«Геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев қазақстандық академиялық ғылымның дамуына зор үлес қосты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы 12.04. 1899 - 31.01.1964 1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик • 1920-1941 жылдары — «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. • 1941-1952 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан ғылым академиясының президенті болған. • 1952 жылы — әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. • 1955 жылы — Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы,құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. №6 сұрақ: «Жаһандану дәуірінде мәдени-генетикалық код сақталмаса, мәдениетіміз құлдырап, ұлттық ерекшеліктерімізден айрылуымыз мүмкін». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. Жауабы: Ең алдымен генетика ұғымына анықтама беретін болсақ. Сөзбе сөз қан, ген, ДНК арқылы берілетін нәрсе деп түсінуге болады. Біз ата-бабаларымыздың генетикалық жадын сақтаймыз. Яғни, энеолит жылқышаларының, қола дәуіріндегі жауынгер арбакештердің, сақ садақшылары, ежелгі қорғандар отқа, Күнге, Тәңірге табынушылардың қолөнер, егіншілердің, жалпы айтқанда Ұлы Даладағы барлық дәуірлердегі көшпелілердің генетикалық жадын сақтап жалғастырушылар болады. Бізде ата-бабаларымыздың қаны мен олардың гендері бар, біздің генетикалық тамырларымыз тереңге кетеді. Мәдени-генетикалық код дегеніміз не соған тоқталайық. Яғни, этнос (ұлт) мүшелерінің арасындағы ерекше өзара байланыстар. Бұл биологиялық өзара байланыс, тарихи өзара байланыс және әлеуметтік өзара байланыс болып табылады. Өткен дүние туралы түсініктер өзгеруі мүмкін. Мысалы: Кеңестік уақытта көптеген халықтың дәстерлері, мәдениеті, тілі ұмытыла бастады. Өз этносының мәдениетімен өткенін жақтырмауы мәдени-генетикалық кодтың бұзылуымен байласнысты және ұлттық нигилизмге – этникалық тегінің құндылықтарын жоққа шығаруға өз этносын төмен бағалауға әкеледі. Иә, бұл пікірмен толықтай келісемін. Мәдени-генетикалық кодты сақтау үшін тілдің маңызы өте зор. Тіл мәдениетпен тығыз байланысты, оның ажырамас бөлігі. Тіл – мәдениеттің ірге тасы. Тіл өзіне этно мәдени ақпаратты жинақтайды және сақтайды. ХХ ғасыр жаңғарту, индустрияландыру, революциялық қайта құру ғасырлары болды. Технократиялық жаңғырту қазақ мәденеті мен тілі жойылып кете жаздады. Ұрпақтар сабақтастығы үзіліп мәдени-генетикалық кодты жоғалту қатерін төндірді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мәдениетке басымдылық берілді. Қорытындылай келе, мәдени-генетикалық код – этностың ұлт немесе өркениеттің негізі. Бұл рухани ұғымдар және дәстүрлер. Олар тілмен нышандардың көмегімен адамдарды көрінбейтін жіппен байланыстыра отырып, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мәдени-генетикалық кодтың бұзылуы этносқа жойылу қатерін төндіретін қауіпті салдарға әкеледі.