1. Септік жалғауларының қалыптасуы


Бүтіннің бөлшегін, құрама салаларын білдіреді



бет9/21
Дата31.12.2021
өлшемі177,5 Kb.
#23152
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Бүтіннің бөлшегін, құрама салаларын білдіреді: Менің қарным тозды (МҚ) - (Менің қарным тойды).

Ілік септікті конструкциялар кісілер, заттар арасындағы қатысты, байланысты білдіреді: Бенің будунум анта ечүч (Т) – Менің халқым ана жақта еді.

Ілік септікті конструкциялар, сонымен қатар, абстракт меншіктілікті де білдіреді: Табғач қағаны ічеркі бедізчіг ыты (ҚТ) – Табғач ханының ішкі жақтағы бедершісі келді [1;152].

Ал Ә.Қайдаров пен М.Оразов былай дейді: «Ілік септіктің түркі тілдеріндегі қосымшасы –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің; -нұң/-түң, -дүн/-дүң т.б. болса, монғол тілдерінде –ны/-ни, -ну/-нү. Н.А.Баскаков пікірінше көне моңғол тілдерінде –ны/-ні қосымшасының толық формасы –ның/-нин болған. Дегенмен, кейбір моңғол тілдерінің диалектісінде ілік септігінің –ын/-ин формасы да кездеседі. Мәселен: бурят-моңғол тілінің диалектісінде ілік септігінің –ын/-ин формасы қолданылады: аха (аға)>ахатн (ағаның), шоно (бөрі)>шононтн(бөрінің)» [5;82].

Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір конструкциялардың қалыптасу процесі тұрғысынан көңіл аударарлық бір жайт – ілік септіктің кейбір фразалар құрамында қолданылуы . «Кодекс Куманикусте» мынадай сөйлем бар: Бір кез бір алғышлы кіші йолға барды, бір феріште оның біле барды азам болуп - Бір кезде бір мейірімді кісі жолға шықты, бір періште онымен бірге барды. Нақ осы конструкция қазіргі қазақ тілінде осы мағынада қолданылады, бірақ басқаша тұлғаланады. Біле шылауы біздің тілімізде көмектес жалғауына айналғаны мәлім. Соның салдарынан ол есімдігі ілік жалғауында емес, көмектес тұлғасында айтылады (онымен бірге). Сол сияқты, «Кодекс Куманикусте» болсын, басқа да ескерткіштер тілінде де аның үчүн тәрізді шылаулы конструкциялар жиі ұшырайды. Бұл із кейінгі дәуірлерге дейін келгені мәлім. Қазақтар арасында XIX ғасырдың аяғына дейін қолданылған кітаби жазба тілде де осындай. Алайда, халықтық ауызекі сөйлеу тілінде бұл конструкция ілік жалғауынсыз айтылған. Ілік жалғау орнына жеке аффикстердің қолданылуы жаңа құбылыс емес. Мәселен Махмұд Қашқари оларды былай қолданған: Өкүз азақы болғынша бұзағұ башы болса ииг - Өгіздің басы болғанша, бұзаудың басы игі [3;88].Сартның азұқы арығ болса иол үзә иер – Саудагердің азығы таза болса, жол үстінде жер [3;95].Кірітлік енүкі – Құлыптың тісі (тілі) [3;102]. Іглік тұтрұғы адз болұр – Науқастың өсиеті жақсылық белгісі [3;109]. Йырақ иер сабын арқыш келдүрүр – Жырақ жердің хабарын керуен келтірер [3;127].

Ілік қосымшасының этимологиясы туралы едәуір пікір айтылды.

В.В.Радлов ілік септіктің алғашқы тұлғасы –ың деп есептейді де, бұның өзі о баста тәуелдік жалғауы болған, жіктеу және сілтеу есімдіктеріне ғана жалғанған дейді. Сөз орайында айта кету керек, кейін 50-жылдары Ф.Г.Искаков та осыған ұқсас пікір айтты: Оның ойынша, мойын, қойын, жауырын тәрізді сөздер құрамындағы –ын (басқа тілдерде –үн) ескі дәуірдегі тәуелдіктің ІІІ жағының афиксі. Ал, -ның формасының шығуын есімдіктердің өзгеру ерекшелігімен байланыстырады. Әуелі есімдіктер құрамында қолданылумен байланысты, есімдіктің соңғы дыбысы морфологиялық ығысудың нәтижесінде аффикстің құрамына ауысып кетуі мүмкін – деп қарайды. Радловтың осы пікірін көп өзгеріссіз Богородицкий де қайталайды. Богородицкийдің түсіндіруінше, морфологиялық ығысу арқылы есімдіктер құрамында қалыптасқан –ның аналогия жолымен басқа есім сөздерге де ауысты. Кейін есім сөздер де осы –ның аффиксін қабылдайтын болды [6;152]. Ал, -ның тұлғасының құрамын Г.Рамстедт былайша түсіндіреді. Алғашында –н түрінде болған ілік жалғауы дауыссыз дыбыстарға біткен түбірлерге жалғанғанда алдынан «жалғастырушы» дауысты дыбыс қосып алса керек. Содан кейін түбірдің соңғы дыбысы қосымшаға ығысуы нәтижесінде –ның қалыптасады.

Сонымен, Рамстедтің пікірін қолдасақ, -ның тұлғасының құрамындағы қысаң дауысты этимологиялық емес, «жалғастырушы» дыбыс болады [7;152].

Э.В.Севортян қолданылу тәсілі мен мағыналарының байланыстылығын салыстыра келіп ілік жалғауы мен табыс жалғауы бір негізден тараған дейтін жорамал айтады.

Ал, Н.А.Баскаков бұл жалғауды –нене – нен «дене - тән» дейтін сөзден тараған деп қарайды.

Ілік жалғауының негізі жайлы пікірлерді қорытындыласақ, оның арғы негізі о баста осындай арнайы қосымша болған дейтін ойға саяды. Мәселе тек –ның тұлғасының алдындағы –н, -нің шығуында ғана. Есімдерге жалғанатын қосымшаның басқы –н дыбысы морфологиялық ығысудың нәтижесі. Осылардың бәрін ескерсек, ілік жалғауының байырғы варианты деп дауыстыдан басталатын –ың түрі деп қарау керек болады. Солай екенін моңғол тілдерінің материалдары да дәлелдейді [1;154].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет