1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Синтаксистік байланыс туралы түсінік



бет50/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Синтаксистік байланыс туралы түсінік. «Сөйлем – ойды білдіреді, сөзден құралады» деген тұжырыммен өткен сабақтан таныспыз. Сөйлемнің құрамындағы сөздер бір-бірімен өзара синтаксистік заңдар бойынша байланыспаса, сөйлем де қалыптаспайды, ой да берілмейді. Ендеше сөйлем құрамына енетін сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыста болады.
Синтаксистік байланыс дегеніміз – синтаксистік компоненттердің бір-бірімен мағыналық және тұлғалық жақтарынан сәйкесіп, үйлесімге келуі.
Синтаксистік байланысқа түсетін сыңарларды синтаксистік компоненттер деп атаймыз. Байланыс әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктер арасында орын ала береді. Егер сөйлем құрамындағы сөздер (сөздердің түрленген тұлғалары) байланысып, компонент болса, құрмалас сөйлемдерде компонент болатындар – оның құрамына енген жай сөйлемдер.
Синтаксистік байланыс байланыстың сөздердің арасында орнау сипаты және компоненттерінің мағыналық, тұлғалық қарым-қатынасына қарай салалас және сабақтас байланыстар болып екіге бөлінеді.
Мағыналық жақтан өзара тең дәрежелі, тұлғалық жақтан бірі екіншісіне тәуелді болмайтын компоненттер арасындағы байланыстың түрін салалас байланыс дейміз.
Мағыналық жақтан бірі екіншісін сипаттай (анықтай, пысықтай, толықтай, баяндай, айқындай, т.б.) келген, тұлғалық жақтан бірі екіншісіне тәуелді компоненттер арасындағы байланысты сабақтас байланыс дейміз.
Сабақтас байланыс басыңқы және бағыныңқы компоненттерден тұрады.
Басыңқы компонент – қалыптасатын синтаксистік бірлікке (құрылымға: сөз тіркесі, сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, т.б.) ұйтқы, тірек болатын компонент.
Бағыныңқы – басыңқы компонентті мағыналық жақтан сипаттай келетін, тұлғалық жақтан басыңқыға тәуелді болатын компонент.
Синтаксистік байланыстың тәсілдері. Сөйлем құрамындағы сөздердің бір-бірімен синтаксистік байланыс орнатуына себеп, дәнекер болатын амалдарды байланыстың тәсілдері деп жүрміз. Қазақ тілінде байланыстың төрт тәсілі бар екендігі белгілі Олар: 1. Қосымша немесе жалғаулар арқылы байланыс; 2. Шылаулар арқылы байланыс; 3. Орын тәртібі арқылы байланыс; 4. Интонация арқылы байланыс.
Сөйлемдегі сөздердің байланыс тәсілдерін синтетикалық тәсіл (қосымшалар арқылы орнаған байланыстар) және аналитикалық тәсіл (орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы болған байланыстар) деп бөлу де бар. Сонымен қатар үйге дейін жүгірді үлгісіндегі тіркестерді септік жалғау мен септеулік шылау болғандықтан, синтетика-аналитикалық тәсіл ретінде көрсетушілер де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет