2. ДӘріс тезистері ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелуі


Орхон ескерткіштеріндегі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк бейнелері



бет7/11
Дата08.04.2023
өлшемі60,8 Kb.
#80691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері (6)

Орхон ескерткіштеріндегі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк бейнелері



Білге қаған
Білге қаған-Шығыс Түрік қағандығының қағаны. Шамамен 685 жылы туып, 734 жылы қайтыс болған. Білге атақты түркі батыры Күлтегіннің туысы. Білге үлкен шайқастарға кіріп, жас кезінен ерлігімен көзге түседі. Қытай, Таңғұт елдеріне жасалған жорықтарға атақты Тоныкөк, ағасы Күлтегінмен тізе қоса бірлесіп қатысқан. Сыртқы жаулардың Шығыс Түрік қағандығына жасаған шабуылдарына Білге қаған мен Күлтегін бастаған қол талай рет тойтарыс береді.
716 жылы Қапаған қайтыс болған соң, Білге Шығыс Түрік қағандығының тағына отырып, «Білге қаған» лауазымын алады. Ел басқару ісінде атақты абыз, ақын Тоныкөкпен кеңесіп отырған, Күлтегінді бас қолбашысы етіп қойған. Білге қағанның тұсында Шығыс Түрік қағандығы іргесі берік күшті мемлекетке айналды.
Тоныкөк (шамамен 646-731 ж.ж.)
Тоныкөк-Түрік қағандығының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. ҮІІІ ғасырда өмір сүрген. Тоныкөк түркілер елінің үш қағаны Елтеріс, Қапаған, Білге қағандарға ақылгөй, кеңесші болған. Кемеңгер ойшыл, болбасшы, батыр, дарынды ақын ретінде танылған. Тоныкөк Елтеріс қағанмен бірге Түрік қағандығын құру үшін болған көптеген жорықтарға қатысып, тамаша жеңістерге жеткен. Тоныкөк-өз кезінде түркі халқының жауынгерлік даңқын дүниеге танытқан аса ірі қолбасшы. Тоныкөк түркі әскеріндегі ең жоғарғы дәреже-Апа Тар Хан (мағынасы «түркі әскерінің саяси жетекшісі») мәртебесіне ие болған. Ол-әлемді таңқалдырған «Тоныкөк» эпосының авторы. Бұл жыр-біздің бабаларымыздың даңқы мен ерлігін жырлаған мәңгілік өшпес мұра. Әлем халқы осы жыр арқылы біздің арғы аталарымыздың ұлылығын таныған. Тоныкөк есімі ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түрік қағанатының қалануымен, Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты. Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан. Қытай астанасында 13 жыл тұрып, сонда білім алады. Өзінің ақылгөйлері-Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі. Елтеріс қаған лауазымын қабылдаған Шығыс Түркі мемлекетінің қағаны реформатор Құтлықтың серігі болған. Оның тұсында Тоныкөк бас қолбасшы болды. Ал ол өлгеннен кейін орнында қалды. Ол жоғары қолбасшылық дағдысымен ерекшеленеді. Елтерістің балалары Білге қағанмен, Күлтегінмен бірге түргештер мен қытайларға қарсы әскери операцияларды басқарды. Екінші Түркі империясының оғыздар көтеріліс жасағаннан кейін әлсіреген өкіметін қалпына келтірді.
Түргештер мен қытайлардан тәуелсіздігін алғаннан кейін ақылгөй Тоныкөк тұрақты ішкі достық саясатын енгізді. Ол көршілермен әрқашанда жақсы қатынаста болу керек деп есептеді. Қытайлармен аса маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесу нәтижелерінен елдер арасындағы бейбітшілік мәселелері шешілетін-ді. Ол әрбір жаумен болған күресті көрсететін тас қабірлерде із қалдырған жалғыз қолбасшы шығар. Жазуларға қарап, тарихшылар қарсыластар күшін, қару-жарағын, күрес орнын және уақытын анықтай алады.
Орхон-Енисей мәтіндерінде бірінші жақтан баяндалатын Тоныкөкке арнаған жазулар бар. Қаһармандық оқиғалар жайындағы әңгімелер былайша аяқталады: «Онда мен, ақылгөйдей Тоныкөк, сол жерге жеттім, сырты алтын, ашық күміс, әйелдер және қыздар жамылғылар (кілем) және асыл заттар сансыз көп әкелінді. Менің қағаным ақылгөй Тоныкөктің ой-пікірін тыңдады да айтты... Мен оған ақылдылық ағайын және даңқ ағайын ретінде бағындым».
Тоныкөктің арманы ішкі, сыртқы жауларынан тәуелсіз, бодандықсыз түркі халқының еркіндігі еді.
Оның тікелей ұрпағы ХІІІ ғасырда найман ханы Таянның хатшысы болған. Ал монғолдар жаулап алғаннан кейін Шыңғысханның сауатын ашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет