Метонимия
Іргелес не шектес екі заттың немесе құбылыстың бір атауға телініп бірінң орнына бірі алмасып қолданылуын метонимия дейміз. Метонимия – әдемі, әсерлі, көркем сөйлеудің тағы бір ұтымды құралы. Кез келген суреткерр халықтың бай тілін керегінше пайдаланып өз қажетіне жаратады. Тілдегі дайын, бар үлгілерге сүйене отырып, соларға ұқсас құрылымдар жасайды да, ең қажеттілерін талғап, таңдап сұрыптап алады. Суреткер метонимияны қолданудағы басты мақсат – ол ойды бейнелі де көркем, әсерлі де тартымды, эмиоционалды – экспрессивті бояуын қанық етіп жеткізеді.
Метонимия тілімізге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына береді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимия тілді лексикалық бірліктердің санымен емес, сапалық жаңғырумен дамытады. Метонимия құрылымы жағынан екіге бөлінеді:1) Жай метонимия –бір ғана сөзден тұрады, 2) Күрделі метонимия –екі не бірнеше сөзден құралады.
Метонимия қолданыс аясы кең, тілдің әр түрлі стилінде әр алуан сипатта қолданыла алады. Метонимия көркем сөйлеудің құралы болғандықтан, оның негізгі мақсаты ойды бейнелі де көркем, әсерлі де тартымды етіп жеткізу.
Сөздердің дағдылы мағынасынан ауытқып, әдеттегіден тыс, ауыса қолданылуымен байланысты «метонимия» және «метонимиялық» терминдер ежелгі Греция мен Рим заманындағы зерттеу еңбектерінен белгілі.
Қазақ ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Ғ.Мұсабаев, Қ.АхановА.Ысқақов, Ә.Қасенов, З.Қабдолов, Т.Қоңыров, Р.Барлыбаев, Б.Қасенов, Л.Нұржекеева және тағы басқалары метонимия мәселесіне арнайы, екіншісі өзінің зерттеу объектісінің қатысына қарай тоқталып, жеке ғылыми – лингвистикалық объект есебінде танылуларына өз үлестерін қосты. Қазақ тіл білімінде метонимияға берілген анықтамалар бірізді емес,. Ең алғаш рет қазақ халқының ғалым – лингвисі, әдебиет зерттеушісі, түрколог, А.Байтұрсынов метонимияның әдеби шығармалар үшін айрықша мәні бар екендігін атап көрсете келіп, былай түсіндіреді: «Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту, ондай ауысу алмастыру деп аталады» және ойы дәлелді болу үшін бір неше мысалдар келтіреді. І.Кеңесьаев пен Ғ.Мұсабаевтың анықтауынша, «Бір сөздің орнына екінші бір сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады». Академик З.Қабдоловтың тілімен айтсақ метонимия «өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану». Ал, Қ.Жұмалиев былай деп анықтама берген: «Не құбылыстың бір жағы, не аттары алынап, өз мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің орнына екіншісінің алмастырылып қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете алса метонимия дейді».
Метонимияның лексикалық – семантикалық ерекшеліктерін, құрылымы мен жасалу жолдарын, стильдік ерекшеліктерін жан – жақты зерттеген ғалым Л.Нұржекеева өзінің «Метонимияның лингвисикалық табиғаты» еңбегінде мынадай анықтама береді: «Мәндік, мекендік, мезгілдік, түр – түстік жағынан бір – біріне бүтіндей немесе бөлшектей жақындығы бар екі заттың, я құбылыстың бөлшегі орнына бүтінін алмастырып айтуды метонимия дейміз».
Жалпы метонимия тілімізге жаңа сөз қоспайды, бұрыннан бар, қолданыста жүрген сөзге жаңа мағына беріп, оның мағыналық аясын кеңейтеді.
Қазақ халқының ірі ғалымы А. Байтұрсынұлы метанимияның әдеби шығармалар үшін айрықша мәнін көрсете келіп, оған мынадай анықтама берген: «Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырп, бірінің орнына бірін айту төмендегі түрі болса, ондай ауысу, алмастыру деп аталады»
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін метонимиялар:
Қара шана ат-матымен кең қораға кіргенде ғана жол соғып тастаған қасқыр ішік өз-өз боп орнынан созалаң тұрып:
-Ау, Дикамысың, мұның не, осыншама бипазданып(«Жапандағы жалғыз үй», 15 бет).
Орынды қалжыңға ән тыңдап отырған атшы да, Қосимановтың өзі де қосыла күлісіп, үй іші мәз боп қалды(«Жапандағы жалғыз үй», 21 бет).
Жас болса келіп қалды, осы қара орман енді саған қалмағанда кімге қалады(«Жапандағы жалғыз үй», 144 бет).
–Қайдам... Кішкентай күшіктерінің бақытына қарай адам боп кетсе жарар еді, -деп шүңкілдесіп, менімен тілге келгенше болған жоқ, анамның кірпіктері көтеріліп, көзі кең ашыла беріп, маған тесіле қарады(«Жапандағы жалғыз үй», 76 бет).
Қорыта айтқанда, С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» шығармасы ілін талдау барысында 4 метонимия теріліп, талданды.
Достарыңызбен бөлісу: |