Қалыпты артериялық қысымды ұстау механизмі: Гомеостаздың күрделі механизмдерінің бірі болып саналады. Систолалық артериялық қысым қан тамырлардың баррорецепторларының функционалдық дәрежесінен (Қан қысымының өзгерістеріне жауап беретн нерв клеткалырынан), ал диастолалық артериялық қысым организмнің қанмен қамтамасыз етілу қажеттілігінен тәуелді.
Гомеостатикалық механизмдері:Бұл механизмдерге организмнің тұрақты температураны регуляциялау процесстеріжатады, қоршаған ортада үлен өзгерістер болғанымен осы механизм әсерінен организм ішіндегі температура айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.
Иммунологиялық механизмдер:Иммунологиялық система иммунологиялық системаны қамтамасыз етеді, бұл система бөгде ағзалардын адам организміне енуінен қорғайды.
Вегетативті жүйе механизмдері:Вегетативті жүйе де гомеостазды тұрақты сақтауға қатысады, организмді түрлі сыртқы әсерлерден қорғады, мысалы, стресстерден.
4 сурак Жасушадан заттарды қабылдау және шығару әдістері: эндо-және экзоцитоз, пиноцитоз, фагоцитоз.
Эндоцитоз (endocytosis, грек, endon ішкі, kytos жасуша) жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы өту процесі. эндоцитоз кезінде плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле еніп, әртүрлі мөлшердегі ойықтар жасайды. Ойықтар қармаған заттарымен бірге жасуша плазмолеммасымен цитоплазмаға қарай тартылып үзіледі де, көпіршіктерге (вакуольдерге) айналады. Жасушаға қармалған заттардың табиғатына байланысты эндоцитоз: фагоцитоз және пиноцитоз болып екіге бөлінеді. Фагоцитоз — тығыз қатты заттардың жасуша цитоплазмасына қабылданып, лизосомалар гидролазаларының көмегімен қорытылу процесі. Пиноцитоз жасушаның заттарды сұйық ерітінді түрінде ішу процесі. Жұтылатын пиноцитозды көпіршіктердің мөлшеріне байланысты олар: макропиноцитоз және микропиноцитоз деп аталады.
Экзоцитоз (exocytos, грек, exos сыртқа, тысқары, kytos – жасуша) – заттардың жасушалардан сыртқа шығарылу процесі. Экзоцитоз кезінде жасуша цитоплазмасындағы әртүрлі протеин молекулалары, мукополисахарид немесе май тамшылары, ферменттер және т.б. заттар көпіршіктер түрінде жасуша плазмолеммасымен қапталып, жасушадан сыртқа шығарылады. Экзоцитоз процесінің іске асуына цитоплазмадағы микротүтікшелер мен жиырылғыш микрофиламенттер қатысады