1. Септік жалғауларының қалыптасуы



бет8/21
Дата31.12.2021
өлшемі177,5 Kb.
#23152
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Ілік септік. Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық варианттары бар: -ың, -ің, -уң, -үң, -ның, -нің, -нуң, -наң, -нәң. Зерттеушілердің бірсыпырасы –ың және –ның, яғни аффикстің ең басында –н дыбысының бар не жоғына қарай, ілік септік қосымшасының екі түрлі таралуын, қолданылуын болжайды. Академик В.В.Радлов өзінің Алтын Орда жарлықтары жайлы белгілі еңбегінде –ың тұлғасын негізінен батыс түркі тілдеріне тән деп қарайды да, -ның тұлғасын шағатай тіліне немесе шығыс тілдеріне тән тұлға деп есептейді. Бұл пікір есімдіктердің септелуін еске алудан туса керек. Жалпы зат есімдерге жалғанып келетін ілік септік варианттарына келсек, батыс топқа жататын тілдердің бірі – қазақ тілінде бұл пікірді қостайтын фактілер табу қиын. Алайда қазіргі түркі тілдері арасында мынадай заңдылық бар: азербайжан, түркімен, түрік және чуваш тілдерінде дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жалғанатын ілік септік жалғауы –ың (басқы –н –сіз) тұлғалы болады да, дауысты дыбысқа біткен сөздерге -ның түрінде жалғанады. Басқа түркі тілдерінде –ың варианты зат есімдерге жалғанбай, түбірдің соңғы дыбысының фонетикалық өзгеріп отырады. Қазіргі қазақ тілі осы соңғы топқа жатады. Орхон-Енисей жазбалары тілінде ілік септіктің қолданылуы: Күл тегін Байырқұның ақ адғырығ бініп оплайу тегді (КТ) - Күл тегін Байырқұның ақ айғырын мініп шабуылға шықты. Олурыпан түрік будуның ілін, төрүсін тута бірміс, іті бірміс. Менің сабымын сымады. Орхон-Енисей жазбаларынан келтірілген осы үзінділерден мынаны аңғаруға болады: зат есімге –ның түрінде (байырқұның) жалғанса, есімдікке –ың түрінде (мен-ің) жалғанған. Бұл жерде түркі тілдерінің ежелгі кезеңіндегі есімдіктер мен есімдердің септелуіндегі айырмашылық байқалады. Дегенмен, сол айырмашылық Орхон-Енисей жазбалары дәуірінде-ақ ілік септік ыңғайында өз жүйелілігін жоғалта бастаған. Жоғарыда келтірілген сөйлемдер құрамында есімдіктерге тән –ың тұлғасының есімдерге де қосыла қолданылуы соны көрсетеді. Осы жайды еске алсақ, қазіргі бірсыпыра түркі тілдерінде кездесетін бізнің тұлғасы жаңа құбылыс деп танылуы тиіс те, бізнің тұлғасы біршама көне тұлға деп танылуға тиіс болады. Осыған байланысты мына жайды да ескеру керек: Орхон-Енисей жазбаларында жіктеу есімдіктері тек дауыссыздарға ғана аяқталады. Олардың дауыстыларға аяқталған бір ғана варианты (са ІІ жақ жекеше) Қашқари сөздігінде кездеседі. Махмұд Қашқари былай деп жазады: «са сен мағынасындағы сөз. Са айурман – маған айтамын. Бұл сөздің соңындағы әліп сен сөзіндегі н орнына алмасқан, яки сеңе сөзінен түсіп қалған». Тағы бір жерінде мынадай мысал келтіреді: Бу оғул сенің му? – Бұл ұл сенікі ме? Бұған қарағанда сол кезгі түркі тайпаларының бірінде жіктеу есімдіктері н дыбысынсыз айтылды ма екен деген ой келеді. Егер ондай ерекшелік болса, ілік жалғауы дауысты дыбысқа біткен барлық сөздерге де –ның түрінде жалғанған деп қарауға болар еді. Қалай да мына бір ерекшелік байқалады, Есімдіктердің бойында ілік септіктің байырғы вариантының ізі бар: мен-ің, сен-ің, осыған орай біз-ің, сіз-ің, тек ІІІ жақта: о-ның Махмұд Қашқари сөздігінде –ың варианты есімдіктерге тән де, -ның варианты зат есімдерге тән: Берміш сенің біл – Білінер сенің бергенің (МҚ) [1;151]. Аның арқышы келді – Оның хабаршысы келді [3;127],

Башы аның алықты,

Қаны иүзүп тұрұқты.
Жарасы оның асқынды.

Қан көп кетті, әл тайды [3;229].

«Кодекс Куманикусте» ілік септіктің жалғауы І жақ жіктеу есімдіктеріне –м (-ым, -ім) түрінде жалғануы да кездеседі. Менім учун йалбарсыңдар бы теңріге (Менің үшін жалбарыныс бұ тәңірге). Ілік септік жалғауы варианттарының Орхон-Енисей жазбаларындағы Махмұд Қашқари сөздігіндегі қолданылу заңдылығы кейінгі Алтын Орда ескерткіштерінде де кездеседі: Аларның ала көңіл біле тіл ыйып (ЯТ)- (Олардың қара ниетіне сай хабар жіберіп).

Тарихи ескерткіштер тілінде қазіргі тіліміздегідей меншік мән берудің негізгі тәсілі ретінде түсініледі. Алайда түркі тілдерінің және жалпы алтай тілдерінің тарихында илік септіктің бұл қалыптасқан мағынасы көне емес. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілердің бірі банктің пікірінше, илік септік бастапқыда «объектінің айналасында, қасында» деген мағынаны білдіріп, соның негізінде меншік мағынасы қалыптасқан. А.М. Щербак түбірдің шығу тегінің мәні меншік пен тәуелділік стилінен шыққан деп есептейді. Оның ойынша, мүліктік ауысу қажеттілігінен, құнның арнайы қосымшамен тәуелділігінен сипаттау құрылымында есім тұлғасынан өзгеше тұлға қалыптасқан. Ілік септік көне ескерткіштер тілінде кейде өзімен тетелес сөздің тәуелдік жалғаулы болуын талап етсе, кейде тәуелдік жалғанусыз–ақ меншіктілік мән бере алады. Біздің еб (МҚ) - (Біздің үй), Менің қарын тозты (МҚ) - (Менің қарным тойды).

Ілік септік жалғауының қолданыстағы негізгі мағыналары мына төмендегідей.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет