1 Пәні: Бизнесті бағалау Оқытушы: Турысбекова Р. К


-бап. Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары



бет14/30
Дата22.05.2023
өлшемі0,75 Mb.
#95689
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
3-бап. Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары
Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) дұрыстық;
4) тәуелсіздік;
5) құпиялылық болып табылады.
4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері
1. Бағалау ұйымдары бағалау қызметінің субъектілері болып табылады.
2. Бағалау ұйымдары Қазақстан Республикасының рұқсат беру және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензия негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.
3. Бағалау ұйымы аумақтық бағалаушылар палатасының бірінің мүшесі болуға тиіс.
4. Бағалау ұйымы басшысының «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлігінің болуы міндетті.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған, бағалау ұйымын бұрын басқарған бағалаушы соттың лицензиядан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде басқа бағалау ұйымының басшысы бола алмайды.
6. Бағалау ұйымының филиалын, өкілдігін құрған жағдайда бағалау ұйымының филиалы, өкілдігі басшысының «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлігінің болуы міндетті.
5-бап. Бағалау объектілері
Бағалау объектілеріне:
1) жекелеген материалдық объектілер (заттар), оның ішінде қараусыз қалған, иесіз мүліктер;
2) тұлғаның мүлкін, оның ішінде мүліктің белгілі бір түрін (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттардың жиынтығы;
3) меншік құқығы және мүлікке немесе мүліктің құрамындағы жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар;
4) талап ету құқығы, міндеттемелер (борыштар);
5) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;
6) зияткерлік меншік құқығының объектілері;
7) азаматтық құқықтардың өзге де объектілері жатады.
6-бап. Бағалау түрлері
1. Міндетті және бастамашылық бағалау бағалау түрлері болып табылады;
2. Міндетті бағалау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілеріне салық салу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтарының жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау;
2) жекешелендіру, сенімгерлік басқаруға не жалға (кейіннен сатып алатын жалға) беру үшін;
3) ипотекалық қарыз беру кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті өткізу қажет болған кезде ипотекалық кредит беру үшін;
4) меншік иесінен мүлікті мемлекеттік қажеттіліктерге сатып алу және алып қою үшін;
5) борышкер немесе өндіріп алушы сот орындаушысы жүргізген
бағалауға қарсылық білдірген жағдайда борышкер мүлкінің құнын айқындау үшін;
6) мемлекеттік меншікке түскен мүлік құнын айқындау үшін;
7) өзге де жағдайларда жүргізіледі.
3. Бастамашылық бағалау тапсырыс берушінің кез келген бағалау объектісіне бағалау ұйымының осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бағалау жүргізуі жөнінде ерік білдіруі негізінде жүргізіледі.
Бағалау объектісіне бағалау жүргізу құқығы міндетті құқық болып табылады.
Осы құқық бағалау объектісіне қайтадан бағалау жүргізуге де қолданылады.
Ескерту. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған мүлкін салық салу үшін бағалау жөнінде қызмет көрсетулерге тапсырыс беруші болып табылады.



20
20




3

Ситуациялық есеп:
Кәсiпорынды бағалау баланстың мынадай деректерiмен жүзеге асырылады: негiзгi құралдар - 5000000 теңге.
шикізат қоры – 40000 теңге;
материалдық емес активтер – 30000 теңге;
дебиторлық берешек - 20000 теңге;
қолма-қол ақша – 10000 теңге;
қарыз міндеттемелері – 80000 мың теңге.
Бағалаушының пікірі бойынша негізгі қорлар 10%-ға қымбат; мүкәммалдың 30%-ы ескірген және баланстық құнның 60%-ына сатылуы мүмкін; материалдық емес активтер 20%-ға арзан; Дебиторлық берешектiң 40%-ы жиналмайды. Қолма-қол ақша және борыштық міндеттемелер бойынша түзету жүргізілмейді,Кәсіпорынның құнын таза активтер әдісімен анықтаңыз.
Шешуі:
Активтердің нарықтық құны= 500000×1,1 + 40000 × 0,3 × 0,6 + 40000× 0,7 + 30000×(1-0,2) +20000×(1-0,4) + 10000 = 631200
Кәсіпорынның нарықтық құны = 631200-80000 = 551200

45





БББ жетекшісі _________ Г.Тулешова


9Пәні: Бизнесті бағалау
Оқытушы: Турысбекова Р.К



Жоқ

Сұрақтар/Тапсырмалар

Нүкте

Ұпай саны

1

Тест сұрақтар:
1. Балансты немесе бухгалтерлік есепті бағалау жағдайында компанияның активтері мыналарға тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет