5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Батыс Еуропаның халқы мен еңбек қорлары



бет78/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Батыс Еуропаның халқы мен еңбек қорлары. Батыс Еуропа - дүние жүзіндегі халқы ең тығыз орналасқан аймақтың бірі болып табылады. Аталған аймақтың халқының орташа тығыздығы әр шаршы шақырымға 100 адамнан келеді. Қоныстануы әр келкі болуымен де ерекшеленеді. Әр шаршы шақырымға 300 адамнан келетін халық өте тығыз қоныстанған белдеу Оңтүстік-Батыс Англияны, Нидерландыны, Бельгияны, Солтүстік Францияны, Рур мен Рейн маңы Рурын қамтитын аймақтың орталық бөлігі арқылы өтеді. Ол экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығына сай қалыптасты. Халқының өсу қарқыны жағынан аймақ дүниежүзінде артқы орын алады.
Табиғи өсудің кемуіне байланысты 1900 жылы дүниежүзі халқындағы Батыс Еуропаның халқының үлес салмағы 12,5 % 1998 жылы 6,6% дейін кеміді. Себебі 1995-1999 жылдар аралығындағы туу 110/00, өлім 100/00 құрады. Табиғи өсудің төмендігі мен қартайған адамдардың арасында өлімнің салыстырмалы түрде жоғарылығы халықтың санының өсуін күрт тежеді. Аймақтағы әйелдердің орташа жасы 80, ер адамдардікі 74 жас. Жастардың арасындағы жаппай жұмыссыздық пен басқада әлеуметтік-экономикалық қиындықтар жанұядағы дағдарысты күшейтті.
Қазіргі кезеңде Батыс Еуропаның көптеген елдерінде тууды ынталандыратын демографиялық саясат ұстануға ұмтылады. Аймаққа Шығыс және Орталық Еуропа, Африка мен Оңтүстік Азия және басқада аймақтардан экономикалық, саяси сонымен қатар әлеуметтік себептермен қоныс аударушы иммигранттардың саны жылдан-жылға артуда.
Иммигранттардың басым бөлігі бұрын отары болып кейіннен тәуелсіздік алған мемлекеттерден келеді. Қазіргі кездегі иммиграцияның маңызды елдері Германия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды. Соңғы жылдары Батыс Еуропа елдеріне шетел азаматтарының келіп кету құжаттары жеңілдетілген. Халықтың қозғалысының ел ішіндеде жоғары болуына байланысты аймақтағы жұмысшылардың 1/4 бөлігі маятниктік қозғалыспен жұмыс істейді.
Жұмыс күшімен білікті мамандардың саны АҚШ-қа қарағанда біршама жоғары болғаны мен халықтың экономикалық қарқынды бөлігі соншалықты жоғары емес және ол еңбек қорларының 2/3 бөлігін ғана құрайды. Оны әйелдердің жұмысқа тартылмауымен, сонымен қатар жаппай жұмыссыздықтың белең алуымен түсіндіруге болады.
Қаржы мен өндірістің шоғырлануының жоғарылығы жалданбалы жұмысшылар мен қызыметкерлердің басым болуын айқындайды. Техникалық жарақтануының күшеюі материалдық өндірістегі жұмысшылардың санының күрт төмендеп, қызмет көрсету саласында еңбек ететіндердің санын арттырды.
2000 жылы ауылшаруашылығымен орман шаруашылығында еңбек қорларының 5,0%, өнеркәсіп пен құрылыста 29,4%, көлік пен қаржы операциялары, сауда қызмет көрсету тағы да басқа салаларында 65,6% жұмыс істеді. Батыс Еуропа халқының ¾ бөлігі қалаларда тұрады. Ұлыбританияда, Германияда, Бельгияда, Швецияда, Исландияда кенттену деңгейі 85%, ал Португалияда 50%.
Батыс Еуропада халқының саны 1 миллионнан асатын 34 қала бар. Халқының саны көп қалалардың аумақтарда қанығу дәрежесі жағынан Батыс Европа солтүстік Америкадан алдыда болғанымен үлкен қалалардағы адам саны жағынан артта қалады. Аймақтың ірі агломерацияларының қатарына 12 млн халқы бар Лондон, 9,6 млн халқы бар Париж қалалары жатады. Қазіргі кезеңде оданда ірі қалалық қоныстану формалары Рейн-Рур, Ағылшын және Германия, Нидерланды, Бельгия аумақтарында әрқайсысының халқының саны 40 миллион асатын Рейн маңы мегаполюстері қалыптасуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет