. Консервативті емнің принциптері. Хирургиялық емі. Аяқ артерияларының жедел бітелуі (ААЖБ) Аяқ артерияларының жедел бітелуі - жедел артериялық
ишемия синдромына соқтыратын магистральдық (күре) артерия
өзегінде қан ағымының қапыл тоқтауы немесе күрт нашарлауы.
Бұл синдромның негізгі себептері артериялардың
эмболиясы, тромбозы, жіңішкеруі (спазм), қысылуы, жарақаты,
артерия аневризмаларының тромбозы мен жарақаты.
Артериялардың жедел бітелуі аяқ артерияларында, бас ми қан
тамырларында (ишемиялық инсульт), ішкі ағзалар тамырларында
(ішек, бүйрек, талақ т.б. ағзалар инфарктері) кездесуі мүмкін.
Солардың ішінде аяқ артерияларының жедел бітелуінің
жиілігі жоғары. Себептерінің әртүрлілігі, клиникалық ағымының
өзіндік ерекшеліктеріне қарамай, ААЖБ артерияльдық қан
ағымының тоқталуымен немесе өте нашарлауымен айқындалып,
аяқты сақтап қалуға қауіп төндіреді. Жедел артериялық жетіспеушілік ағзалардың жедел ишемиясына соқтырады.
Ишемия - қан келудің азаюына байланысты оттегінің
жеткізілуінің шамасыздығынан дамитын гипоксия салдарынан
ағзалардың тіндерінде (бұл жағдайда аяқтарда) орын алатын
бұзылыстар кешені.
Егер артерия өзегінің өткізгіштігі уақытылы қалыпқа
келтірілмесе, ишемия бұлшық еттердің өліеттенуіне соқтырып,
аяқтың шектелген немесе толықтай гангренасына әкеледі.
Ишемия дәрежесі І дәреже - аяқтың ұюы, ауырғандық, олардың физикалық
жүктемеде күшеюі;
II дәреже - қозғалыстың бұзылыстары:
II А - аяқтың парезі;
II Б - аяқтың параличі;
III В - фасция астылық ісіну, демек бұлшық еттің ісінуі;
III дәреже - тіндердің ауыр ишемиялық бұзылыстары:
III А - шектелген дистальды (шеткі) контрактура;
III Б - аяқтың толық контрактурасы.
III - ишемияның ағымы