Бесінші саты сөздің түрленуерекшеліктерін талдауға бағытталады. Бұл саты өз ішінен бірнеше сатыдан тұрады. Ол сатылардың орындалуы шәкірттердің білім деңгейіне, өтілген тақырыптар көлеміне тікелей байланысты. Жоғары оқу орындарында «Сөзжасам», «Морфология» пәндері өтілгеннен кейін ғана (өтілу барысында), әсіресе, грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория туралы түсініктер берілгеннен кейін, сатыларда көрсетілген тапсырмалардың толық орындалуын талап етуге болады. Бұл тақырыптардан білімі жоқ, мектеп бағдарламасы көлеміндегі білімі бар шәкірттер бұл сатының 5.1 және 5.5 сатыларының тапсырмаларын орындай алады. Егер оқытушы (мұғалім) қажет деп тапса, басқа да сатылардың тапсырмаларын орындауға бере алады.
Бесінші сатының тапсырмалары бір-бірімен өзара тығыз байланысты бес сатыға жіктеледі:
сатысында сөйлемде қолданылған сөздің құрамында бар сөз түрлендіруші морфемалар анықталады;
сатысында сөздің түрлену тәсілі айтылады;
сатысында сол сөз түрлендіруші морфемалардың грамматикалық мағыналары айқындалады;
сатысында олардың (сөз түрлендіруші форма мен оның грамматикалық мағынасының) қай сөз табының қандай грамматикалық категориясына жататыны айқындалады;
сөз түрлендіруші форманың (бар болса) синтаксистік қызметі тексеріледі. Бұл сатының өзі іштей екі сатыға бөлінеді:
5.5.1 сөз түрлендіруші тұлғаның (қосымша немесе көмекші сөз) өзі жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа сөзбен байланыстыруға қатысытексеріледі;
5.5.2 сөз түрлендіруші тұлғаның өзі жалғанған сөзді сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметіне қоюға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі.
7. Сөз түрлендіруші морфологиялық тұлғалар туралы. Грамматикалық оқулықтар мен әдебиеттерде сөздің түрлену тәсілінің екі түрі болатыны көрсетіліп жүр. Олар – синтетикалық (немесе морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер.