3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Жеке қолданыстағы метафора мен тұрақты метафора



бет64/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Жеке қолданыстағы метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты. Алғашқысы соңғысының үлгісімен жасалады да белгілі бір ақынның я жазушының белгілі бір туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндігін көрсетеді.

Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін метафоралар:




Тұрақты метафора:

  1. Елу төртінші жылдың күзінде қазақ даласы сары алтынға малынды(«Жапандағы жалғыз үй», 217 бет).


Тілдік (сөздік) метафора:
1. «Малжан ағашы» жағынан қылт етіп үш аяқты мотоцикл көрінді(«Жапандағы жалғыз үй», 118 бет).
2. Тың жер –ұшан-теңіз дария(«Жапандағы жалғыз үй», 312 бет).
3. –Мал –көздің құрты деген рас-ау, жарықтық! –деп жирен қасқа тайдың мойнын, алқымын қасып отырып, жуаси сөйледі(«Жапандағы жалғыз үй», 84 бет).
Жеке қолданыстағы метафора:
1. Қапыш –үлкен қалаға баратын өткел(«Жапандағы жалғыз үй», 35 бет).

  1. Халелдің көңілі –қамажай(«Жапандағы жалғыз үй», 36 бет).

  2. Жылқы –ақша, жылқы –соғым(«Жапандағы жалғыз үй», 85 бет).

  3. Қол сандық –Қарасайды ұшыратын да, астына алып жасыратын да сиқырлы қанат(«Жапандағы жалғыз үй», 305 бет).

  4. Қанағатсыз нәпсі –іштегі жегі құрт(«Жапандағы жалғыз үй», 305 бет).

  5. Бірақ Қарасайдың көзі бұлдырап көрер емес: «Сен өткерілген борсық болсаң, мен әккі түлкімін...» («Жапандағы жалғыз үй», 308 бет).

Қорыта айтқанда, С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» шығармасы тілін талдау барысында 10 метафора теріліп, мағынасы бойынша топтарға бөлінді.
Соның ішінде 6-ы жеке қолданыстағы метафора, 3-і тілдік метафора, 1-і тұрақты метафора.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет