1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


«Айтыс» халық ауыз әдебиетінің көне жанры



бет112/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   148
124. «Айтыс» халық ауыз әдебиетінің көне жанры.

Осы ретте фольклорлық жанрдың табиғатын зерттеуші ғалым С.Қасқабасовтың сөзімен айтсақ: «Сонымен, біздің ойымызша, фольклордағы жанр ұғымын әдебиеттегіден өзгешелеу.

Айтыста театрлық әрі драмалық өнердің басы қосылған, сондықтан айтысты - фольклорлық театр, немесе фольклордың драмалық жанры десе де болады (С.Қасқабасов). 

Айтыстың көркемдік ерекшелігіндегі өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі болып келеді.

Айтыстың жанрлық ерекшелігі - біріншіден, суырыпсалмалық; екіншіден, синкреттілік; үшіншіден, уәж бен дәлелге құрылған тартыс; төртіншіден, айқын эстетикалық қызметінен көрінеді. Сонымен қоса, біздің арнайы сөз еткелі отырғанымыз – айтыс жанрының өзге жанр салаларында көрініс табуы, дамуы, екеуінің айырмашылықтары, ортақ белгілері.

Айтыс табиғи дамуына, тақырыбына, көркемдік ерекшеліктеріне, мақсаты мен міндетіне қарай отандық ғылымда төмендегідей түрлерге жіктеліп келгені әзірге белгілі:

1.Әдет-ғұрып айтысы: Бәдік айтысы,  Өлі мен тірінің айтысы,  Жар-жар, Қыз бен жігіт айтысы (Қайымдасу), Қағысулар үлгісіндегі айтыстар.

2.Ақындар айтысы: Ру айтысы, Жұмбақ айтыс, Дін айтысы, Жазба айтыс, Қазіргі күнгі айтыс (Телевизиялық айтыс).

Әдет-салт айтысы топтық түрде, қандай бір рәсімді атқару мақсатында, жаттанды өлеңді, дағдылы әуенмен жікке бөлінген екі тарап алма-кезек хормен орындау арқылы жүзеге асады.

Салт айтысы көне айтыстың бір түрі. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы және ақындар айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болуы оның салт өлеңі екендігін айқындайды. Қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса береді. Кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады. Қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, негізгі бастамасы болады.

М.Әуезов «Айтыстың бірінші түрі - әдет-салт айтысы. Бұл көпшілік болып, топ-топқа бөлініп айтысу. Екіншісі - ақындар айтысы болады.

Халық ақындарының жіктеуі бойынша, ақындар айтысының барлық тобы, сыртқы көлеміне қарай, түр ерекшелігіне қарай, екі жікке бөлінеді. Бұның біріншісі - түре айтыс, екіншісі - сүре айтыс. Түре айтыс бір-бір ауыз өлеңмен қысқа, шапшаң жауаптасып отыратын, көбінше, ақындармен қатар, жалпы көпшілік қолданатын, жалпылық түр. Сүре айтыс - тек суырыпсалма, өлеңге әбден төселген, ысылған нағыз ақындардың әр кезекте ұзақ сөйлеп, көп жыр төгіп, көсіле жырлайтын түрі болады», - деп жазады.

Бәдік айтысы – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған.

Жұмбақ айтысы – айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінен туған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет