(Морфологиялық (синтетикалық )тәсіл арқылы жасалған сөздер:
Атшы, басшы, жақсылық, үлкендік, егін, сауын, атшылық, жасандылық, суық, егінші, диқаншылық, оқутушы, оқулық, оқырман, сөздік, жайраңда, өндіріс, өнім, түрленген, табиғи, мінездеме, құрама, хабарлама, сәулетші
Синтаксистік(аналитикалық) тәсіл арқылы жасалған сөздер:
Ата-ана, көйлек-көншек, кір-қоң, қара ала, қара торы, киікоті, алабота, Ақмарал, Жанбөпе, шаңсорғыш, баспасөз, алты- жеті, мал-жан, бала- шаға, сөзжасам,теңқиық, бірлі-жарым, амал-тәсіл, оқу құралы, Ұмай ана, жазғытұры, пернетақта, ғаламтор, қатты диск
Морфологиялық-синтаксистік тәсіл арқылы жасалған сөздер:
Бас-басына, өз-өзінен, кемпірқосақтан, айтыс, үш бұрыш, көбейту, нарық, көбейту, бүлдірген, ағарған, қорған, екпін, тіл білімі, суреттеу, қозғалыс, әңгіме, мағына, аузы-аузына)
Сөз формалары деген ұғымға сөздің барлық формалары енеді. Осылардың арқасында нөлдік формалы түбірлер ғана (жалаң түрі де ,күрделі түрі де) сөздіктерде енгізіледі. Сөздердің сөздіктерге енген формалары кейбір ғылыми еңбектерде сөзформа делініп жүр. Оны бір сөздік форма деп атадық.
Сөз мазмұны тіркесі ғылыми әдебиттерде көп қолданыла бермейді. Оның орнына сөз семантикасы термині жұмсалады. Ол- сөздің лексикалық, логикалық-семантикалық, грамматикалық мағыналарының жиынтығы ретінде түсініледі. Сөздің жеке тұрғандығы, тілдік жүйедегі, синтаксистік қолданыс кезіндегі барлық ашық, жасырын мағыналарының , мән-реңктерінің бүкіл жиынтығын сөз мазмұны деп атаса оғаштық жоқ. Әр сөздің мән мазмұны арнайы зерттеулер жүргізілгенде ғана ашылады.
23. Сөз мағынасының ауысуына тоқталыңыз. Метафора деген не? Жасалу жолдарына мысал келтіріңіз.
Мына дүниедегі зат пен құбылыстың бейнесі ұғым арқылы нақтыланады. Зат пен құбылыс болмаған жерде ұғым да болмайды, ал ұғым жоқ жерде сөз де болмайды. Жаопы, сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен бояуы болуы шарт. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де , ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөз мағынасының өзгеруіне ішуі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер етеді. Сөз мағынасының ішкі , яғни лингвистикалық өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен мағыналарға да сондай әсер етуі ықтимал. Бұлар бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асады. Қазақ тіліндегі жаңа мағыналардың даму жолдары метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы келіп щыққан.
Жаңа мағыналардың дамуына әсер ететін метафоралық тәсілге тоқталатын болсақ...Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолдануын метафора дейміз. Тіл білімінде бұл заңдылықты кейде ұқсату заңы деп те атайды. Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай: тілдік, тұрақты метафора, жеке қолданыстағы метафора болып үшке бөлінеді.
Тілдік метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тіліміздегі көп мағыналы сөздердің бірқыдыруы осы тәсіл арқылы жүзеге асқан. Тілдік метафораның жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те жұмсалады. Бәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде мынадай көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жануардың жүріп-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан кейін стол мен орындық тәрізді жансыз заттардың төрт таған тіреуішін де аяқ деп ұқсастырып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне қарай (ауылдың басы, әңгіменің аяғы, кітаптың басы) үшінші мағына пайда болған. Кейінгі кезде жаңа техникалық тұрмысқа кеңінен енуімен байланысты, екі аяқты велосипед, үш аяқты мотоцикл деп те аяқ сөзіне жаңа мағына қосып айтатын болдық. Сөздің мағына жақтан қорланып дамуытосы тәрізді жаңа сапа элементтерінің біртіндеп молаюы арқылы іске асады.
Сөз біткеннің бәрі метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жасай алмайды, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, сапа мен белгілерін білдіретін сөздер ғана жасайды. Бұлар сөзге нақтылы мағына қосып, семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Мүше деген сөздің ең алғашқы мағынасы жануарлардың анатомиялық денелерінің жеке-жеке атауларын білдіру болған. Дәулет құсын бауыздап, аспазшы қатынның қолына берді де: бір мүшесін қалдырмай ас деді. Мұнан соң мүше сөзі сый ретінде біреуге берілетін белгілі үлес, сыбаға мағынасын білдірген. Батырдан сауға, мергеннен мүше деген. Онан соң революциядан кейінгі кезеңде белгілі ұйымға кірген адамды мүше деп айтатын болдвқ. Мысалы: Абылқан колхозға мүше болып кірді. Әуезқан партияның мүшелігіне өтті. Хамит Жоғарғы Советтің мүшесі болып сайланды. Сонымен бірге қазақ тілі білімінде сөйлем мүшесі, үйірлі мүше, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, айқындауыш мүше деген толып жатқан терминдік мағыналар пайда болды.
Жұғу деген сөздің лексикалық тура мағынасы бір заттың екінші затқа тиюі арқылы бір біріне жабысуы деп (үстіме күйе жұқты, киімге шаң жұқты, қолыма май жұқты) түсінсек, онан кейін аурудың біреуден біреуге тарауын, ауысуын (сынықтан басқасының бәрі жұғады) білдірген. Мұнан соң біреудің жақсылы-жаманды мінез-құдқы, өнері, әдеті, қылығы өзге бір адамнан да ұқсатып табылуын айтқан. «Тұқымынан дуана көп шығып еді, жұққан екен».
Бір затқа, құбылысқа тән қанша қасиет, неше ерекше белгі болса, соларды ұқсастырып айтудан бір сөз арқылы бірнеше ұғымды танып білуге болады. Мәселен, қалың деген сапалық ұғымды білдіріретін сын есімнен мынадай ерекше белгілер аңғарылады: Қалың нәрсе жуан болады, оның үстіне ол тығыз, әрі жиі, көп боп келеді. Бір сөздің бойына сыйған осыншалық ерекшеліктердің әрқайсысы сөйлемде жеке-жеке дербес мағына тудырып, сараланып көрінеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |