5.Гемокапиллярлар. Құрылысы. Капиллярлардың жіктелуі, құрылысы. Капиллярлардың ағзалық ерекшеліктері. Жалпы капиллярлар ағзада көп кездесетін қантамырлар болып табылады. Капиллярлар диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі.Капиллярлар - біздің ұлпалар мен мүшелердің барлығына енетін ең кіші қан тамырлары. Капиллярлар - адам ағзасындағы ең жіңішке тамырлар. Олар жүрек, артериялар, артериолалар, веналар мен венулалармен бірге қанайналым жүйесінің бөлігі болып табылады. Біздің денеміздің барлық мүшелері мен тіндерінде капиллярлар өрмек тәрізді қан торларын құрайды, диаметрі 4,5 - ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде , өкпеде , ал одан кейірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады .
Капилляр ағзада құрылысына қарай үшке жіктей аламыз:
фенестрлі капилляр- бұлар терезе тәрізді болып келеді.Себебі ,эндотелийі жұқа болып табылады.Жалпы капиллярдың бұл түрі бүйрек шумақтарында ішектің бүрлерінде ішкі секреция бездерде кездеседі.
Екінші соматикалық.Бұл капиллярдың түрі тері,бұлшықетте және жұлын мен мида кездеседі.
Үшінші синусоидты. Бұлардың кабырғасында саңылау бар. Бұл жалпы сүйек кемігінде бауыр және көк бауырда кездесетінін ескерген жөн.
Жалпы капиллярдың қабырғасында өте жұқа үш қабаты бар:
ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелийі.Қызметі: транспорттық, яғни қан мен тін арасында заттарды тасымалдау.Гемостатистикалық-қан ұюына қатысады.Вазоматорлы- тамырлардың тонусын реттейді, яғни тамырды тарылтып кеңейтетін заттарды бөледі.Рецепторлық-адгезияны қамтамасыз етеді.Секреторлы- қан түзу,қабынуды реттейтін өсу факторлары, цитокиндерді өндіруге қатысады. Эндотелиоциттер мен миоциттер арасында ерекше жасуша перициттер бар. Эндотелиоцит құрамында таяқшалы ерекше құрылыс Вейбел-Паладе денешіктері анықталған, онда 8 қан ұю факторы бар.
Ортаңғы қабаты перициттер ,бұл да базальді мембранаға енгізілген .Бұлардың қызметі капиллярдың диаметрін реттейді, моциттер дамиды, капиллярдың қайта қалыпқа келтіреді және де базальді мембрана құрамында компонент синтездейді әрі фагоцитоз қызметін атқарады.
Келесі сыртқы қабаты- аморфты затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады .Бұл қан капиллярларын жінеде тін мен қан арасында зат алмасуды реттеп отырады.