60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет96/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   179
Бекстейджкөрермен көрмейтін әрекеттер, үдерістер – «сырттағы», «сахна 
сыртында», «кадрдан тыс» (ағыл.: backstage – сырт, астыртын, сахна сыртында 


184
тұрған). Термин көбіне сән бизнесінде, кинематографта қолданылады және сахна 
сыртында не болып жатқаны жайлы мағынаны білдіреді. 
Блог (ағыл. blog, «web log», «жүйелік журнал немесе оқиғалар күнделігі») – не-
гізгі жиынтығы мәтін, сурет немесе мультимедиадан тұратын, адам тұрақты то-
лықтыратын жазбалар веб-сайты. Блогтарға кірушілер пікірлерін (түсіндірмелер) 
жариялау мүмкінділігі тән. Ол блогті электрондық пошта, жаңалықтар топтамасы 
мен чаттар алдында артықшылыққа ие жүйелік байланыс ортасы жасайды. 
Блэкаут (ағыл. blackout). 1. Блэкаут (апат) – тәуліктің қараңғы уақытында энер-
гетикалық жүйедегі апат. 2. Блэкаут – пердеге арналған жарық өткізбейтін мата 
атауы. 3. Блэкаут – Marvel комикстеріндегі залым. 
Бра́узер не веб-шолушы (ағыл. web browser, [wɛb ˈbraʊ. zә(ɹ), -zɚ]; көне. бро́узер 
– парақшаларды, веб-құжаттар мазмұнын, каталогтарды қарауға арналған қолдан-
балы бағдарламалық қамтамасыз ету; веб-қосымшаларды басқару, сондай-ақ бас-
қа міндеттерді орындауға арналған. Ауқымды желіде браузерлерді веб-сайт маз-
мұндарын сұрау, айла-шарғы жасау мен көрсету үшін пайдаланылады. Көптеген 
заманауи браузерлер әрі файлдарды FTP серверлерімен алмасу үшін, сондай-ақ 
көптеген графикалық форматтар файлдарының (gif, jpeg, png, svg), дыбыс-бейне 
форматтар, мәтіндік форматтар (pdf, djvu) мен басқа да файлдардың мазмұнын ті-
келей қарау үшін қолданылуы мүмкін. 
Бренднемесе брэнд (ағыл. brand «таңба») – тұтынушы санасындағы өнім немесе 
қызмет туралы түсініктер, пікірлер, ассоциациялар, эмоциялар, бағалық сипатта-
малар кешені. Өнім немесе қызметтің менталдық қауызы. 
Вайн (ағыл. «Vine») – бұл, әдетте екіден жиырма секундтық ұзақтықтағы өте 
қысқа ролик. Вайндар көбіне өмірдің белгілі сәттерінен көрініс береді. Вайндарды 
түсіретіндерді вайнерлер деп атайды. 
Ватсап (whatsapp) – дыбыс пен бейнебайланыстық қолдауға ие ұялы және бас-
қа да платформаларға арналған мәтіндік хабарламаларды жедел алмасудың таны-
мал тегін жүйесі. Интернет арқылы мәтіндік хабарламалар, суреттер, бейне және 
электрондық құжаттар жіберуге мүмкіндік береді. 
Дедлайн (ағыл. deadline). 1. Міндет орындалуы тиіс болатын соңғы мерзім, шек-
тік мерзім, күні мен уақыты. 2. Дедлайн (DC Comics)[en] – DC Comics баспасының 
комикстерге енгізген, ойдан шығарылған кейіпкері. 3. «Deadline. Жобаларды бас-
қару туралы роман» – Том Демарко кітабы. 4. Қалалық бағдарлау. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет