1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет6/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Талдау сатыларының тапсырмалары. Морфологиялық талдаудың алғашқы сатысы сөздің тұлғасын анықтауға арналады. Сөз тұлғасы дегеніміз не? Бұл туралы № 2 дәрісті қараңыз.

Морфологиялық талдаудың екінші сатысы сөздің құрылысын (кейбір оқулықтарда құрылымын деп те беріліп жүр) анықтауға бағытталады.
Сөз құрылысына қарай дара (жалаң) және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Дара сөздердің қатарына жалаң бір түбірден тұратын (қол, бес, кел, т.б.) және түбір мен сөз тудырушы жұрнақтан тұратын (қыстық, егін, жақсылық, т.б.) туынды сөздер жатады. Бұл қатардағы сөздердің басты белгісі – лексикалық мағынаның берілуіне бір ғана түбір морфема қатысады.
Күрделі сөздерге лексикалық мағынаның берілуіне кемінде екі түбір морфема қатысқан сөз тұлғалары (біріккен сөздер, соның ішінде кіріккен сөздер де, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер, фразеологиялық тіркестер) жатады.
Талдаудың үшінші сатысында сөздің қай сөз табына жататыны айқындалады. Әр сөз табының мүшелерінің бәріне ортақ бір грамматикалық мағынасы, соған орай ортақ сұрақтары болатыны белгілі. Ендеше, сөздің қай сөз табының өкілі екендігін білу үшін оған сұрақ қоямыз. Бұл үшін әр сөз табының сұрақтарын жете білу міндетті. Егер сұрақ қою сөздің қай сөз табына жататынын айқындауда нәтиже бермесе, оның түрлену ерекшелігі, синтаксистік қызметі, лексикалық мағынасы сияқты қырларына үңілеміз. Өйткені сөз сөйлемде басқа сөз табының орнына (субстантивтеніп, адъективтеніп, прономилданып, адвербиалданып) қолданылып тұруы да мүмкін. Семантикалық тәсіл арқылы (сөз мағынасы кеңею, тарылу, ауысу арқылы) жаңа сөз жасалмаса, оның о баста қай сөз табына жатса, сол жазылады. Ал семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз болса, талдауда соңғы мағынасы қай сөз табына жатса, сол жазылады. Мысалы, Жақсының жасылығын айт, нұры тассын деген сөйлемдегі жақсының зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімше түрленіп қолданылған. Алайда ол талдауда заттық мәнде жұмсалған, яғни субстантавтенген сын есім ретінде көрсетілуі керек. Жаратқан жар болсын! дегендегі жаратқан сөзі арғы тегі есімше жұрнағымен түрленген етістік болса да қазір зат есім қатарына жатады.
Талдаудың төртінші сатысында үшінші сатыда қай сөз табына жататыны айқындалған сөздің сол сөз табының қай лексика-грамматикалық тобына кіретіні анықталады.
Зат есім жалпы және жалқы, деректі және дерексіз, адамзат және ғаламзат деген мағыналық топтарға бөлінсе, сын есім - сапалық және қатыстық деген екі топқа; сан есім – есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, болжалдық және топтау сан есімдері деген алты топқа; есімдік – жіктеу, сілтеу, өздік, сұрау, белгісіздік, болымсыздық және жалпылау есімдіктері болып жеті топқа; үстеу – мезгіл, мекен, себеп, мақсат, қимыл-сын (амал), мөлшер үстеулері болып алты топқа; еліктеу сөздер дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш деген екі топқа; шылау жалғаулық, септеулік, демеулік болып үш топқа; одағай да іштей көңіл-күй одағайы, шақыру-жекіру одағайы, тұрмыс-салт одағайлары деген топтарға жіктеліп жүр. Етістікті топтастыруда салттылық-сабақтылық қасиеттерін назарға аламыз.
Сонымен, морфологиялық талдаудың төрт сатысы сөздің лексика-грамматикалық негізіне (түбіріне) қатысты мәселелерді талдап, анықтауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет