1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



бет51/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Синтаксистік байланыстың түрлері. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыс орнату тәсілдері негізінде байланыс түрлері (формалары) анықталады. Қазақ тілінде байланыстың бес түрі бар екені көрсетіліп жүр: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Бұлардың үшеуі: қиысу, матасу, меңгеру қосымша, оның ішінде жалғаулар арқылы қалыптасатын байланыс түрлері, қабысу мен жанасу орын тәртібі тәсілі арқылы жүзеге асатын байланыс. Сонда шылау арқылы, оның ішінде септеулік шылау арқылы байланыстарды, сондай-ақ (егер бөлек байланыс тәсілі ретінде танитын болсақ) интонация арқылы байланыстарды байланыстың қай түріне жатқызу керек деген сұрақтар туындайды.
(Бастауыш қызметіндегі) бірінші сыңары екіншісімен атау септігі арқылы байланысатын, (баяндауыш қызметіндегі) екінші компонент біріншімен жіктік жалғауы арқылы байланысатын екі жақты байланыс түрін – қиысу деп атаймыз.
Сөйлемдегі сөздердің бірінің ілік септігінде, екіншісінің тәуелдік жалғауында келіп анықтауыштық қатынастағы байланысы – матасу деп аталады.
Меңгеру дегеніміз – байланыстың бір жақты септік жалғаулары және септеулік шылаулар арқылы жүзеге асқан түрі.
Сөйлемдегі сөздердің іргелес орын тәртібі арқылы байланысы – қабысу деп танылып жүр.
Жанасу байланысы байланыстың жеке бір түрі ме, әлде М. Балақаев өзі көрсеткендей «жанасу – алшақ қабысу», яғни, қабысудың ерекше бір түрі ме?
Қабысудан айырмашылығы ретінде жанасуда байланысқа түсетін сөздер сөйлемде бірде іргелес, бірде алшақ орналаса алатыны ғана көрсетіледі.
Синтаксистік қатынас туралы түсінік. Сөздердің арасында синтаксистік байланыс орын алған жерде синтаксистік қатынас та орын алады. Синтаксистік қатынас дегеніміз – синтаксистік байланыстың мазмұны. Байланыс орнаған жерде компоненттер арасында мағыналық қарым-қатынас та орнайды. Мысалы, тоғайға бару тіркесінде байланыс зат есім мен етістіктің арасында барыс септігі арқылы орнаған. Байланыс меңгерудің қатарына жатады. Бұл – байланыстың тұлғалық жағына қатысты ерекшеліктер. Енді осы байланыс арқылы пайда болған сөздердің қарым-қатынасына келсек, бағыныңқы басыңқыдағы қимылдың нақты бағытын білдірген. Бұл – байланыстың мағыналық жағы. Синтаксистік қатынас деп отырғанымыз да осы – байланыстың мағыналық жағы.
Сөйлемдегі сабақтаса байланысқан сөздер арасындағы синтаксистік қатынастар предикаттық қатынас және предикаттық емес қатынастар болып екіге бөлінеді. Предикаттық емес қатынастарға анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық және айқындауыштық қатынастар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет