3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ғалым Омирбекова Жамиля Калдыбекқызының 2005ж «Метафора және тіларалық транспозиция»



бет62/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Омирбекова Жамиля Калдыбекқызының 2005ж «Метафора және тіларалық транспозиция» атты диссертациясының авторефератында метафораларға атқаратын қызметтеріне тоқталады. «Метафора сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңдылығы жатыр. Осы тұжырымды негізге ала отырып, қазақ тіл білімінде жеке қаламгерлердің шығармаларына ден қойып ондағы метафоралық құбылыстардың сипатын ұлттық болмыстан, ұлттық нақыштан іздеу және әлемдік метафораны салыстыра қарастыру біршама зерттеу нысанына айналып келеді. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі ғалымдардың еңбектерінде метафораның лингвистикалық табиғаты кеңінен түсіндіріліп, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы көрсетілген.Метафораның концептуалдық қызметі, ерекшеліктері мен түрлері, термин жасаудағы рөлі арнайы зерттеліп, оған құрылымдық сипаттама жасалған. Сондай –ақ жеке суреткер-ақындардың шығармаларындағы өзіндік сарын, өмірдегі құбылыстар мен дүнмелерді суреттеуін жеке-жеке жүйелеп талдаған Г.Н.Зайсанбаева, А.Есқараева, Э. Р. Когай, А.Сыбанбаева т.б ғалымдар болды. Әрбір ғалым, мұл мәселені зерттеуде өзінің сипаттау аспектісін таңдап, өзіндік зерттеу пәнінің негізін қалыптастырады. Бұл метафораның терең сырлы табиғатын айқындап, оның пайда болу үрдісін білу, метафора теориясының қалыптасуы үшін аса маңызды болды.
Метафора –ұлттық тілдегі өзіндік күрделілігі бар, әр түрлі ұлттық бояуға қаныққан категория. Метафораның тамыры ұлттық дамуы, қалыптасуы, сонымен қатар оның өзіндік мәдениетінің, тарихының, халықтың менталитетінің қалыптасуында жатыр. Метафора қоғам мен тілдің тікелей сабақтастығының әсерінен ұлт дамыған сайын әр түрлі сипатта көрініп отыратын бірлік. Метафора -жалпы әмбебаптық сипаты бар құбылыс, сонымен қатар ол ұлттық дүниетанымға, сол тілді қолданушы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, қоршаған ортасына тән, бір сөзбен айтқанда, мәдениеттің тілдегі көрінісі. Метафораның дамуынан, оның жеке авторлық қолданыс аясынан ұлттық дамуын, тілдің даму көрінісі аңғарылады. Себебі, тілдегі ұлттық сурет, әлемдік сурет, адам интеллектуалы үнемі, шексіз, қарқынды дамуда болады. Қазақ тіліндегі метафоралар- мән мен түрдің бірлігі ретінде зхалқымыздың рухан жан дүниесінің айнасы.
Метафора –тіл құралы, ол тек шындықты суреттеуге арналған деген идея адамзаттың өмірді, яғни шындықты зерттеу әлемді қарапайым зерттеудің жалғасы деген көзқарасынан туындайды.
Метафора –қызметінің барлықа аясында әлемді тану мен ойлаудың әмбебап қаруы. Соның арқасында тіл жүйелі түрде түрленіп дамып отырады. Метафораларды қолдану басқа тілдік жүйелерден гөрі тілдің өзіне тән табиғи ерекшелігі деп атап кету орынды. Сол сияқты метафораның өзгеруі, яғни транспозициялануы заңды құбылыс. Себебі метафоралар жазушы шеберлігіне немесе оның дүниені, қоршаған ортаны белгілі бір жағдайды белгілеуіне байланысты құбылып тұрады.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет