1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Тақырып: Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі туралы түсінік



бет49/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Тақырып: Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Сабақтың мазмұны:

  1. Синтаксис, оның зерттеу объектілері туралы түсінік;

  2. Синтаксистік байланыс;

  3. Синтаксистік байланыстың тәсілдері;

  4. Синтаксистік байланыстың түрлері;

  5. Синтаксистік қатынас;

  6. Сөз тіркесі, оның түрлері.


Сабақ мақсаты:
Синтаксис, оның зерттеу объектілері туралы түсінік беру, синтаксистік байланыс және синтаксистік қатынас туралы түсінік қалыптастыру. Синтаксистік байланыстың тәсілдері мен түрлері туралы білімдерін жүйелеу. Сөз тіркесі, оның түрлері туралы түсінікті кеңейту.


Теориялық бөлім
Синтаксис, оның зерттеу объектілері туралы түсінік. Синтаксис термині қазіргі тіл білімінде екі түрлі мақсатта жұмсалады: біріншіден, синтаксис – коммуникативтік мақсатта жұмсалған тілдің тұлға-бірліктері, екіншіден, синтаксис – коммуникативтік мақсатта жұмсалған тілдің тұлға-бірліктерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы, грамматиканың бір бөлімі.
Тілдің коммуникативтік мақсатта жұмсалатын тұлға-бірліктері өз алдына бір жүйені құрайды, ол жүйені тілдің синтаксистік жүйесі деп атаймыз.
Синтаксис грек тілінен аударғанда, байланыс, құрастыру дегенді білдіреді. Синтаксистің негізгі бірлігі – сөйлем. Сөйлемге сөйлем – ойды білдіре алатын тілдің бірлігі деп анықтама береміз. Ендеше тіл білімінің синтаксис саласы сөйлемдегі сөздердің, жеке-жеке сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен сөйлемнің құралу жүйесін қарастырады. Сөйлемдегі сөздер тілдік заңдар (синтаксистік заңдар) бойынша бір-бірімен байланыса келіп, сөйлемді құрайды.
Сөйлем ойды білдірсе, ой құрамына қарай жалаң ой және күрделі ой болып болып ажыратылады. Соған орай сөйлемдер де жалаң ойды немесе күрделі ойды білдіруіне қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлемдер болып бөлінеді. Құрмалас сөйлем жалаң ойды білдіретін жай сөйлемдердің синтакситік амал-тәсілдер арқылы байланысуынан қалыптасады. Бұл амал-тәсілдердің өз жүйесі бар.
Сөйлеуші белгілі бір жағдайды, оқиғаны баяндаған кезде ойдың желісі жүйелі болу үшін сол жағдайға, оқиғаға қатысты бір ұғымды қазық етіп алып, жағдай, оқиғаның элементтерін (компоненттерін), бөліктерін жеке-жеке ой ретінде таратады. Ол бөліктердің саны жағдай, оқиғаның көлеміне байланысты әр түрлі бола береді. Сөйтіп бір ұғымды тірек, қазық еткен көлемді ой желісі құралады. Бір ой желісі өз ішінен бірнеше желіге бөлініп кетуі мүмкін немесе бірнеше ой желісі бір-бірімен байланыса келе одан көлемді желіге айналуы мүмкін. Соған орай мәтінді құрайтын, ой желісінің бөліктерін атайтын сөйлемдер де бір-бірімен байланысып жатады. Бір немесе бірнеше ой желісінен тұратын ой бірлігін таныту үшін жазуда мәтін, жаңа жол (абзац) деген терминдер пайдаланылып жүр.
Сөйтіп синтаксис ғылымы синтаксистік жүйенің қай мәселесін қарастыратынына қарай үшке бөлінеді:

  1. Сөз тіркесі синтаксисі;

  2. Сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисі өз ішінен жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді;

  3. Мәтін синтаксисі.

Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі бірлігі – сөз тіркесі. Зерттеу объектісі – сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысу заңдылықтары, амал-тәсілдері, түрлері, байланысқан сөздердің мағыналық қарым-қатынастары; сөз тіркесінің ерекшеліктері, түрлері.
Жай сөйлем синтаксисінің негізгі бірлігі – жай сөйлем. Қарастыратын мәселелері – жай сөйлемнің жасалу жолдары, жай сөйлемді құрастырушы бөліктердің (сөйлем мүшелерінің) қызметтері мен жасалу жолдары, жай сөйлемнің мағыналық-өқұрылымдық түрлері.
Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі бірлігі – құрмалас сөйлем. Қарастыратын мәселелері – құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амал-тәсілдері, мағыналық қарым-қатынастары; құрмалас сөйлемнің мағыналық-құрылымдық түрлері.
Мәтін синтаксисінің негізгі бірлігі – күрделі синтаксистік тұтастық (синтаксистік шалым). Зерттеу объектісі – күрделі синтаксистік тұтастық құрамындағы сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық, тұлғалық байланыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет