60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет110/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Формановская Н. И. Речевой этикет и культура общения. – М.: Высшая школа, 
1989. – 159 с. 
2. Шадкам З. Қазақ және түрік тілдеріндегі сөз этикетінің лингвомәдени ерекше-
ліктері: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2005. – 147 б. 
3. Құлсариева А. Т. Этика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 43 
бет. 
4. Гольдин В. Е. Этикет и речь. – Саратов: Изд-во СГУ, 1978. – 112 с. 
5. Егіншібаева Н. Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар: Филол. ғыл. канд... . дис. 
автореф. – Алматы, 1997. – 25 б. 
6. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті: Филол. ғыл. канд... . дис. – Алматы, 1993. – 151 
б. 


205
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАР
ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕ 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН 
МІНДЕТТЕРІ
Әлкебаева Д. 
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филол. ғ. д. 
Онгарбаева К. 
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты 
Қазақ халқының ән өнері ерте кезеңнен бері қалыптасып, дамып, тұрақты ор-
ныққан асыл қазына. Ежелгі фольклор саласындағы музыканың бір бөлігін құ-
райды. Ән өнері адамзаттың іңгалап туғанынан бастап өмірден өткенінен дейін 
құлағында сақталатын дыбысы. Осы орайда Абайдың өзі: 
«Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнынан кірер денең», – деп бекер айтпаса керек. Ән – халықтың 
ұлттық мұрасы. Ән ұлттың ежелден қалыптасқан сарынды да сазды үні. Әннің 
өзі ішінен ұлттық өнерге қарай негізделіп, әр ұлттың болмысына сай қалыптасып, 
орын алады. Ән өнері ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Оның дәлелі халық ән-
дерінің ауыздан-ауызға таралып, одан бөлек нотаға түскен әндердің жинақталуы 
осының көрінісі. Осы орайда бүгінгі таңдағы өнертанушылар қазақ халық әндері-
нің ұмыт болмауы жолында жұмыс жасауда. Тұтастай алар болсақ, ұлттық өнер, 
ұлттық дүние дегеніміз мынадай элементтерден тұрады: ән өнері; күй өнері; бей-
нелеу өнері; сәндік қолданбалы өнер; театр өнері; кино өнері және т. б. Қазақ хал-
қының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ән дәстүрі дүниеге келді. Соның 
нәтижесінде бай музыкалық мұрасы жасалды, мәдениеті қалыптасты. Қазақ әнін-
де халық өнерінің әр кезеңіндегі тыныс-тіршілігі, бітім-болмысы, заман үні көркем 
көрініс тапқан. Халқымыздың бізге жеткен ән-жыр нұсқаларының көпшілігі қазақ 
дәстүрлі ән өнерінің көшбасшылары, ақын Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, үкілі 
Ыбырай және т. б. дарын иелерінің мұралары болып табылады. Дарқан даланы той-
думанға бөлеген әнші әрі жыршы, ақын әрі батыр қазақ халқының «Ән – көңілдің 
ажары» деген нақыл сөзі бар. Адам көңілінің әр сәтін ән ноталары арқылы небір 
әшекей-өрнектермен әсем безендіріп, нанымды суреттелгеніне бізге жеткен халқы-
мыздың бай ән мұрасының кез келгені мысал бола алады. Әдебиеттің, музыканың, 
театрдың бастауы болып табылатын фольклор өнердегі, көркемөнер шығармашы-
лығындағы өзіндік орнын ешқашан жоғалтпақ емес. Әрбір халықтың фольклоры 
ұлттық өнер шеңберінде өзіндік және этникалық өзгешелігінің айқындығымен, 
аумақтық және жергілікті стильдік үлгілерінің молдығымен ерекшеленеді. Қалың 
көпшіліктің көзқарасын, этностардың әлеуметтік-эстетикалық арман-мұраты мен 
моральдарының идеялық мазмұнының ұқсастығын білдіре отырып, фольклор бар-
лық ұлттың, халықтардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңызды 
құралы болып табылады. 


206
Қазақ халқының тарихында күрделі орын алған үлкенді-кішілі оқиғалардың 
қай-қайсысы болса да халық әнінің мазмұнынанкөрініс тапқан. Халық әндерінің 
өміршеңдігі де осындай қасиетінде. Әрине, Абай айтқандай: «Әннің де естісі бар, 
есері бар». Мирасқоры біз болған ән дүниесі халықтың өткен тарихының куәгері 
саналарлық «есті ән». Мұнда көне заман шындығын шертетін көп деректер мен 
бірге халық басынан өткерген тарих көшінің де тізбегі секілді мол мағлұматқа ке-
нелетін жайлар бар. Ән –сан ғасырлық тарихы бар, талай-талай ұрпақтан өткен 
жол-жөнекей жөнделіп, өңделіп, жаңарып бізге жеткен жанр. Ғасырлар елегінен 
өткен әндер айшықтана, әрленіп музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына ай-
нала берген. Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқын-
дайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдение-
тіндегі ән өнерінің алар орны ерекше. Данышпан Абайдың «Туғанда дүние есігін 
ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл 
тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Біз бұл өлең жолдарын 
жоғарыда айтып өттік. Шындығында сәби дүниеге келгенде «бесік жырымен» әл-
дилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде «жоқтау» айтып шығарып саламыз. Со-
нау ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын 
тауып келеді. Бүгінгі күн жастарының тойы да «жар-жар», «беташармен» өтетіні 
ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы 
Г. Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі 
қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек. [1, 147 б.]
Ол мәдени мұра, тарихи-рухани құндылық, халықтық салт-дәстүрлер, дәстүрлі 
халық ән өнері түсініктерімен тығыз байланысты болғандықтан, оның ерекшелік-
тері мен табиғаты қай кезде де халық жанына жақын болған. Халықтың музыка-
лық шығармашылығы әр халықтың рухани мәдениетінің басты құрамдас бөлігі 
болып табылады. Сонымен қатар, қазақ әнінің өзіндік тағы бір ерекшелігі, ұрпақ-
тан-ұрпаққа, аймақтан-аймаққа тарай отырып, ауызша үйретіліп, дәстүрлі түрде 
орындалып, орындаушы өнерпаздардың орындау барысында, шабыттана отырып 
шығарманың кейбір жерлеріне өз өзгерістерін жасап отыруы жиі кездеседі. Қазақ 
халқы ежелден әншілік өнерімен ерекшеленген. Ұлттық дәстүрлі музыка қорымыз-
дағы ең көп сақталғаны да осы – ән өнері. Өмірдің әр құбылысын әнге қосып, өз 
шежіресін әнмен жазған халқымызда шығарушысы ұмытылса да, мәтіні мен әуезі 
ел жадында сақталып келе жатқан бірнеше мың халық әндері бар. Тарихтың сан 
қилы талқысынан сүзіле өтіп келе жатқан бұл әндер ұлттық болмыс пен қасиетті, 
тұрмыс-тіршілікті білдіретін айрықша құндылық болып саналады. Небір жез кө-
мей дарынды әншілер мен ән әуезін жанына жұбаныш жасай білген талантты өнер-
паздар арқылы бүгінге жетіп отырған халықтық ән өнері – уақыт өткен сайын өз 
қасиетін арттыра түсетін, ұлттық ерекшелігімізді айқындап беретін асыл мұрамыз 
екені анық. Қанша буын өнерпаздар қолынан өтсе де, өз мазмұны мен маңызын 
жоймай, ұлттық мінезді, терең сезімді жырлап келе жатқан бұл өнер, шын мәнінде, 
өзіндік салт- санамызды, дәстүрлі тірлігімізді сақтаушы қасиетімен де құнды. Ке-
шегі мен бүгінгінің арасын жалғап тұрған халық әндерінде ақыл-парасат та, тарих 
та, ұлттық мінез бен игілік те тұнып-ақ тұр. 


207
Бүгінгі таңда кітап оқу мәселесі мен көркем әдебиеттің құндылығы өте жоғары 
деңгейде деп айта алмаймыз. Себебі, жастар қауымы бұқаралық ақпарат құрал-
дары арқылы түрлі телебағдарламалар мен бейнебаяндар, киноиндустрия саласы 
арқылы ақпарат алмасады. Көркем мәтін үлгілері де, көркем әдеби сөздер де осы 
ән мәтіндері мен бағдарламалар, фильм сценарийлерінде көрініс табады. Оқырман 
болсын, көрермен болсын көзбен көріп, құлақпен естуге құмар. Сол үшін де арна-
йы мерекелік кештер, той-думан, тіпті мерекелік бағдарламалардың бәрі әуен мен 
әуезге құрылады. Сол әуендердің тез таралып, жастардың тілімен айтқанда «хит» 
болып кетуіне не әсер етеді? Әдемі әуені ме? Әуенге сай жазылған сөзі ме? Халық 
жадында ұзақ уақыт жатталып, ауыздан-ауызға айтылып жүретін әуеннің сөзі. Кез 
келген ән сөздерінің мәтіні белгілі бір стильге, жанрға, адамның ішкі жай-күйіне 
сәйкестеліп жазылатыны белгілі. Соған сай ән мәтінінің қандай стилистикалық 
тәсілдер арқылы, тілдік бірліктердің қолдану амал-тәсілдері арқылы жасалғанын 
анықтау керек. Стилистикалық тәсілдердің қатарына троп түрлері, стилистикалық 
фигуралар, стиль құраудың стратегиясы мен тактикасы жатады. Тілдік бірліктер-
дің өзі дәстүрлі стилистикалық тәсілдері контекстен тыс стилистикалық коннота-
циялардың негізгі жүйесін құрай отырып, оның тұтас көркемдік сапасын жасайды. 
Сонымен қатар ән мәтіні болмасын, өзге мәтін болмасын қолданыс тілінің аясында 
тілдік бірліктердің анық, көркем, бейнелі шығуына стилистикалық мағына үлкен 
ықпал етеді. Біздің айтып отырған безендіруші стилистикамыздың негізін құрай-
тын белгісі – стилистикалық тапсырма. Стилистикалық тапсырма сөйлеушінің яки 
айтушының арнайы ойлап тапқан көркемдік, экспрессивтік айту мәнері, адресаттық 
қабылдауына арнайы стилистикалық тиімді әсер қалдыру үшін қолданылады. Сти-
листикалық тапсырма айтушы хабарының экспрессивті мағлұматын көрсете алады. 
Сонымен қатар кез келген мәтіннің прагматикасының болатыны белгілі. Прагмати-
ка деп отырғанымыздың өзі – тілдік белгілердің, тілдік таңбалардың, оны қолда-
нушы адамдарға қарым-қатынасын көрсетеді, сөйлеу қарым-қатынасының барлық 
параметрлерін қамтиды. Прагматикалық әдістемелік және әдістік зерттеулері тілдік 
факторларға негізделген. Прагматика тілдік таңбалардың әртүрлі деңгейлерін ғана 
қарастырмайды, сөйлеу қарым-қатынасының барлық параметрін зерттеуді нысана 
етеді, қандай мақсатта сөйлеп, жеткізіп тұрғанын көрсетеді. [2, 97 б.]
Бүгінгі уақытта стилистика мен прагматика үдерісінің интеграциясынан зерт-
теулердің жаңа ерекше прагмастилистика бағыты пайда болды. Сондықтан праг-
мастилистика көп аспектілі ғылым болып саналады. Диплом жұмысымызға кіріс-
пес бұрын, прагматика мен прагмастилистиканың зерттеу обьектісін, стилистика-
мен арақатынасын көп аспектілі бағдарларын анықтауымыз қажет. 
Психологтардың зерттеу қорытындылары бойынша тыңдармандардың 80% ән-
нің желісіне, барысына назар аудармас бұрын оның тақырыбына мән береді екен. 
Тақырыпқа қарап тыңдарман әнді ынтыға тыңдауы немесе керісінше жай ғана ат-
тап кетуі мүмкін. Осы орайда мынадай сауал туындайды: Тақырып мәтіннен туа-
ды ма, әлде мәтін тақырыпты қуады ма?
Ән тақырыптары автордың ішкі әлемі мен ұстанымы мен әннің мазмұны мен 
мақсатына сай туындайды. Тақырыпқа әннің мәтініне сәйкестендіріліп жазыла-


208
ды. Әннің орындалу барысын негізінде тақырыптың ашылмауы музыка саласында 
жиі кездесетін құбылыс. Тақырып –әннің негізгі әрі маңызды бөлшегі. Тақырып 
арқылы әннің қалыпты ерекшелігі мазмұны ашылады. 
Қазақ әндерінің табиғаты міндетті түрде бекітілген белгілі бір заңдылықтар 
мен талаптармен жүзеге аспайды. Себебі сайын даланың төсінде қаншама автор-
лар бар. Әрқайсысы өз ішінде, жан-дүниесінде болып жатқан сырды ақтарады. Кей 
әндердің мазмұны мен мәні, тілдік бірліктері адам тәрбиелейтін, қоғамға билігін 
жүргізетін, тіпті түгел қоғамға ой салатындай ән мәтіндерінің талаптарымен де 
ерекшеленеді. Олардың мәтін тіліне қойылатын талаптар жеке комуниканттардың 
арасындағы қарым-қатынасты белгілеп, реттейді. Олар ішінара жалпы және жеке 
болып бөлінеді. Алайда әнге, оның құрылымына қойылатын талаптарға ортақ заң-
дылық – олар берілетін ақпараттың мазмұнын анық, дәл, түсінікті етіп жеткізу 
қажет. Сонымен қатар әннің тіліне қойылатын талаптар төмендегідей: 
1. Ән жалпы қауымға, көпшілікке арналғандықтан, онда қолданылатын сөздер 
де аса қасаң не тым әсіре қызыл сөзбен көмкерілмей, жалпыға бірдей түсінікті 
болуға тиіс. Адресант пен адресат арасында сенімді әріптестік байланыс орнауы 
қажет. Газет оқырманы өзіне түсініксіз мәтіндерді қайталап оқуына болады. Ал 
тыңдарман әнді қабылдаудың ерекшелігі тыңдаран өзі көрген көріністерге қайта 
оралмайды. Осыдан келіп әрбір сөз, сөйлем анық, түсінікті, қарапайым ойларға 
құрылғаны дұрыс. 
2. Сөйлем құрылысының күрделендірудің қажеті жоқ. 
3. Тіл мәдениетіне жетік болу үшін қазақ тілінің сөз байлығын жетік білу жеткі-
ліксіз, ол сөздердің жұмсалу орнын білген жөн. Сөзді жұмсай білу үшін олардың 
мағыналарын, мәндестік ерекшеліктерін, әдеби, әдеби емес нормаларын, сөздердің 
еркін және тұрақты тіркесін айыра білу қажет. 
4. Сөздердің қайталануы синонимдермен алмастырылу. 
5. Логикалық қателіктер
Кей әндердің тілінің табиғаты әрқашан ашыла бермейді. Сондықтан ән мәтін-
дерінің тілінің прагматикасы адресат пен адресанттың арасында анық танылуы 
қажет. Прагматика тілде яки мәтіндерде ғана көрініс бермейді, ол ойда, бейвербал-
ды амалдарда, телеарналардың ұстанымында, телехабар жарнамасында, стилінде, 
әрлеу-әсерлеу жұмыстарында тілдік код ретінде санада таңбаланады. Шығарма-
шылықта ақпарат жеткізудің, ән мәтінін жазудың өзіндік формуласы болады: 
Өзекті мәселесі қандай?
Негізгі тақырыбы қандай?
Халыққа қаншалықты өтімді?
Желі бір арнаға сыйған ба?
Тыңдарман көңіл-күйіне әсері қандай?
Құлаққа тез жаттанды ма?
Мәні қандай?
Осы сұрақтарға толық жауап алған кезде ғана ән мәтінінің мазмұны ашылады. 
Адресат пен адресанттың арасындағы сөйлесім прагматикалық аспектіде қарасты-
рылады. Ән мәтіні тілінің прагматикасы тыңдарман аудиториясының әлеуметтік 


209
құрамына, жас ерекшелігіне, этикалық талаптарына, коммуникативтік мақсаты-
на қарай айқындалады. Мәтінге тіл мәдениетіндегі «ой анықтығы», «сөз дәлдігі», 
«сөз тазалығы», «сөз дұрыстығы», «сөз мәнерлілігі» секілді сипаттар жатады. 
Ән тақырыбы мазмұн мен идеяға сәйкес дәл, нақты, қысқа, түсінікті болуы тиіс. 
Кез келген тақырып негізгі кілт сөздерден құрылуы керек. 
«Сен мені іздеме», «аққайыңның түбінде жігіт пен қыз кездесті», «не деген біт-
пейді, айтпашы өкпеңді, саған не жетпейді?», «қателіктерімді менің түсіне алсаң 
кешір» деген секілді тақырға түскен тарыдай тақылдаған сөздер жастар жанын жа-
лаңаштап, адами сезімдерін семдіріп, түйсіктерін тұмшалап жатқанын байқай ал-
дық па? Түзу барып түзу келетін жол секілді қатып қалған сөздер олардың санасын 
бір мәселеге тап келгенде еркін ойлай алмайтын, келесі бір жағынан шығар жол 
тауып кете алмайтын, өмірдің иірім-қайырымына икемсіз, қауқарсыз күйге түсіру-
де. Ал, біз қызығып айта беретін аталарымыздың ірі мінезі, кең кісілігі, қандайда 
бір жағдайға тап келгенде аспай-саспай айналып өтер жол табар ерекшелігінің бір 
себебі өздерінің әндеріндей астарлы, кең, еркін ойлау жүйесін қалыптастырған қа-
зақы сөздің табиғатында жатқан жоқ па? Бұл әннің сөзіне байланысты жағы ғана. 
Оның арғы жағындағы қара өлең, әуеннің әңгімесі бөлек... 
Кезінде композитор, музыкатанушы Хасен Қожа-Ахмет «Қазақ әндері қалай кос-
мополиттанды?» деген мақала жазып, генетикалық жадымызға жат ырғақтардың 
жаппай етек алуын тайға басқан таңбадай көрсете отырып, «бұл жағдайымызды 
түзеуге кіріспей ренжіп, бүлінген күйі бүк түсіп жата беру, түбі, қазақты ұлттық 
суицидке әкелетіні анық» деп жазған еді. [3, 102 б.] Онда мұндай жат музыканың 
ұлттық сөйлеу құрылымы мен ырғағын да танымастай өзгертетінін дәйекті дәлел-
мен шегелеп тұрып айтқан. Бүгін біз сол тұсқа да кеп қалғандаймыз. Кешегі мен 
бүгінгі әннің сөзі сазын қоса талдап, оның адам жанына, ойлау жүйесіне әсерін 
ғылыми түрде жіліктеп тұрып алдыға тартар арнаулы еңбектер көптеп жазылса, 
осы айтып отырған ойымыздың ақиқатына көп адамның көзі жетері еді... 
Ең бір өкініштісі, классикалық ән мен күйді қалай айтқысы келсе, қалай тарт-
қысы келсе солай тартып оның әуелгі табиғатынан мүлде алыстатып жүрген өз 
өнерпаздарымызды ұлттық өнердің насихатшысы ретінде танитын болдық. Жан-
ғали күйші айтпақшы, күйді қазір көзбен тыңдайтын күйге түстік. Бар шеберлігі 
– жылдамдығы! Оның басқа мың бояу, толғанысын өзі де, өзге де сезбейді. Оларға 
бірдеңе айтсаң «сұранысқа қарай, қазір жұрт оны қабылдамайды» дейді. Қабылда-
маса оны бүлдірмей, өзің күй шығарып тарт, өзіңнің қабылданатын әніңді шыға-
рып айт. Ал, ғасырлар бойы қалыптасып, уақыттың қаншама дауылы мен жауы-
нына ұшырап, қандай қағажу көрсе де тасты жарып көктеген күрең тобылғыдай 
ән мен күйіміздің құлағын өз білгенінше шұнтита беруге ешкімнің қақысы жоқ. 
Пайдалан, бүлдірме! Өтпесе, тұрсын, тиме! Келешекте дәл сол түпнұсқаға қайта 
оралар уақыт келеді. 
Қазіргі қазақ әндерінің стилистикалық бояуға қанықтығы, ақындардың стиль 
түзуші прагматикалық факторларды дұрыс қолдана алуы, сөз этикасы мен сөз кон-
цептісі, сөз бен сөздің дұрым қарым-қатынас құра алуы жолындағы прагмастилис-
тиканың зерттеу обьектісін саралай отырып, ән мәтіндерін жазатын ақындардың 


210
ерекшелігі ‒ сөз қолданысында, көркемдігінде екендігіне баса назар аудару керек. 
Кез келген ән авторының қаламгерлік дағдысында ерекше баяндау формасы бо-
латыны белгілі. Әндерді музыкалық тұрғыдан емес, мәтін тұрғысынан қарасты-
рып, қазіргі әндердің классификациясы мен ішкі дифференциациясын зерделеп, ән 
мәтіндерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін анықтап, мәтін өрісіндегі стилис-
тикалық мүмкіндіктерді қарастыру біздің басты міндеттеріміз болу керек. Праг-
мастилистиканың зерттеу әдістемесі, ғылыми-теориялық негіздері, прагмасти-
листиканың қалыптасу деректері мен ән мәтіндерінің, соның ішінде қазіргі қазақ 
әндерінің когнитивті-ассоциациялық, эстетика-стилистикалық, коммуникативті-
прагматикалық қызметтерін әлде де ашып зерттеу керек. 
Қорыта айтқанда, қазақ әндерін текстологиялық тұрғыдан арнайы түрде зерт-
теп, әр әннің тұрақты мәтінін анықтау қажет. Олай болмаған жағдайда әркім әр-
түрлі сөз қолданып, әндердің мазмұны эмоциялық күші әлсірейді, ал бұл әннің 
құдіретін азайтады. Қазіргі шақта жүріп жатқан музыка саласындағы үдеріс пен 
үрдістер ұлттық әніміздің әуеніне ғана емес, мәтініне де мұқият болуды міндет-
тейді. Әр әннің мәтінін тарихи тұрғыда зерттеп, әр дәуірдің өзіне тән сөзі мен сөз 
саптауын анықтау және оны орнымен қолдану қажет. Сонда біз әннің, оның сөзінің 
қай дәуірде туғанын, оның қалай дамып, қаншалықты өзгеріске түскенін білуге 
қол жеткіземіз. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет