1-тақырып: Кіріспе. Жас физиология мен гигиена пәні туралы жалпы түсінік. Өсу және дамудың жалпы заңділіқтары ағза және сыртқы орта Жоспар



бет10/12
Дата18.05.2023
өлшемі1,51 Mb.
#94607
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-тақ. кіріспе. (4)

5. Акселерация
XIX ғасырдың соңы XX ғасыр бастарында көптеген мемлекеттерде балалардың бойына өсуінің жылдамдағаны анықталған. Бұл жайлы мәліметтер 1876 жылда баспа беттерінде жарияланған. 1935 жылға келіп неміс ғалымы Е. Кох өсу және дамуда тездесуін акселерация деп атаған.
Акселерация - латынша сөз болып шапшаңдау деген мағананы білдіреді. Акселерация жас ұрпақтың дене және рухани жақтан тез өсуі болып есептеледі.
Акселерация 100 жыл, бір ғасыр ішінде тез көзге тасталғандығы үшін акселерация кең көлемде, «секулярний тренд» яғни ғасыр тенденциясы деп аталатын болды. Соңғы 100 жыл ішінде жаңа туылған нәрестелердің бойы 5-6 см-ге, кіші және орта мектеп жасындағы балалардың бойы 10-15 см-ге, салмағы болса 8-10 кг-ға артты. Бұдан тыс акселерация үлкен адамдар дене өлшемдерінің артуын, адам өмірінің ұзаюын, еттеккірдің кешірек аяқталуын, рухани функциялар және адам дамуындағы басқа өзгерістерді өз ішіне алады. Акселерация мәселесі көптеген дүние ғалымдарын қызықтырып келген. Олар акселерация алып келетін бірнеше жағдайларды көрсетіп беретін гипотезларын жаратқан. Мысалы, кейбір ғалымдар ультракүлгін нұрлардын күшті әсері балалардың тез өсуіне себеп болып жатыр десе, басқа ғалымдар болса магнит толқындарының ішкі секреция бездеріне ықпалын айтып өткен, яғни кейбіреулері космикалық нұрларға байланыстырады. Ақуыздар, майлар, углеводтар, минерал тұздар және витаминдерге болған талаптың артуы, пән және техниканың алға жылжуы, тәлім-тәрбие саласында жаңа көрініс және әдістердың пайда болуы, спорт пен дене еңбегімен шұғылдану генетикалық факторларды да мысал ретінде көрсетіп жатыр.
Мемлекетіміз тәуелсіздікке жеткенімізден соң балалардың
индивидуал өсу және дамуына үлкен назар аударылып жатыр, себебі балалар денсаулығын сақтау мемлекет назарында болған бірінші дәрежелі мәселелерден бірі есептеледі.
6. Жас дәуірлері
Адам жасын дәуірлерге ажыратудың негізгі себебінің түбінде барлық орган және системалардың анатомиялық-физиологиялық қасиеттері мен әлеуметтерін критериялар яғни баланың нәресте, бақша және мектептегі тәрбиелену жағдайы жатады. Мысалы сәбилік жасы, бақша жасы, мектепте білім алса мектеп жасы дәурлері деп аталады.
Пәнде орыс гигиенисті Н.П. Гундобин түзіп берген жас дәуірлері схемасы қолданылады. Ол адамның жастық жылдарын төмендегі дәурлерге біріктірген. Әрбір дәуір өз ішіне бірнеше жылдарды алады және әрбір дәуірі өзіне тән процестер болып өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет