13-сурет. Биологиялық препаратты бұлшық етке егу.
Аэрозольдік вакцинация аз уақыт ішінде (1-3 тәулікте) иммунитет
қалыптастыратын штамдардан дайындалған препараттарды қолданған тиімді.
Ондай вакцина аталған тәсілмен қолданғанда ауруды тез арада дауалауға
мүмкіндік береді. Бірақ бұл әдіс қора-жайдың герметикаландырылуын және
арнайы бүріккіш механизмдерді қажет етеді. Осы мақсатта орысша
қысқартылған атауларымен аталатын САГ-1, САГ-2 (струйный аэрозольный
генератор) аэрозольды генераторлары қолданылады (14-сурет).
14-сурет. Құсты САГ-1 аэрозольды генероторы арқылы иммундеу.
Вакцинациялауға құжаттар толтыру тәртіптері. Жүргізілген вакци-
нацияға акт жасалынады. Актіде мал дәрігерінің қолымен қатар оған
қатысқан шаруашылық мамандары да қол қояды. Бұл заңды құжат, онда
төмендегі деректер қамтылады:
-
толтырылған күні;
-
вакцина жүргізілген жері (ферма, ауылдық округ, т.б);
-
вакцинацияланған мал түрі, саны;
89
-
қандай ауруларға және қандай мақсатта (дауалау, еріксіз) вакцинаның
қолданылғаны;
-
вакцина өндірілген биофабрика аты, преператтың сериясы, өндірілген
күні және қолдану мерзімі.
14- тәжірибелік сабақ. Індетке қарсы шараларды жоспарлау және
карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты. Індеттік жағдайды дұрыс бағалау арқылы індетке
қарсы шаралардың стратегиясы мен тактикасын айқындау. Жұқпалы ауру-
ларды дауалау және індет ошағынан арылу шараларын жоспарлау негіздерін
түсіндіру.
Қажетті жабдықтар. Індеттік карталар, ветеринариялық құжаттар,
халықаралық ветеринариялық кодекс, ветеринариялық заңдылық кітаптары.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студенттер індет процесі туралы білген білімдерін басшылыққа алып,
жұқпалы ауруларды дауалау, індет ошағынан арылу шараларын жоспарлау
негіздерін меңгереді.
Індетке қарсы шараларды жоспарлау негіздері. Індетке қарсы
шаралар ауылдық округ шеңберінде орналасқан жеке шаруашылық
субъектілері, аудан, облыс және республика бойынша жоспарланады. Аудан
көлемінде жүргізілетін індетке қарсы дауалау және індет ошағынан арылу
шараларын жобалағанда облыстық (республика) ветеринария бөлімінің
дайындаған нұсқауларын басшылыққа алады. Бұндай нұсқаулардың қажетті-
лігі төмендегі негізгі себептерден туындайды:
1.
Ветеринария бөлімдері республикадағы, облыстағы және көрші
аймақтардағы індеттік жағдайды мониторинг жасау арқылы біліп, жұқпалы
аурулардың таралу мүмкіндіктерін болжай алады.
2.
Ветеринария бөлімдері бөлінген бюджет қаражатын мақсатты бағытта
жұмсалуын қадағалайды. Сонымен қатар ветеринария лабораторияларының
мүмкіндіктерін біледі және қажет болған жағдайда олардың жұмысын
координациялай алады.
3.
Ветеринария бөлімдері ғылыми жетістіктер жайындағы мәліметтерге
қанық және оларды іс жүзінде практикада қолдануға мүмкіндіктері бар.
Аталған негізгі сұрақтарды білмей, ауылдық округ, аудан, облыс,
республика көлемінде індетке қарсы шараларды тиімді жоспарлау мүмкін
емес.
Методикалық нұсқауды дайындағанда барлық ұсыныстар негізделіп,
жасалуы керек. Негізделмеген ұсыныстар, қажетсіз сақтандырулар мемлекет
үшін өте қымбатқа түседі. Мысалы сиыр табынын сауықтыруға немесе
індеттік ахуалды бақылауға АР, КБР, КҰБР, РБС әдістері кешенді түрде
қолданылады. Олардың орнына тиімді СР әдісін немесе ИФТ-ны қолдану
арқылы көптеген қаражатты үнемдеуге болады. Сонымен қатар табынды
бруцеллезден сауықтыруда тиімді әдістерді қолдану арқылы, сауықтыруға
90
қажетті бақылаулық мерзімді 6 айдан 3 айға дейін қысқартуға болады.
Әлбетте бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Сондықтан әркез серологиялық зерттеу реттіліктерін, вакцинациялау
схемаларын індеттік жағдайға байланысты ауданның бас ветеринария
инспекторы (облыстың, республиканың мамандарымен келісіп) обьективті
шешуі қажет.
Қазіргі кезде вакцина қолдану індетті дауалауда қолданылатын негізгі
әдіс емес. Малды жаппай вакцинациялау індеттен сау емес пункттің қатер
төнген аймағында ғана жүргізілуі қажет. Ал сауықтыру шаралары бұрынғы
кездегідей кең алқапты індеттен сау емес пункт шеңберінде емес, індет
ошағында жүргізілуі керек.
Вирустық ауруларға (құс тұмауы, аусыл, сиыр обасы) қарсы
вакцинациялау қауіп төнген кездерде, қатерлі аймақтарда жоспарланады.
Жалпы дауалау шаралары шаруашылықтар мен фермаларды қоршау,
оларда зоогигиеналық тәртіптерді, ветсанитариялық шараларды сақтап,
жануарлардың резистенттілігін арттыруға, шекараны жұқпалы аурулардан
қорғауға негізделуі қажет.
Әрине жұқпалы аурулардың белгiлi бiр мемлекет аралық шекарасы бол-
майды. Бұл тұрғыда Қазақстан мемлекетi халықаралық ұйымдардың (FAO,
WHO, OIE) зоосанитариялық ережелерi мен iндеттi бақылау, қадағалау
моделін назарға ала отырып, індетке қарсы шараларды елiмiздiң экономика-
лық жағдайына, табиғи ерекшелiктерiне, өндiрiлетiн биологиялық препарат-
тарға байланысты сәйкестендiрiп қолдануы кажет. Әлбетте, жұқпалы ауру-
ларға қарсы күрес шаралары ғылыми iзденiстерге, озық тәжірибелерге
негізделіп, жетілдіріледі.
OIE 2005 жылы жұқпалы ауруларды жаңадан тiзiмдедi. Оларды
тiзiмдеудегi ұстанылған негiзгi критерилер 5-кестеде көрсетiлген.
5-кесте. OIE-нiң жұқпалы ауруларды жаңадан тiзiмдегендегi ұстанған
негiзгi критерилерi
Негiзгi критерилер
(өлшемдер)
Параметрлерi
(тек бiр ғана жауап критерилердiң орындалуын
көрсетедi)
Мемлекет арасында таралуы
Мемлекет осы аурудан сау деп саналған ба?
НЕМЕСЕ
Ауруға бейiм жануарлар популяциясы бар мемле-
кеттер бар ма (жер кодексiне сәйкес)? НЕМЕСЕ
OIE-нiң жылдық есебi бойынша осы аурулардан
соңғы жылдары сау мемлекеттер саны басым ба?
Популяциялар арасында кең
таралуы
Мемлекет немесе аймақ шеңберiнде өлiм деңгейi
осы ауруға байланысты ма? НЕМЕСЕ
Мемлекет немесе аймақ шеңберiнде ауруға
шалдығу деңгейi осы ауруға байланысты ма?
Зоонотикалық потенциалы
Адамға берiлуi дәлелденген бе (ғылыми экспери-
менттен басқа)? ЖӘНЕ
91
ЖҰққанда адамдарды ауыр жағдайға (өлiм,
созылмалы түрде ауру) душар ете ме?
Эмергенттi аурулар
Аурудың жылдам таралуы (зоонотикалық потен-
циалдарымен) байқала ма?
Жоғарыда қарастырылған ветеринария-санитариялық ережелер, шешім-
дер республиканың ветеринариялық бөлімдерінің індетке карсы шараларды
жоспарлауға арналған ұсыныстарын дайындағанда назарға алынуы қажет.
5-кестедегi критерилер бойынша 15-суретте көрсетiлген схемадағы
шешiмдер қабылданады.
ХаМмМММММММММммммм
М
АЛЫП ТАСТАУ ҚОСУ ҚОСУ АЛЫП ТАСТАУ
15-сурет. Шешiм қабылдау негiзi.
Карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру. Жұқпалы ауруға
нозологиялық балау қойылғанда, iндет ошағында толық iндеттанулық
МЕМЛЕКЕТ АРАЛЫҚ ТАРАЛУЫ
-малдан малға, адамға берiлу минимум 3
рет расталған ба? НЕМЕСЕ
-ауруға бейiм жануарлар бар 3 мемлекет
бұл аурудан таза деп саналды ма (жер
кодексi қосымшасының 3.8.1. пунктiне
сәйкес)? НЕМЕСЕ
- бейiм жануарлары бар минимум 3
мемлекет iндеттен сау деп хабарланған
ба (OIE-нiң жылдық есебi бойынша)?
ЭМЕРГЕНТТI АУРУЛАР
(ауру қоздырушысы жаңадан ашыл-
ған немесе бұрын белгiлi, бiрақ
жаңадан басқа түрде байқалған
аурулар).
Аурудың жылдам таралуы (зооно-
тикалық потенциалдарымен) байқа-
ла ма?
ЖОҚ
ИӘ
ЗООНОТИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ
-Адамға
берiлуi дәлелденген бе
(ғылыми
эксперименттен
басқа)?
ЖӘНЕ
-Жұққанда адамдарды ауыр жағдайға
(өлiм, созылмалы түрде ауру) душар
ете ме?
ПОПУЛЯЦИЯЛАР АРАСЫНДА
КЕҢ ТАРАЛУЫ
-Мемлекет немесе аймақ шеңбе-
рiнде өлiм деңгейi осы ауруға бай-
ланысты ма? НЕМЕСЕ
-Мемлекет немесе аймақ
шеңберiнде ауруға шалдығу
деңгейi осы ауруға байланысты
ма?
ЖОҚ
ЖОҚ
ИӘ
ЖОҚ
ИӘ
92
зерттеу жүргiзiлiп, соның нәтижесi бойынша (сау емес пункттi iндеттанулық
зерттеу актiсi, ауданның немесе ауылдық округ инспекторының рапорты)
ауданның немесе ауылдық округ әкiмiнiң шешiмi негiзiнде ауру шыққан
шаруашылық, елдi мекен iндеттен сау емес деп жарияланып, инфекциялық
аурудың жiтi немесе созылмалы өршуiне байланысты карантин болмаса,
шектеу қойылады.
Өте жұғымтал жiтi өршейтiн жұқпалы ауруларда шаруашылыққа немесе
белгiлi бiр ауылдық округке карантин, ал таралу жолдары бәсең көбiнесе
созылмалы немесе жергiлiктi, спорадиялық байқалатын инфекцияларда
шектеу қойылады. Карантин - аса қауiптi жұқпалы ауруларда қойылатын
шектеу шараларының жиынтығы. Карантинде iндетке қарсы шаралар қатаң
түрде жүргiзiледi. Атап айтқанда, малды топтастыруды тоқтату, табынды
оқшаулау, шаруашылыққа сырттан малды кiргiзбеу, шығармау, т.б. Каран-
тиндiк инфекциялар тобына жататын жұқпалы аурулардың анықталуы төтен-
ше жағдай (құбылыс). Сондықтан оларға диагноз қоюда объективтi жоғары
квалификациялық тұрғыда (эпизоотолог маманы ретiнде) назар қойып, өте
жауапты қарау қажет. Нозологиялық балау дер уақытында қойылмаған
жағдайда, аса жұғымтал инфекциялардың кең түрде таралуына мүмкiндiктер
туындалады. Мысалы, Қазақстанда өткен жылдары аусылға дер уақытында
нақтылы нозологиялық балау қойылмай, iндет кең етек жайып, таралып,
көптеген экономикалық шығындарға әкеп соқты.
Індет ошағынан арылу жоспары инфекциялық аурудың жұғымтал-
дығына байланысты мемлекет немесе шаруашылық қаржысымен орын-
далады.
Карантин немесе шектеу қою шешімін толтыру үлгісі төменде
көрсетілген:
Үлгі:
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы әкімінің шешімі
Үржар ауылы, 30 мамыр 2002 ж., №326, 3 дана
Қабанбай ауылдық округін сиыр бруцеллезінен сауықтыруға
шектеу қою туралы
Үржар ауданының мемлекеттік ветинспекторы Б.Сатайдың ақпаратын
тыңдап, індеттен сау емес пунктті зерттеу актісімен таныса отырып,
қабылданған
Ш Е Ш І М
1.
Қабанбай ауылдық округін бруцеллезден сау емес деп жариялап,
шектеу қойылсын.
93
2.
Сауықтыру шаралары індеттанулық зерттеу актісі негізінде құрылған
жоспарға сәйкес жүргізілсін.
3.
Сауықтыру шаралары тендер «Дауа» фирмасына жүктелсін.
4.
Шектеу шараларының тәртіптерінің орындалуын қадағалау ауылдық
округтің ветинспекторы С.Байжұмановқа және ауылдық округтің әкімі
Н.Нұрғалиевқа жүктелсін.
5.
Осы шешімнің орындалуы аудан әкімінің аппарат басшысы С.Сапаров
және ауданның бас ветинспекторы Б.Сатай қадағаласын.
Үржар ауданының әкімі Д.Сейілханов
Бақылау сұрақтары:
1. OIE-нiң жұқпалы ауруларды жаңадан тiзiмдегендегi ұстанған негiзгi
критерилерi қандай?
2. Эмергентті аурулар дегеніміз не?
3.Аурудың зоонотикалық потенциалдарын атаңыз?
94
2-бөлім.
ЖЕКЕ IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АУРУЛАР
“Жеке iндеттану және инфекциялық аурулар” бөлiмiн оқығанда
студенттер бірнеше түлікке ортақ инфекциялық аурулардың ерекшіліктерін,
балау әдістерін үйреніп, дауалау, індет ошағынан арылуды, аталған шаралар
жүйесін жылқы зауыттары мен ипподромдарда, сиыр, доңыз фермаларында,
құс фабрикаларында, терісі бағалы аңдар өсіру, омарта, балық шаруашылық-
тарында ұйымдастыруды меңгередi.
Материалдық жабдықтау. Бейнефильмдер, диопозитивтер, слайдтар,
плакаттар, схемалар, патология-анатомиялық препараттар, сау және ауру
малдар, диагностикумдар, вакциналар жиынтығы, дәрi-дәрмектер жиын-
тықтары, оларды қолдануға арналған қажеттi құрал-жабдықтар, ветерина-
риялық заңдылық кiтаптары.
Сабақтың жүргiзiлу орны, әдiстемесi. Сабақтар тақырыптарына байла-
нысты кафедрада немесе шаруашылықта (ветеринариялық клиникада, ет
комбинатында, мал базарларында, лабораторияларда) жүргiзiледi.
Студенттер сабаққа дайындалу кезiнде лекциялық материалдарды,
оқулықтардың қажеттi бөлiмдерiн, ветеринариялық заңдылықтарды және
басқа да дәрiс оқитын ұстаздар ұсынған әдебиеттердi оқып, теориялық тұрғы-
да дайындалып келулерi қажет.
Әр ауру төмендегiдей схемада оқытылады: аурудың анықтамасы, қысқа-
ша тарихи сипаттама және аурудың қазiргi кездегi таралу жағдайы, iндеттiк
ерекшелiктерi, дерттенуi, клиникалық белгiлерi, патологиялық-анатомиялық
өзгерiстерi, лабораториялық балау әдiстерi және ажыратып балау, алдын алу
және iндет ошағынан арылу шаралары.
Түрлi iндеттiк жағдайды шешуге арналған тапсырмаларды орындайды
немесе белiгiлi бiр шаруа қожалығында, ауылдық округте инфекциялық
аурулардың алдын алу үшiн дауалау шаралар жоспарын құрастырады.
Аудиториялық сабақтарда пәннің бекітілген типтік оқу бағдарламасы
бойынша қарастырылған барлық ауруларды өтуге оқу сағаттары жетiспейдi,
сондықтан балау, ажыратып балауға арналған тапсырмалар бойынша сту-
денттер жазбаша түрде өзiндiк жұмыстар орындайды, сонымен қатар кейбір
тақырыптарды өз бетінше оқып, дайындалып, рефераттар жазып (тақырып-
тары кітаптың соңында берілген) мұғалiмнiң қатысуымен талдаулар, сұрақ-
жауап түрiнде дөңгелек үстел, пiкiрталастар ұйымдастырылады.
95
1-тарау. БІРНЕШЕ ТҮЛІККЕ ОРТАҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АУРУЛАРДЫ БАЛАУ, ДАУАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТ
ОШАҒЫНАН АРЫЛУ ШАРАЛАРЫ
9-зертханалық сабақ. Топалаңды балау әдістері
К е р е к т i қ ұ р а л д а р. Жануарлар терiсiнiң кесiндiсi, Уленгут
пробиркасы, Пастер түтiгi, преципитация реакциясына арналған топалаң
антигенi, топалаңға қарсы оң қан сарысуы, сау малдың қан сарысуы, қайшы,
колбалар, пипеткалар (1 және 2 см
3
), фенолданған физиологиялық ерiтiндi.
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы топалаңды балау әдiстерiне талдау
жасалынып, ауруға тән клиникалық белгiлерге, патанотомиялық өзгерiстерге
мән берiледi. Студенттер терiнi преципитация реакциясы (ПР) арқылы
топалаңға зерттеу әдiстемесiн меңгередi.
Топалаңның әдеттегi түрiн балау соншалықты қиындық тудырмайды.
Бiрақ ТМД мемлекеттерінде вакцинаны кең ауқымда пайдалануға байла-
нысты, бұл ауру төрт түлiк мал арасында әдеттегiдей iндет түрінде ғана емес,
спорадиялық жағдайда және клиникалық белгiлерi осы ауруға тән емес түрде
кездесiп жүр. Сондықтан топалаңды анықтағанда балау әдiстерiнiң толық
жүйесiн атап айтқанда: iндеттанулық, клиникалық және патанотомиялық,
лабораториялық зерттеулердi қолдану шарт.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Мал қыстауларында, фермаларда
топалаңға iндеттанулық талдау жасағанда ауруға барлық жануалар жасына
және жынысына қарамай бейім екені, қоздырушысы топырақта спора түрiн-
де сақталып, малға алиментарлы жолмен жұғатыны ескерiлiп, өткен
жылдарда осы өңiрде топалаңның болған болмағаны, болған жағдайда ферма
төңiрегiнде жер қазу жұмыстарының жүргiзiлгенi анықталды. Топалаңмен
жануарлардың барлық түрi, аңдар ауыратыны және сау малдарға қан сорғыш
жәндiктер арқылы жұғатыны ескерiлу керек. Сонымен қатар шаруашылық-
тағы барлық малдың топалаңға қарсы вакцинамен егiлгендiгi анықталады.
Жыл маусымдары да назардан тыс қалмай, қыс айларында қолға қараған
малдың азығының сапасы (оның қалай дайындалғаны), ал жайылым уақытта-
рында малдың өрiсi, суаттары тексерiледi.
К л и н и к а л ы қ ж ә н е п а т а н о т о м и я л ы қ б а л а у.
Топалаңның әдеттегi түрiнiң жiтi өршуiне байланысты, клиникалық белгiлерi
айқын байқалмайды. Ауруға шалдыққан қой мен ешкiнiң дене қызуы тез
көтерiлiп, аяқ астынан шығынға ұшырайды. Көп жағдайда жамандатқан
жылқы жата қалып тыпырлап, аунауға әрекет жасап, күшене бередi. Соның
салдарынан кейде оның тiк iшегi сыртқа айналып кетедi. Жылқыдан осындай
белгiлер байқалып, дене қызуы қалыпты шамадан жоғары болса, оны
тышқаншыққа балап, қан ағызып емдеуге болмайды.
96
Өлекседегi топалаңға тән белгiлер: iш кебу, ауыз, танау, артқы тесiктер-
ден аққан қанды көбiк байқалса, өлексенi жарып патология-анатомиялық
зерттеу жүргiзуге тыйым салынады. Кей жағдайда өлекседен бұндай белгiлер
байқалмауы мүмкiн. Көбiнесе аяқ астынан ауырған мал пышаққа iлiнедi.
Топалаңда еркiсiз сойылған малдың қаны ұйымайды, үлпершек ағзалар
ісініп, лимфа түйіндері қанталап, некрозданады (20-сурет). Әсiресе өзгерiске
көк бауыр (талақ) ұшырайды (көлемi ұлғаяды, кескенде қара қоңыр түстес
қою қан ағады, ұлпаның әдеттегi, яғни сау малдағыдай ақ және қызыл түстi
реңi сақталмайды).
Доңызда бұл ауру ангинозды формада байқалады. Бірақ ангина және
фарингитке тән белгілерді клиникалық байқау әркез мүмкін емес, сондықтан
ұшаны ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде баста ангинозды қа-
бынулар кездессе топалаңға күдіктену қажет.
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у. Лабораторияға өлексенiң жатқан
жағының құлақ кесiндiсiнен арнайы шын түтiкке қан тамшылары алынып,
аузы балқытылып дәнекерленедi немесе құлақтың кесiндiсi жiберiледi.
Мiндеттi түрде құлақ кесiндiсiнiң орны күйдiрiлуi қажет. Ерiксiз сойылған
малдың iшкi үлпершек ағзаларының өзгерiске ұшыраған бөлiктерi, мiндеттi
түрде көк бауыр немесе оның бiр бөлiгi, шошқаның жұтқыншақ, жақ асты
сөл түйiндерi маңындағы қанталаған жерлерiмен қоса алынып, целофан
қапқа немесе пергамент қағазына оралып, арнайы темiр қорапқа салынып,
жолдама қағазбен бiрге шұғыл түрде лабораториялық зерттеуге жiберiледi.
Жiберiлген материалдардан арнайы төсеніш әйнекке жағынды алынып,
анилин бояуларымен боялып, микроскоп арқылы қаралады. Дара немесе
тiзбектелiп, қатар орналасқан Грам оң таяқшаларының көрiнуi топалаңға
күдiк туғызады.
Топалаңның нақтылы балауы арнаулы қоректiк ортада бөлiнiп алынған
ауру қоздырушысының таза өсiнiмен анықталады. Ол үшiн бактериоло-
гиялық тәсiлдiң толық жүйесi қолданылады.
Топалаңның адамға бұл iндетпен ауырған жануарлардың терiсiнен және
одан жасалынған бұйымдардан жұғатындығына байланысты, терi, өңдеу
мекемелерiне түспес бұрын преципитация (Асколи) реакциясымен (ПР)
топалаңға тексерiлуi шарт. Бұл реакцияны Асколи деген ғалым ұсынған.
Т е р i н i п р е ц и п и т а ц и я р е а к ц и я с ы м е н т е к с е р у. Т е-
р i н i т е к с е р у г е д а й ы н д а у. Қоймаларда жиналған терiнiң
жарамсыз пұшпағынан алынып, автоклавта қыздырылған кесiндiсiнiң 2-3
грамы 15-20 см
3
фенолданған физиологиялық ерiтiндiде 1 тәулiк мөлшерiнде
бұқтырылып, оның сүзiндiсi зерттеледi. Егер де терiнi тез арада тексеру
қажет болса, терi пұшпағынан алынып, дайындалған кесiндiге физиоло-
гиялық ерiтiндi құйып, қайнағанға дейiн қыздырып, сүзiндiнi қолдануға
болады. Бiрiншiсiн суық (баяу), екiншiсiн – преципитация әдісінің ыстық
(жедел) тәсiлi деп атайды.
97
Р е а к ц и я н ы қ о ю р е т т i л i г i. Iшiнде топалаңға оң 0,3см
3
қан
сарысуы бар Уленгут пробиркасына Пастер түтiгi арқылы 0,3 см
3
зерттеуге
даярланған сүзiндiнi топалаңға оң сарысудың беткi қабатына немесе астына
жiбередi.
Реакция дұрыс қойылған жағдайда топалаңға оң сарысу мен сүзiндiнiң
аралығында шекара сызық қалуы қажет, яғни ерiтiндiлер бiр-бiрiмен
араласпай қабаттасып орналасуы шарт.
Мiндеттi түрде реакцияның дұрыс қойылғандығын бiлу үшiн, оң және
терiс бақылаулар қойылады. Оң бақылау биофабрикалық жағдайда даярлан-
ған топалаң антигенi мен оң сарысумен, ал терiс бақылау антиген және сау
малдың қан сарысуымен қойылады.
Реакцияның нәтижесi 10-15 минут аралығында есепке алынады. Егер де
топалаңға оң қан сарысуы мен терi пұшпағынан дайындалған сүзiндiнiң
аралығындағы шекара сызықта ақ жолақ сақина түзiлсе – реакция оң деп
есептеледi, яғни терi топалаңмен ауырған жануардiкi, керiсiнше ақ жолақ
сақина түзiлмесе – реакцияның терiс болғаны (сау жануардың терiсi).
Реакцияның оң және терiс бақылауларында өздерiне сәйкес оң немесе терiс
нәтижелер алынуы тиiс.
Преципитация реакциясымен терiнiң сүзiндiсi ғана емес, топалаңға
толық бактериологиялық зерттеу жүргiзгенде өлекседен немесе ерiксiз
сойылған малдан алынған патологиялық материалдың (ет, iшкi ағзалар
кесiндiлерi) сүзiндiсi де тексерiледi. Екi жағдайда да зерттеу материал-
дарынан сүзiндiлердi даярлау, реакцияны қою және оның нәтижесiн есепке
алу тәртiптерi бiрдей.
Шаруашылық немесе басқада ветеринариялық объектілерде (ұшаларды
сараптау, кеден лабораторияларында т. б.) жағындыны микроскопиялау мүм-
кіндігі болып, Грам және капсуланы анықтайтын әдістердің бірімен бояғанда
капсуласы бар, тізбектелген таяқшалар анықталса, толық бактериологиялық
зерттеу нәтижесін тоспай, індеттің таралмауына қарсы шаралар орындалуы
қажет.
15- тәжірибелік сабақ. Топалаңның iндет ошағында жүргiзiлетiн
Достарыңызбен бөлісу: |