1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Морфологиялық (оның ішінде морфемдік) талдау кезінде есте ұстайтын кейбір грамматикалық заңдылықтар



бет4/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
4. Морфологиялық (оның ішінде морфемдік) талдау кезінде есте ұстайтын кейбір грамматикалық заңдылықтар. Жоғарыдағы әдіс қосымшалардың қай қатарға жататынын (сөз тудырушы немесе сөз түрлендіруші екенін) анықтауға мүмкіндік бергенмен, дәл қай қосымша екенін білуге көмегі жоқ. Сөзге жалғанып тұрған сөз түрлендіруші қосымшаның қай қосымша екенін білу үшін мына заңдылықтарды есте ұстау керек:
1) Сөйлемде қосымша қабылдап, түрленіп қолданылатын, арнайы түрлену жүйесі бар сөз таптары бар, олар – зат есім, сын есім, етістік. Сөйлемде сөз түрлендіруші қосымша қабылдамайтын, түрленбейтін сөз таптары да бар, олар – үстеу (кейбір сапалық үстеулердің шырай тұлғаларын қабылдауын ескермегенде. Мысалы, жоғарырақ, төмендеу, өте ақырын, т.б.), еліктеу сөздер. Ал сын есім, сан есім, есімдіктер жеке өздеріне тән арнайы түрлену жүйесі болмағанмен, зат есімше түрлене алады: көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Бұлардың қатарына дәл осылай түрлене алатын етістіктің есімше, қимыл есімі (тұйық етістік) түрлерін де қосуға болады.
2) Түрленетін сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән сөз түрлендіретін қосымшалары бар. Бұл сөз түрлендіруші морфемалар, көбіне, өзі жалғанатын сөз таптарының әралуан грамматикалық категорияларын қалыптастыратын грамматикалық формалар болып табылады.
3) Бір сөзге бірнеше сөз түрлендіруші қосымша қосылғанда, олардың сөзге жалғану реті, тәртібі бар.
Зат есім – түрленетін сөз табы. Зат есімді түрлендіретін қосымшаларға 1) зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар; 2) жалғаулар: көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жатады. Жалғаулар зат есімнің сан-мөлшер (көптеу), тәуелдеу, септеу категорияларын қалыптастыруға қатысады. Оқушының аталған қосымшалардың дыбыстық тұлғасын жатқа білгені, көптеу, тәуелдеу, септеу үлгілерімен жақсы таныс болғаны абзал; 3) Зат есім баяндауыш қызметінде келгенде жіктік жалғауын да қабылдай алады. Бұл жерде оқушының жіктік жалғау тұлғаларымен, сөздің жіктелу үлгілерімен таныстығы міндетті.
Зат есімге аталған жалғаулар мына ретпен жалғанады: бірінші кезекте – көптік жалғау, екінші кезекте – тәуелдік жалғау, үшінші кезекте септік жалғау жалғанады. Жіктік жалғау баяндауыш қызметіндегі сөздің құрамында ең соңғы орында тұрады.
Сөйлемдегі зат есімнің құрамында аталған қосымшалар жоқ болса, ол сол жалғаулардың бірінің нөлдік тұлғасында жұмсалуы мүмкін, бұл мәселе талдау барысында сөздің грамматикалық мағынасы арқылы, немесе сөздің синтаксистік қызметі арқылы анықталады. Сөзде нөлдік тұлға да жоқ болса, ол түрленбей, түбір қалпында жұмсалған болып саналады. Өйткені зат есім –сөйлемде түрленбей де қолданыла алатын сөз табы
Сын есім (сапалық сын есімдер ғана) шырай тұлғаларымен түрлене алады.
Сөз таптарының ішінде грамматикалық категорияларға ең байы, соның негізінде сөз түрлендіруші қосымшалары да көп, түрлену жүйесі аса күрделісі – етістік. Дегенмен етістікті түрлендіретін қосымшаларды түбірге жалғану реті, тәртібіне қарай төрт қатарға жіктеп алуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет