60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет108/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Даль В. И. Словарь русского языка. - М., 1989. 
2. Жуков В. П. Словарь русских пословиц и поговорок. − М., 1967. – 535 с. 
3. Қазақ мақал-мәтелдері // Құрастырған Ж. Малайсарин. −Алматы, 2005. −184 б. 
4. Современный русский литературный язык / Под ред. Белошапковой Г. А. −М., 
2001. 
5. Пермяков Г. Л. От поговорки до сказки (заметки по обшей теории клише). − М., 
1970. − С. 23-24. 
6. Сулейменова Е. Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной линг-
вистики. − Алматы, 1996. − С. 15. 
7. Қазақ мақал-мәтелдері. Казахские пословицы и поговорки // Құрас. М. Аққо-
зин. − Алматы, 1990. −285 бет. 
8. Дина Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық прагматикалық аспекті-
сі. Ф. ғ. к. дисс. қолжазбасы. 10. 02. 02. – Алматы, 2002. – 110 б. 
9. Атаханова Р. К. Туыс емес тілдердегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық 
сипаты. Ф. ғ. к. дисс. автореф. – Алматы, 2005. – 31 б. 
10. Қыдырбекұлы Б. Сөз төркінін таниық//Түгел сөздің түбі бір. – Алматы: Қазақ 
университеті, 1993. – 176 б. 4. Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: Толғанай Т, 
2004. – 560 б. 
СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Татиева С. 
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, сениор-лектор
Каликова А. 
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, тьютер
Адамдар белгілі бір қоғамның, мемлекеттің, этностың, ұжымның мүшесі ретін-
де қоғамдасып, бір-бірімен тығыз байланыста, экономикалық, мәдени, саяси т. б. 
сан алуан қарым-қатынаста өмір сүреді. Адам өміріндегі осы бір алуан қырлы, күр-
делі қарым-қатынасты жүзеге асырудың аса маңызды бірден-бір құралы тіл екені 
барша жұртшылыққа мәлім. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында күнде-


200
лікті қайталаудың барысында, сан мәрте қолданудың нәтижесінде мықтап орнық-
қан, әбден қалыптасып, стереотипке айналған іс-әрекеттер (амандасу, қоштасу, ке-
шірім сұрау, құттықтау, рақмет айту, ризашылық білдіру, тілек айту, жұбату, көңіл 
айту т. б.) болады. Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп 
ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтылады. Осы 
әдеп ережелерінің тіл арқылы жүзеге асатын жағы «сөз этикеті» деген арнайы атпен 
ерекшеленіп атала бастады. 
Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман 
жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқы-
лы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады, 
әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады. 
Халық әдебі «Сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды, құрметтеуді, 
ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс – қимылына тәуелденіп айтыл-
ғанда, бұл сөз «ыңыз», «іңіз» қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. 
Мысалы, дастарқан мәзірінде «астан алыңыз», құрметтеу ниетін айтқанда «төрге 
шығыңыз», т. т. Қазақ халқында өзінен біраз жасы үлкен болсын, кіші болсын, бей-
таныс адамға «Сіз» деп сөйлеу салтқа айналған. 
Өмірінде қателеспейтін адам жоқ, аңғалдық жасап, байқамай қалатын кемшіліктер 
әркімде бар. Мұндай кемшіліктер екінші бір адамның көңіліне қаяу салып, кейітуі 
мүмкін, жеке адамның әдептен озып, опықтануы басқаға да әсерін тигізеді. Осындай 
жағдайда «кешіріңіз», «ғапу етіңіз» деген сөздерді айтып, өз кемшілігін мойындаған 
адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге «оқасы жоқ» деп жауап беру де әдептілік 
болып табылады. 
Әдептілікті білдіретін, мәдениеттілікті көрсететін сөздер – құрметтеу, ардақтау, 
бағалау сөздер: «Аса құрметті атамыз, біз, сізден тараған ұрпақтарыңыз, сіздің тоқ-
сан жылдық торқалы тойыңызды зор құрметпен тойлағалы отырмыз !», «Ардақты 
анамыз, аялап өсірген балаларыңыз сіздің ақ сүтіңізді ақтау үшін өзіңізге өмір бақи 
ризашылықпен қызмет етеді !» . Міне, осындай ардақтау, құрметтеу сөздерден соң 
ата – ана, үлкен адамдар жақсы тілекті батасын береді. 
Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады. Ағасы інісіне, не 
қарындасына «жаным», «күнім», «айым», «алтыным» десе, әкесі не шешесі, ағасы 
жас балаға «ботам», «құлыным» дейді, бала атасына «аташым», апасына «апата-
йым», ағасына «ағатайым» деп сөйлейді. 
Басқа адамнан көрген қызмет пен жақсылық үшін «рақмет» айту да әдептілікке 
жатады. Бұл сөзге «денсаулығыңызға бұйырсын», «көңіліңіз қош болсын», т. б. жауап 
айтылады. Жақсылыққа жақсы сөз айтып, ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады. 
Үлкен адамға қызмет ету үшін немесе оның тарапына қарай бір іс – әрекет жасау 
үшін, «рұқсат етіңіз», «мүмкін бе?», «мархабат етіңіз», «мүмкін болса», «ренжімесе-
ңіз» деген сияқты уәж сөздер айту әрі мәдениеттілікті, әрі әдептілікті көрсетеді. Үл-
кен адамның алдында дөрекі қимыл жасап, сөкет сөздер айту әдептілік емес. Әдеп-
сіздік деген сөздің баламасы – «ақымақтық, нақұрыстық» . Әдепсіз адам – бақытсыз. 
Ол өз бақытын өзі тебеді, өзіне-өзі бақытты өмір жасай алмайды. 
Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді 


201
айтуға жаттыққан адам – мәдениетті де әдепті адам. 
Сөз этикетінің адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын, олардың 
өзара байланыс орнатуына ұйтқы болатын арнаулы қызметі болады. Сөйтіп, қо-
ғамның, ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалының сау-cаламат болуына, сөз 
жоқ септігін тигізіп отырады. Тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болып жатқан осы 
бір кезеңде республика жұртшылығының рухани ахуалының сау болуы, қоғам мү-
шелері арасындағы қарым-қатынастың оң бағытта дамуы – аса қажетті шарт. 
Сөз этикеті негізінен фатикалық, аппелятивтік, конативтік, эмотивтік, волюнта-
тивтік, регулятивтік қызметтер атқарады. Сөз этикеттері арқылы халықтың бол-
мысын, сана-сезімін, дүниеге деген көзқарасын түсінуге болады. Бүгінгі ғылым 
үшін тілдік қарым-қатынас кезінде жұмсалатын, этикеттік мәнге ие болатын сөз-
дер мен сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды, олардың құрылымдық, се-
мантикалық, стилистикалық, прагматикалық, әлеуметтік, т. б. да ерекшеліктерін 
зерттеудің маңызы ерекше. 
Сөз этикеті өз бастауын мораль мәселелерін зерттейтін философиялық ғылым 
этикадан алады. Этика моральдің қоғамдағы орнын, оның шығу тарихы мен мә-
нін т. б. мәселелерін зерттейді. Этика, мораль сөздерінің мағынасы қазақ тіліндегі 
адамгершілік ұғымына келіп саяды. Этиканың міндеті адам өмірінде кездесетін іс-
әрекеттерді адамгершілік тұрғыда шешу мәселелерімен айналысу. Ал этикет этика 
ғылымы зерттейтін мораль ережелерінің бір бөлігі болып табылады. 
Этикет ұғымына адамдар өздерінің түрлі көзқарастарын білдіріп жатады. Эти-
кетті қолдамайтындар мынандай пікір айтады: 
– Өздерін әдепті, сыпайы көрсететін адамдарды ұнатпаймын. Әдепті көріну үшін 
ғана өздерін сыпайы ұстайды. Ішкі жан дүниесі таза болса болды, ал сыртқы дүние 
ол – алдамшы. Солай жасау керек болғандықтан ғана сыпайы боласың, ол сенің өз 
еркің емес, сондықтан да ол жалған, екіжүзділік. Байқайсыз ба, барлық өтірік ай-
татындар, екіжүзділер сыпайы көрінеді. 
Ал этикетті жақтаушылар былай дейді: 
– Сіз дұрыс айтасыз, барлық өтірікшілер, екіжүзділер сыпайы көрінеді. Бірақ, 
бұл нені дәлелдейді? Бес саусақ бірдей емес дегендей, сыпайы адамдардың барлы-
ғы өтірікшілер емес қой. Ал өтірік айтушылар, екіжүзділер сыпайыгершілік өте 
керемет қасиет болғандықтан соның ығына тығылады [1, 6 б]. 
Этикет сөзінің шығу тарихы төмендегідей: Франция королі XIV Людовиктің қа-
былдауына келушілерге король сарайының арнайы қызметкерлері этикетка деп 
аталатын бір жапырақ қағаз беретін болған. Ол қағазда корольді қалай атау керек, 
оның алдында қалай сөйлеу керек, корольдің алдына барған кезде қандай қимыл 
жасауға болады, қандай қимыл жасауға болмайды, т. б. қысқаша әдеп ережесі жа-
зылатын болған. Бұл этикеткаларды адамдар арасындағы қарым-қатынас пен нор-
ма ережелерінің алғашқы құжаты ретінде бағалауға болады [ 2, 25б]. 
Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жа-
ғымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне 
сай анықталады. Мысалы, кейбір халықтарда қонақ тың тамақты жеп, риза бол-
ғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда 


202
мәдениетсіздіктің нағыз көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу 
барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет 
күтеді [3, 27 б]. 
Сөйлеу этикасы – әр түрлі қарым-қатынас ситуацияларындағы сөйлеу тәртібі-
нің ережесі және этикалық нормалардың жиынтығы. Сөйлеу этикасы риторикалық 
этика деп те айтылады. Сөйлеу этикасы жалпы адамзаттың этикалық құндылық-
тарын, ұлттың этикалық алғышарттарын, жеке тұлғаның этикасының байлығын 
өзіне тірек ете алады. Сөйлеу тәртібі ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, салт жоралғы-
лармен, жеке тұлғаның тілді қолдану тәрбиесімен, тұрақты тәжірибесімен тікелей 
байланысты. Сөз этикетіндегі негізгі ерекшеліктің бірі – кез келген тілдегі этикет 
тілдік бірліктердің белгілі бір дәрежеде стандартталуы. Кез келген тілде амандасу, 
қоштасу, кешірім сұрау, ризашылық білдіру, алғыс айту, жұбату, рахмет айтудың 
қалыптасқан стандарт түрлері бар. Оларды жас, жыныс т. б. ерекшелігіне қарай 
белгілі бір формасын қолданғанмен әр адам я автор амандасу, қоштасу я рахмет 
айту формаларын өздері ойлап таппайды. Көркем шығарма мәтіндерде де, ауызе-
кі сөйлеу тілінде де белгілі бір этикет сөз, сөз тіркесі, сөйлем дайын тілдік бірлік 
ретінде қолданылып отырады. Этикет тілдік бірліктердің дайын күйінде қолданы-
луы әдеби тіл үшін де, ауызекі сөйлеу тілі үшін де, көркем шығарма тілі үшін де 
норма болып саналады. 
Сөз этикетіндегі стандарт тілдік бірліктердің негізгі белгілері: құрамының тұ-
рақтылығы, үнемділігі, дыбысталуының үйреншіктілігі, мазмұнының көпшілікке 
түсініктілігі, қолданысқа икемділігі, дайын тілдік бірлік ретінде қолданылуы. Сөз 
этикетіндегі стандарттылық кездейсоқ пайда болған құбылыс емес, ұзақ уақытқа 
созылған тіл тәжірибесінің нәтижесі. Стандарт тілдік бірліктердің туып, қалыпта-
суына әсер ететін бірнеше факторды атап көрсетуге болады. Оның бірі – күш-жі-
герді үнемдеу заңы негізінде пайда болған тілдік экономия. Қарым-қатынас про-
цесінде сөйлеу этикеті маңызды роль атқаратыны белгілі. Ол адамдардың әртүрлі 
жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс принциптерін жүйелеп 
отырады. Этикет – адамдардың барлық жағдайлардағы өзара араласуындағы ере-
желер жиынтығы. 
Осы дүниеде және о дүниеде иесіне ең көп пайдасы мен зиян келтіретін бұл – бір 
жапырақ ет – адамның тілі. Өйткені тіл адамның ішкі дүниесін ашатын кілті іспет-
ті. Мәселен, адам иманға келсе, не күпірлігін сыртқа шығарса қоршағандарға соны 
тілі арқылы білдіртеді, сыпайылығы мен көргенсіздігін де тілінен аңғаруға бола-
ды. Мұсылман адам жаман, арсыз, дөрекі, қарғыс сияқты сөздерден аулақ болуы 
қажет. Жаман сөздердің айтылуын Алла-тағала ұнатпайды. Және бұл мұсылманға 
жат сипат болып табылады. Пайғамбар жаман сөздерді айтуды имансыз құлдың 
сипатына жатқызған. Осыған орай ол былай деп айтқан: «Иманда адам тілдеуші, 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет