Жедел көмек көрсету тактикасы: 1. Асфиксияның алдын алу немесе тыю – ауыз жəне мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту.
2. Көкірек жарақаты анықталғанда асептикалық қорғаныш таңғыш салу.
3. Сынған аймаққа 1% прокаин ерітіндісімен жергілікті жəне паравертебральдық блокада жасау.
4. Қабыртқалардың көптеген сынуы болғанда Вишневский тəсілімен вагосимпатикалық блокада жасау.
5. Алдыңғы «қабыртқалық қақпақша» бар жағдайда (құм салынған дорбашаны) флотацияланған сегменттің үстіне бастырып қою.
6. Ашық пневматоракс бар болса немесе сыртқы қақпақшалы пневматоракс болса герметик таңғыш салу.
7. Сыртқы қақпақшалы жəне ішкі қақпақшалы пневмоторакс болса міндетті түрде плевра қуысын бұғананың ортаңғы сызығы бойынша 2-ші, 3-ші қабыртқааралықта Дюфо тəсілі бойынша 3-4 ине немесе троакар енгізу; иненің бос жағына немесе түтікке резеңке қақпақша бекітіледі.
8. Ауқымды гемоторакс анықталғанда қолтықтың артқы сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралығынан плевра қуысын дренаждау.
9. Ауыру сезімін басу: 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндісімен қоса құю.
10. Қанайналым көлемін толтыру мақсатында көктамырға коллоидты жəне кристаллоидты ерітінділерді құю: егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы минутына 300-500 мл; 1-ші, 2-ші дəрежелі шок болса көктамырға 800-1000 мл-ге дейін полиионды ерітінділер құю; қанайналымның айқын бұзылуы болса көктамырға декстрандарды немесе гидроксиэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерінде, АҚ 90-100 мм.с.б тұрақтанғанша құю.
11. Гемодинамика төменгі көрсеткіш деңгейде болса, регидратацияға қарамай (уақытты ұту үшін жəне жүрек функциясы тоқтауын болдырмау мақсатында) ауруханаға дейін вазопрессорлар жəне глюкокортикоидтар құю керек: допамин 200 мг 400 мл, плазмааламастырғыш ерітінділерді венаға жылдам тамшылатып, преднизолон 300 мг-ға дейін венаға құю керек.
12. Психомоторлық қозу седативті препараттар беру.
13. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекті маска арқылы беру.
14. Көкірекорталық үдемелі эмфиземасында алдыңғы көкірекортаны дренаждау.
15. 3-ші дəрежелі жарақаттық шок, жіті тыныстық жеткіліксіздіктің декомпенсацияланған сатысында, тыныс ырғағы бұзылғанда, апноэ кезінде кеңірдекті интубациялау жəне өкпеге жасанды вентиляция (ӨЖВ) жүргізу.
16. Тиімді қанайналымы тоқтаған жағдайда − ресусситациялық шаралар жасау.
17. Транспорттық иммобилизация (көрсетімдер бойынша).
18. Зардап шегушіні көлденең жатқызып, басын 30 градусқа жоғары көтеріп тасымалдау.