3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ғалым Кәрібаева Саягүл Елтайқызының «С.Мұханов поэзиясындағы авторлық метафоралар»2010ж



бет63/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Кәрібаева Саягүл Елтайқызының «С.Мұханов поэзиясындағы авторлық метафоралар»2010ж атты диссертациясының авторефератында метафораларға қысқаша тоқталып өтеді. Метафоралардың когнитивтік сипаты адамның ойлау әрекетінің ерекше көрінісі ретінде қарастырылатыны мәлім. Бұл дегеніміз қоршаған әлемді тек логикалық- позитивтік жолмен ғана емес, эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі құралдар арқылы да тануға болатынын дәлелдейді.
Ғалым А. Сыбанбаева метафораға мынадай анықтама береді: «Адамның ақыл-ойы салыстыруға келе бермейтін семантикалық концептерді (ұғымдарды) салыстырудың нәтижесінде метафора туындайды. Сондықтан метафораның жасалу механизмін зерттеу- адамның ойлау процесін зерттеу деген сөз. »
Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай: а)тілдік метафора, ә) тұрақты метафора, б) жеке қолданыстағы метафора болып үшке бөлінеді.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайм үздіксіз дамытып отырады. Тіліміздегі көп мағыналы сөздердің бірқыдыруы осы тәсіл арқылы жүзеге асқан. Тілдік метафораның жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те жұмсалады. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде мынадай көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүріп-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан кейін стол мен орындық тәрізді жансыз заттардың төрт таған тіреуішін де аяқ деп ұқсастырып айтқан. Метафораның негізінде туған келтірінді мағына сөздің сөздіктегі мағынасына еніп, оның туынды мағыналарының қатарында қаралады.
Тұрақты метафора ойды естен кетпестей түсінікті етіп тыңдаушыға жеткізу үшін қажет. Ой неғұрлым көркем құрылса, соғұрлым тыңдаушыға түсінікті, әрі әсерлі болады. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Адамның күнделікті өмірден көріп біліп, әбден сыр мінез болған дүниелерімен жазушының ойы қабысып, үйлесіп тұрса, шығарманың тілі де соншалықты тартымды болмақ. Тұрақты метафоралар көбіне –көп халық ақындарының творчестволарында жиі ұшырасады. Тұрақты метафора барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, көбінесе белгілі бір жанрға телінді болады. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан тұрақты метафораны кейде поэтикалық метафора деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет