1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет5/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Бірінші қатарды етістік түбірге алдымен жалғанатын етіс жұрнақтары құрайды. Етіс жұрнақтары бірінің үстіне бірі жалғана алады.
Екінші қатарда етістікке етіс жұрнақтарынан кейінгі кезекте (-ңқыра, -іңкіре күшейтпелі етістік жұрнағы деп танылатын қосымшаны және қимылдың өту кезеңдері мен амалдарын білдіретін аналитикалық форманттарды есепке алмағанда) болымсыз етістік жұрнағы тұрады.
Үшінші қатарды кейде етістікке тікелей қосылатын, кейде етістікке етіс немесе болымсыз етістік жұрнағының бірінен кейін қосылатын есімше, көсемше, тұйық етістік (қимыл есімі), шақ, рай қосымшалары құрайды. Етістік сөйлемде қолданылғанда осы қатардағы қосымшалардың тек біреуін ғана қабылдайды және бұл қатардағы қосымшалардың бірінсіз сөйлемде қолданылмайды.
Төртінші қатарда етістік тиянақты баяндауыш мүше қызметінде жұмсалғанда, үшінші қатардағы қосымшалардың бірінен кейін қосылатын жіктік жалғау тұрады. Жіктік жалғау бұйрық рай мағынасын бергенде етістіктің негізіне тікелей қосылады, сондай-ақ қалып етістіктері де ашық рай (осы шақ) мағыналары бар болғандықтан, жіктік жалғауын тікелей қабылдай алады.
Морфемдік талдау жасау үшін қажетті жоғарыда айтылған білім көлемін меңгерген, тілдің грамматикалық құрылымындағы заңдылықтарды жақсы білетін оқушыға морфологиялық талдаудың сатыларындағы, сондай-ақ синтаксистік талдаулардың сатыларындағы тапсырмаларды орындау көп қиындық туғызбайды.

  1. Түрленуші мен түрлендіруші бөліктерді айқындау. Морфологиялық талдаудың сатылары сөздің грамматикалық сипатының әр қырына арналған тапсырмаларды орындауға бағытталады. Әр саты әртүрлі мәселені анықтауға арналғанмен, сатылардың жиынтығы сөздің морфологиялық қасиеттері туралы түсініктерді бір жерге шоғырландырып, тілдің грамматикалық сипаты туралы тұтас түсініктің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ келесі сатыға өтпес бұрын сөздің түрленуші бөлігін оны түрлендіруші(лер)ден таяқша (/) таңбасымен бөліп алғанымыз орынды. Бұл әрекет таңбаның қай жағындағы бөлік талдаудың қай сатысында сөз болуымен байланысты. Түрленуші бөлік дегеніміз – сөйлемге дербес лексикалық мағынасымен қатысып тұрған тұлғасына қарай негізгі түбір (мысалы, ән/нің,), туынды (мысалы, әнші/нің, жаздағы/, ойла/ған, т.б. ) , біріккен сөз (мысалы, Айнұр/дың), тіркесті сөз (жирен қасқа/, он екі/ге, мұрты бұзыл/май, т.б.) немесе қос сөздер (ата-ана/ны) болып жіктелетін грамматикалық тұлғалар. Мысалдардағы таяқша (/) таңбаның сол жағындағы бөлігі (ән/, әнші/, т.б.) – сөйлемге лексикалық мағынасымен қатысқан сөздің атауыштық негізі, олардаң морфологиялық қырлары сатылай талдаудың І, ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү сатыларында қарастырылады, ал таяқшаның оң жағындағы бөлігісөзді түрлендірушілер, яғни жоғарыдағы сатылар арқылы анықталған белгілі бір сөз табына жататын сөзге әрқилы грамматикалық мағына үстейтін тұлғалар, санының нешеу екендігіне қарамастан, сөзге үстейтін мағынасына орай топтастырылып, жіктеліп, талдаудың 5.1, 5.2, 5.3, 5.4, 5.5.1, 5.5.2 сатыларында жеке-жеке сөз болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет