60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет105/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі: Филол. ғыл. 
2. д-ры диcс. – Алматы, 1998. – 250 б.
3. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 
4. 2001 – 230 б. 
5. https: //tenqrinews. kz/kazakhstan_news/hayp-fidbek-fandom-jana-sozder-enqen-
sozdik
6. https: //vsekidki. ru/460-raffl. html
КІСІ ЕСІМДЕРІ МЕН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫН ЛАТЫН 
ӘЛІПБИІНДЕ ЖАЗУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Садырбаева З.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
ғылыми қызметкері
Бүгінгі қазақ тілінің емле ережелері, орфография, орфоэпия принциптері өз бас-
тауын ұлы ғалым А. Байтұрсынұлы еңбектерінде көрсетілген заңдылықтармен жү-
йеленіп, қалыптастырылды. А. Байтұрсынұлы – ХХ ғ. басындағы қазақ тілінің жазу 
мәдениетінің негізін салушылардың басшы тұлғасы болса, ХХІ ғасырдағы жаңа латын 
әліпбиінің негізін қалаушылар – бүгінгі ғалым-тілшілер, жастар жалғастырушы – бо-
лашақ ұрпақ. 
Елбасының тапсырмасымен латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырыл-
мақ. Қазіргі жаңа латын әліпбиінің қазақ тілі емле-ереже заңдылықтарына сүйене оты-
рып, ұсыныс-жобасын жасаушылардың бірі, тіл жанашыры ғалым Анар Фазылжанова 
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында латын әліпбиінің мән-маңызы-
на тоқтала келіп, тілшінің: «Латын әліпбиіне көшу неше кезең бойынша жүзеге аса-
ды?» – деген сұрағына орай әр кезеңнің мақсатын түсіндіріп береді. Ал жергілікті жер-
лердің атауын латынға көшіру, яғни қазақ тілі ономастикалық жүйесі үшінші кезеңде 
көшірілетініне тоқталды. Кезінде кирил графикасына негізделген қазіргі қазақ жазуы 
орыс тілі арқылы енген сөздерді, атауларды сол күйінде, ұлтық тілімізге икемделмеген 
қалпында жазып келді. Енді, академик Р. Сыздықтың айтуынша, «латыншаға көшкен 
кезде түпнұсқалық принциппен жазылатын сөздер қазақшаға игерілу керек. Ғалым-
ның бұл пікірі жер-су, қала, көше атауларына, яғни ономастикаға да қатысты екені 
даусыз. Яғни кеңестік кезеңнің түпнұсқалық принципінен құтылудың жалғыз жолы 
– латын графикасына негізделген әліпбиге көшу болды. Осы ұстанымды танымал тіл-


193
ші-ғалымдардың дені қолдап, өз пікір-ұсыныстарын баспасөз арқылы білдірді. Бұл 
басқа тілдерден енген сөздерді, терминдерді қабылдамау керек деген сөз емес, кез кел-
ген тілдің лексикасы басқа тілден сөздерді қабылдау арқылы дамиды. Әйтсе де кірме 
сөздер қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылығы бойынша қабылдануы 
әрі игерілуі керек. Мұны неге айтып отырмыз. Қазір елімізде адам есімімен, табиғат 
ерекшелігімен т. б. байланысты жер-су атулары өте көп. Оның түпнұсқасын сақтап 
жаза берсек, біз кирилл графикасынан еш уақытта құтыла алмаймыз. Сондықтан ла-
тын графикасына негізделген әліпби арқылы түзелген жер-су, есім атауларының сөз-
дігін, анықтамалықтар шығару кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені кезінде қазақ араб 
әліпбиіне негізделген ескі жазба тілі деп айтылып келген әліпбиіміз болғаны белгілі 
төте жазудың әрине өз ережесі болды. Ал отызыншы жылдардағы латын әліпбиіндегі 
жазу-сызудың ұстанған өзіндік емле-ережелері қалыптасты. Бүгінгі күнге дейін орыс 
әліпбиіне, яғни кирилшеге негізделген орфографиялық ереже фонетикалық-морфо-
логиялық принцип бойынша жасалып, қолданыста болды, бұл аралас-құралас, яғни 
орыс-қазақ гетрогенді принцип сақталды. Қазіргі мақсат – латын әліпбиіне сәйкес бас-
ты ұстанымдарымызды айқындап алу, сондықтан осы аса жауапты міндетті ойланып 
жүзеге асыру керек. Ол үшін ең алдымен болашақтағы орфографиялық, орфоэпиялық 
сөздіктерді ережеге сай түзу, өйткені ол ереже – белгілі бір тілдің біркелкі стандартқа 
сай жазылу нормалары мен тәртіптерін, қағидаларын белгілейтін заңдық күші бар құ-
жат екені белгілі. Біздің сөз етіп отырған мәселеміз ономастикалық атаулардың латын 
әліпбиімен дұрыс жазылуын қарастыру болғандықтан, ұлттық тіліміз үшін ономасти-
калық атаулар сөздігін жасау аса маңызды болып отыр. Өйткені Қазақстан халықара-
лық әуежолымен 200-ден астам аэропорт, теміржол қатынасы арқылы сан мыңдаған 
қаламен, әралуан елдермен байланыс жасайды. Республикамыздың жер-су атаулары 
орфографиялық ережелерге, яғни картадағы нысандар орфографиялық стандартқа сай 
болуы көзделеді. Адам есімдері, миллиондаған төл құжаттары, мекеме, ұйымдардың, 
жеке және заңды тұлғалардың аттарының орфографиялануы, емле ережесіне сәйкес 
болуы міндетті. Әрбір сөз белгілі бір орфографиялық принцип бойынша жазылуы 
керек, өйткені орфографиялық принциптер жазу жүйесі үшін аса маңызды. Әлемдік 
лингвистика бойынша бір ғана принципке негізделген жазу жоқ, алайда жазу тари-
хында бір ғана принциппен жазу дәстүрі болған. Тілдің ұлттық ерекшелігіне, сипаты-
на байланысты орфографиялық принциптің бірнеше түрі таңдалып, сол бірнеше түрі 
жазба тілге қызмет етеді. Ал латын графикасына негізделген әліпби жүйесі бойын-
ша емленің негізгі принциптерінің қызметі кеңейіп, түпнұсқа ұстанымымен жазылып 
жүрген сөздердің жазылуы фонетика-фонематикалық қағидаға ауысуға тиіс. Өйткені 
латын графикасына көшудің негізгі мақсаты да кірме сөздерді қазақшаға икемдеп, қа-
зақ тілінің заңдылығына бағындыру. Қазіргі қазақ орфографиясындағы принциптер-
ді ереже мен негізгі орфографиялық принципттерді өзгерту, әрине, ұқыпты, саналы 
түрде ғылыми жақтан дәлелденген ұстанымдарға сәйкес негізделеді. Егер қолданыс-
тағы орфографиялық қағида өте қолайлы, жатық, үдемелі болса, онда осы қағиданы 
дәлелдейтін дәйектерді, негіздерді нақтылап, соның ұстанымымен ережелер жасалды. 
Бұрынғы ережелер кирилшеге негізделгендіктен көп қателіктер болып келгені рас. 
Бүгінгі күнге дейін бір атаудың-есімнің бірнеше нұсқада жазылып жүргендігі мәлім. 
Мысалы, Қожа Ахмет Иассауи – Яссауи – Ясауи; Баба түкті Шашты – Әзиз – Баба 
Түкті – Шәшті Әзіз; Дінмұхамед Қонаев – Дінмұхамет Қонаев тәрізді. Сондай-ақ тілі-


194
мізге жат ь (жіңішкелік белгісі) Шарын каньоны т. б. атаулар бар, оны Шарын канийо-
ны/канионы деп жазамыз ба, ойланатын шаруа немесе шет тілдік атаулар: Нью-Йорк 
– Ниу-Йорк, т. б. қазақ әдеби лексикасында ажыратушылық қасиетке ие ъ (жуандық 
белгісі) бар сөздер жиі болмаса да бар: съезд, объектив т. б. Осы тәрізді сөздерді біріз-
дендіру үшін қалайда сөздіктер түзу алыдңғы кезектегі мәселе. Қазірдің өзінде Qazaq, 
Qazaqstan деп жазылған атуларды кез келгеніміз қиналмай-ақ оқи аламыз. Сондықтан 
да латын графикасын қабылдау еш қиындық тудырмайды деген пікірдеміз. Өз тіліміз, 
өз жазуымыз қалыптассын десек, латын әліпбиін ұрпағымыздың бойын сіңіруге әр 
қазақ ат салысуға тиіс. 
Үстіміздегі ғасырдың тарихи оқиғаларының бірі – қазақ халқы үшін жаңа латын 
әліпбиінің қолданысқа енуі. 1940 жылдарға дейін Алаш зиялыларының мәдени мұра-
сы есептелген латын әліпбиі бүгінгі ұрпаққа да жат емес. Елбасының өзі рухани жаң-
ғыруда жастардың рухани санасының жоғары деңгейде екеніне сенім білдіре отырып, 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақ мемлекеті-
нің дүниежүзіндегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына енуіне орай бірқатар 
атқарылуға тиіс міндеттерді айқындап берді. Болашағымыз үшін ең басты мақсат – 
ұлттық құндылықтармыз бен халықтық озық дәстүрлерімізді сақтап, жаңартып оты-
ру. Сондай-ақ бұл мақалада рухани бірегейліктерді қалыптастыру керектігін атап өтті. 
Ол үшін ұлттық тіліміз бен ұлттық жазуымызды бір қалыпқа түсіріп, болашақ латын 
графикасына негізделген әліпбиіміздің емле-ережелерін біріздендіру, бағдарын белгі-
леу және бекіту міндеті тұр. Ғалым, тілшілердің ұсыныс-жобаларымен қабылданып 
бекіген әліпби емле-ережелері орфографиялық жүйеге негізделеді. Себебі әрбір сөз, 
атаулар, жер-су аттары белгілі бір ұстаным қағидасымен жазылуы өте маңызды. Ла-
тын графикасына көшудің мақсаты да осы. 
1940 жылдан бастап қазақ дыбыстың жүйесіне тән емес в, и, ф, х, ц, щ, ч, э, ю, я, ь, 
ъ тәрізді әріптердің енуіне де байланысты шығар, Қазақстан жер-су, қала аттары ке-
ңестік саясаттың салдарынан Көкшетау орыс тілінде – Кокчетав, Қызылорда – Кызыл 
Орда, Жамбыл – Джамбул т. б. орыс кириллицасымен айтылып, жазылып келді. Бұлай 
аталудан тәуелсіздіктің арқасында ғана құтылған сияқтымыз. Алайда әлі де болса, ке-
ңестік жүйенің сарқыншақтары сақталып келе жатқаны жасырын емес. Облыс орта-
лықтарының өзі Павлодар, Петропавл, кейбір қалаларда (Тараз) Ленин атындағы көше, 
Октябрь көшесі (Талғар) т. б. атаулар жойылған жоқ. 
Қорыта келгенде айтарымыз, латын графикасына негізделген жер-су, есім атаула-
рын жазуды орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін қазақ тілі емле ереже заңды-
лықтарын сақтай отырып қолға алу керек. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет