1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет37/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

53-жаттығу. Сын есімдерді шырайдың түріне қарай топтап жазып, шырай жасаушы грамматикалық форманың астынн сызыңыздар.
1. Бұл гүлдер бұлақ жағасына жақындаған сайын сонша қалың, сонша бітік ескен еді. 2. Оның ақ құба, қызыл шырайлы жүзі, үнемі күлімдеп тұратын қап-қара көздері, ұп-ұзын қалың кірпіктері өзіне сондай жарасымды болушы еді (P. P.). 3. Чернышевскийдің өзіне тілдессеңіз, сіз оның менен гөрі көбірек маслихат айтқанын естір едіңіз. 4. Батар күннің қиыс түскен шұғыласы даланы қызғылт жарқын нұрға бөлепті (Ж Ә.).

19 практикалық сабақ. Сан есім.


Заттың санын, қатарын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Мысалы: он, отыз, алты, бес, елу, бесінші, жүздеген, мыңдаған.
Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемнің барлық мүшесі болады. Сан есім мағнасына қарай 6 түрге бөлінеді: олар – есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сандар.
1. Есептік сан есім заттың дәл санын білдіреді, неше? қанша? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір, үш, он, жиырма, қырық, жүз, жүз елу бес, үш жүз алпыс екі т. б. Есептік сан дара және күрделі болады, күрделі есептік сандар бөлек жазылады.
2. Реттік сандар заттың рет санын білдіреді, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Олар есептік сандардан -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: он-ыншы, бес-інші, алты-ншы, жеті-нші.
Реттік сан цифр арқылы жазылса, одан кейін дефис қойылады: 5-класс.
Рим цифрынан кейін реттік санға дефис қойылмайды: XX том.
3. Жинақтық сан есімдер заттың жинақталған санын білдіреді, нешеу? деген сұраққа жауап береді.
Жинақтық сан есімдер -ау, -еу жұрнағы арқылы бірден жетіге дейінгі есептік саннан жасалады: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
4. Болжалдық сан заттың санын шамамен, болжалдап кана білдіреді.
Болжалдық сан есептік саннан бірнеше жолмен жасалады.
1. Жұрнақтар арқылы жасалады:
а) -даған (деген), -таған (-теген), -лаған (леген): мыңдаған (1000-даған ), қырықтаған, (40-таған), жиырмалаған (20-лаған).
ә) -дап (-деп), -тап (-теп), -лап (-леп): ондап (10-дап), бестеп, (5-теп), алтылап (6-лап).
б) -дай (-дей), -тай(-тей): мыңдай (адам), алпыстай (машина);
2. Жалғау арқылы жасалады:
а) көптік жалғауы: бестер (5-тер), елулер (50-лер);
б) көптік жалғауы және септік жалғауы: ондарда (10-дарда), отыздарда (30-дарда);
3. Есептік сандардың косарлануы арқылы жасалады: бес-алты, жеті-сегіз, жиырма-отыз, қырық-елу, алпыс-жетпіс;
4. Есептік санға шақты, шамалы, тарта, қаралы, таман, таяу, жуық, жақын шылаулары тіркеседі: он шақты, жүз шамалы, мыңға тарта, алпысқа таман, отызға жуық, мыңға жақын;
5. Топтау сан есімдері белгілі топтағы заттың санын білдіреді, олар есептік санның қосарланып, соңғы сыңарына шығыс септік жалғауы қосылу арқылы жасалады: он-оннан, бес-бестен, екі-екіден.
6. Заттың бөлшегінің санын бөлшектік сан есімдер білдіреді, олар есептік сандардың шығыс, ілік септік, тәуелдік жалғауларында тұрып тіркесу арқылы, жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: оннан бір, оннан бірі, бес жарым, үш ширек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет