1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Сапа сыны мен қатыстық сын



бет35/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Сапа сыны мен қатыстық сын
Шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. Мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен.
Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалпақты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет).
50-жаттығу. Сапа сынының астын бір, қатыстық сынының астын екі сызыңыздар.
1. Мен сені ақ көңіл жайдары жігіт пе деп ойлайтын ем. 2. Ортарақ кезде ұшын қырыққан дөңгелек ақ сақалды, ала шапанды, сәлделі бір жат адам отыр екен. 3. Басы күндегідей ыстық емес, қодыр салқын. 4. Міне, декабрьдегі осындай сүйкімді бір күнде ақ кардың үстіне аркандай шұбатылған сары жолақ жолменен, шанасындағы екі кісіні шопақ құрлы көрмей, бусанған денесі ширап, кең кеудесіне тұнық ауаны толтыра жұтып, танауынан буы паравоздай будақтап, құлағын қайшыландыра, құлашын кере бөкен желіске салып, Итбайдың Қоянкөгі келе жатты. 5. Жылы қалашқа шыртылдақ сары майды араластыра отырып, арестанттар шайға мейлінше қанды (С. М.).
Дара және күрделі сын есімдер
Сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді. Мысалы: үлкен, нашар, жасыл, тар, әдемі, кіші, қара күрең, үлкенді-кішілі, сары ала, қара тонды.
Күрделі сын есімдер бір лексикалық мағынада, бір сөйлемнің мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: Бөлмеге жуантықтау орта жасты , жирен шабдар әйел кірді (С. М.).
Күрделі сын есімдердің жасалуы мынадай: 1) Негізгі сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: қара ала, ақ шабдар.
2) Негізгі сын мен туынды сынның тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: көк көйлекті, қара қалпақты.
3) Сын есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: үлкенді-кішілі, ақтылы-қаралы, үлкен-үлкен, жақсы-жақсы.
4) Тұрақты тіркестер арқылы жасалады. Мысалы: тонның ішкі бауындай.
51-жаттығу. Жаттығуды оқып, ондағы күрделі сын есімдерді табыңыздар.
1. Гвардейский формада киінген, кішкене денелі, қушық жауырынды, арық, шымқай жирен кісіні көрген Асқар патшалықты оған қимағандай: «Анау ма?» – деді қолымен нұсқап. 2. Кәдімгі болпиған үлкен денелі, саба құрсақты, ұзын сақалды, байсалды кісі бопты. 3. Қазір онда бұрынғыдай қаулаған қалың ұзын сақал жоқ, қара бурыл тартқан сақалын ықшамдай кесіп, иегіне бір-ақ тұтам қып қойыпты. 4. Өйткені өзі ер жүректі болмағанмен, ер жүректі кісіні ол ұнататын еді. 5. – Бір сом елу тиын, – деді ол, қою, ұзын қара сақалын бір сипап, – онан артықты көтермейді ( С. М.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет