2. ДӘріс тезистері ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі



бет8/11
Дата08.04.2023
өлшемі60,8 Kb.
#80691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері (6)

Күлтегін
Күлтегін-Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркілер мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтылық қағанның кіші ұлы. Қапаған қайтыс болғаннан кейін, бүкіл түркілер мемлекетінің әскерін Күлтегін басқарды. Ол дана Тоныкөкті ел басқару ісіне қайта шақырды. Күлтегін түркілер мемлкетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас жауы табғаштар шабуылына тойтарыс берді. Екі ел арасында бірнеше жыл бойы бейбіт өмір орнады. Күлтегін қой жылы ақпанның 27 күні, 47 жасында дүние салды. Оны жерлеуге әлемнің төрт бұрышынан, көрші елдерден белгілі адамдар қатысқан.
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген)-ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғам қайраткері ретінде көне тарихтан мәлім. Ол Құтлығ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқанна кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянды (кейінірек Білге қаған атанған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды. Кұлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады. Күлтегін батыр, оның ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк. Күлтегін ескерткіші түркі елінің бір кездегі тарихын танытарлық құнды мұра болуымен қатар, сол халықтың поэзиясынан да мол мәлімет беретін көркем туынды. Оны тасқа ойып жазған Йоллығ тегін. Күлтегін мінсіз қаһарман терінде сомдалса, Тоныкөк ақыл иесі, білімді басшы ретінде суреттеледі.
Күлтегін мен Тоныкөк құлыптастары-ҮІІІ ғасырдың орт ашендеріне жататын ескерткіш. Одан сол заманда өмір сүрген түркі ұлыстарының дүниетаным түсініктерін, қоғамдық-әлеуметтік нормаларын тануға болады. Бұл жырдың ерекшелігі-бұл жыр бір-бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан тұрады.

  1. Түрік халқының ұлы ата-бабалары туралы;

  2. Түріктерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде;

  3. Елтеріс қағанды сипатттауға арналған;

  4. Қапаған қаған туралы;

  5. Білге қағанды жыр еткен;

  6. Күлтегін туралы жыр.

Күлтегін ескерткіштерінің (үлкен жазу) алтыншы хикаясы Күлтегін батырдың жауынгерлік жорықтары жөнінде жазылған ғажайып шығарма.
Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды
Оңтұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді.
Қарулыларды қағанға еншіледі (4.52).
Күлтегін жиырма алты жасқа (келгенде)
Қырғыздарға қарсы аттандық.
Найза бойы қардан өтіп,
Көгімен қойнауынан асып,
Қырғыз халқын ұйқыда бастық (4.53).
а) Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Білге қаған, Қапаған қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Өзі туралы ол: «Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым( деп айтқаны шындық еді. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда Тоныкөк ақыл-кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, барлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады.
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым,
Қызыл қанымды төктім,
Қара терімді ағыздым,
Күш-қуатымды аямадым,
Мен өзім ұзық жорықтарға да бастадым (4.76).
Бір қызығы-ҮІІІ ғасырда өмір сүріп, Елтеріс пен Білге қағандардың кеңесшісі болған осы Тоныкөктің тарихи бейнесі араға мың жыл салып барып, Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жырау (ХҮІІІ ғасыр) бейнесінде дәлме-дәл қайталанған сияқты. Елтеріс қағанға әрі ақыл-кеңес беріп, әрі әскерін басқарып жүрген Тоныкөк сияқты, Бұқар жырау да Абылай ханға ұдайы кеңес айтып отырады. Әрі хан жасақтарымен бірге жауға қарсы күреске шығады. Кемеңгер Тоныкөктің философиялық ой-пікірлері Бұқар жыраудың дидактикалық-шешендік сөз үлгісіндегі толғауларымен астасып жатады. Тоныкөк Түрік қағанатын сақтап қалу үшін, ең алдымен, елдің ішкі бірлігі қажет екендігін пернелеп, астарлап, нақыл-өсиет айтумен жеткізеді.
Жұқаны бүктеу-оңай,
Жіңішкені үзу-оңай.
Жұқа қалыңдаса, (оны тек) алып бүктейді,
Жіңішке жуандаса (оны тек) алып үзеді (4.69-70).
Бұқар жырау қазақ елінің ішкі бірлігі туралы өзінің ой-пікірін Абылай ханға астарлап айту арқылы жеткізіп отырған. Мәселен, Бұқар жырау Қалқаманұлы бір өлеңінде:
б) Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы,
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,-
деп, ұзақ толған келеді де, өзінің негізгі түйінді ойын жыр соңында ғана айтады.
Бұл жалғанда бір жаман-
Ағайынның аласы (5.89).
Бұқар жырау тіпті елдің ішкі бірлігін бұзған адамның басын алып тастаудан да тайынбайтындығын айтады.
Жалпы, қорыта келгенде, Күлтегін әскер басы, Білге қаған, Тоныкөк жырау екендігі шығармада жан-жақты бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет