Тісті жік ( sutura serrata) :
Төбе сүйектерінің медиалды жиектері арасында сагитталды жік (sutura sagittalis);
Маңдай және шеке сүйектерінің арасында тәждік жік (sutura coronalis);
Шүйде және төбе сүйектерінің арасында ламбда тәрізді жік (sutura lambdoidea).
Қабыршақты жік(sutura sqamosa) - самай сүйектің қабыршақтық бөлігін төбе сүйектерімен және сына тәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланыстырады.
Бас сүйектің бет бөлімінің сүйектері жалпақ жіктер арқылы байланысады (sutura plana). Жіктердің нақты атауы байланысатын сүйектердің атауларына байланысты, мысалы: маңдай-бет сүйектік жік(sutura frontozygomaticus); маңдай-торлы жік (sutura frontoethmoidalis) және т.б.
Еңбек. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің ең негізгі ерекшелігі – еңбектері (fonticuli) болады. Бұл еңбек - бас сүйек күмбезі сүйектері арасындағы дәнекер тінді аумақтары. Нәрестелердің бас сүйегінде аяқталмаған сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері - бірінші жарғақты сатының қалдықтары(олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған, жіктердің қиылысқан жерінде орналасады). Олардың болуының үлкен маңызы бар: себебі бассүйектің шеке сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік береді, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделеді. Еңбектердің мынадай түрлерін ажыратамыз (барлығы 6 еңбек):
Алдыңғы еңбек (fonticulus anterius)- ромб пішінді, маңдай жне төбе сүйектер арасында орналасқан ең ірі еңбек. Ортақ сызық бойымен төрт жіктің: сагиталды, маңдай және тәжді жіктің екі жартысының қиылысқан жерінде жатады және 2 жаста өсіп-бітеді;
Артқы еңбек (fonticulus posterius)- үшбұрыш пішінді шүйде және төбе сүйек ортасында, сагитталды жіктің артқы ұшында алдындағы екі шеке сүйегі мен шүйде сүйектің қабыршағы арасында орналасқан. 2 айда өсіп-бітіп кетеді;
Бүйір еңбектері - алдыңғысы сынатәрізді (fonticulus sphenoidalis) және артқысы емізік тәрізді (fonticulus mastoideus) жұп еңбектер жатады, пальпациямен анықталмайды. Сына тәрізді еңбек төбе сүйектің сына тәрізді бұрышы аймағында орналасқан, туғаннан кейін 2-3 айлығында бітісіп кетеді. Емізік тәрізді еңбек шеке сүйегінің емізік тәрізді бұрышы аймағында жатады және 2 аптада бітеледі. Бұл еңбектер көбіне шала туған балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған балаларда шүйде еңбегі болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің болмауы және диплоэнің нашар дамуы бассүйектің сыртқы бетінде ғана емес, ішкі бетіндегі бедерінің көмескілігі байқалады.