1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы


Жүрек. Жүректің жалпы морфофункциялық құрылысы



бет13/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
7. Жүрек. Жүректің жалпы морфофункциялық құрылысы.
Эмбриональді дамуы және шығу көздері. Жүрек қабырғасының тіндік құрамы және құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы.
Жалпы жүрек-қантамырлар жүйесі дегеніміз- қанды ағзаларға жеткізу мен үлестіру , қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттеу әрі қан толуды реттей отырып т.б. маңызды қыметтерді орындайды. Егер жүрекқантамырлар жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметінің бұзылыстары байқалса, адамда күрделі потологиялар пайда болады.Мысалаы, миокард инфарктісі,жүрек ақауы, атеросклероз, гипертоникалық ауру. Ал,бұларды, алдын алу үшін жүректің құрылыс-қызметін білу маңызды болып табылады. Жүрек, cor-өзінің ырғақты жиырылуы нәтижесінде қанды қозғалысқа келтіріп отыратын қуысты,бұлшықетті мүше.Жүрек біздің
моторымыз.Яғни,организмді қозғалысқа келтіріп отырады.Ал, қозғалысқа келмесе организм өзінің жұмысын толықтай тоқтатады.
Келесі функциясы –қанды айдайтын насос.Артериялық қан қысымын сақтайды АҚҚ;эндокринді қызметі НУФ-гормондарды синтездейтін натрийуретикалық факторды бөледі;информациялық қызметі-яғни ,зат алмасу процесінің өзгеруімен АҚҚ-параметрінің өзгеріп отыруынан хабар береді.
Жүректің дамуы. Жүректің алғашқы бастамасы ұрықтық дамудың 3-ші аптаның басында пайда болады, ұрықтың бас бӛлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл жасушалар мезодерманың висцеральді жапырақшаның астында орналасқан. Кейінрек бұл жасушалар весциральді жапырақшамен бірге қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады. Одан кейін пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард дамиды. Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральді жапырақшаларының аймағы миоэпикардиальді пластинкалар деп аталады.
Эндокард, жүректін дәнекер тіні, соның ішінде тамырлар – шығу тегі мезенхимді болып табылады. Миокард және эпикард мезодермадан, дәлірек айтқанда – спланхнотомның висцеральді жапырақшасы, яғни миоэпикардиальді пластинкалардан дамиды

Жүректің бұлшықет тіні ерекше жасушалар–


кардиомициттерден тұрады. Кез келген қабатты ағза секілді, жүрек қабырғасы да қабықшалардан тұрады: ішкі қабықша немесе эндокард, ортаңғы қабықша немесе миокард, сыртқы қабықша немесе эпикард.
Эндокард, жүректін дәнекер тіні әрі ішкі қабығы. Соның ішінде тамырлар шығу тегі- мезенхимді болып табылады.Қалыңдығы бойынша әр түрлі болып келеді.Мысалы,жүректің сол жақ камераларында ,әсіресе қарынша аралалық бөліктерде,аорта мен өкпе артериясының байланысар жерінде қалың болады.Ал,сіңірлік жіпшелерде жұқа болып келеді.Эндокард қоректенуі – диффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік заттарды алу арқылы жүзеге асады. Эндокард 4 қабаттан тұрады:
эндотелий -базальді мембранада орналасқан эндотелиальді, полигональді жасушалар;
субэндотелиальді қабат –аз маманданған жасушалары бар борпылдақ талшықты дәнекер тіні;
бұлшықетті-эластикалық қабат-мұнда эластикалық талшықтар тегіс миоцит жасушалармен қиылыса орналасады;
сыртқы дәнекер тіндік қабат -құрамында ірі эластикалық, коллагенді және ретикулярлы талшықтары, тамырлары бар дәнекер тіннен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет