212
туралы «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдеби тілі мәселелері» деген
кітабында Ш. Мәжітаева: «Әрбір әдеби тілдің сөздік қорының дамуы мен норма-
лануына сөздіктің тигізетін әсері үлкен. Қазақстанда бұл жұмыс 20-жылдардың
ортасынан басталады. Қ. Кемеңгеровтың «Қазақша-орысша тілмашы» бұл сала-
дағы алғашқы тәжірибе еді. Мұнда орыс сөздерін аударып алу принципі негізінен
сақталған», –дейді [2, 57].
ХХ ғасыр басында өзге тілдік сөздерді қабылдауда мына принциптер көзделгені
белгілі:
а) жататаулардың мағынасын түсіндіргендей
қазақ сөзін алу;
ә) оған қолайлы қазақ сөзі болмаса, түркі
сөзін алу;
б) түркі сөзі де тура келмесе, қазақ тілінің заңына үйлестіріп еуропа сөзін алу
[3].
«Қазақша орысша тілмашты» құрастырушылардың да осы принциптерді ұстан-
ғаны байқалады. Сондықтан «Тілмашта»
төбелік шеңбер – полярный круг; тетік –
1) механизм‚ 2) прием; бедел – авторитет сияқты сөздермен қатар
нөмір, көлексие,
білійәрт, мәгнет, мекрүп, натарыс, нөмір, енженер сияқты атауларда кездеседі.
Қазақ тілінің өз мүмкіндігін пайдалана отырып, термин жасау үлгісі ХІХ ғасыр-
да да көрініс тапқан. Белгілі ғалым Р. Сыздықова төңкеріске дейінгі сөздіктердің
ерекшелігіне
тоқтала келіп, былай дейді:
«Қазақ қоғамы өміріне жаңадан еніп жатқан құбылыстар мен ұғымдардың
атауын жасауда өткен ғасырдың өзінде-ақ қазақ тілі өз мүмкіндігіне иек артқаны
осы сөздіктерден білінеді. Мысалы,
аренда – өсім; банкир – сүтхор, өсімші; работ-
ник – жұмыскер, малай; слуга – төлеңгіт; станция – қызыл үй, бекет; темница –
қараңғы үй; хирург – сынықшы; художник – ұста, жамаушы; будка полицейского
– қарауылшы үй; компания – ортақ; железная дорога, вагон, локомотив – отарба;
пароход – от қайық; столетие – жүз жыл; подорожная – бедерлі қағаз; баллоти-
ровка – тассалу т.б.» [4, 306].
Бұдан жоғарыда келтірілген принциптердің негізі ХІХ ғасырда қалана бастаға-
нын байқаймыз. Сондықтан ХХ ғасыр басындағы сөздік түзушілер барлық сөзге
жаңа атау беруге тырыспаған. Құрастырушылар
өздеріне дейінгі, өз тұсындағы
сөздіктерді байыпты зерделеп, сөздерді саралап сұрыптаған. Мұндай үрдісті «Қа-
зақша-орысша тілмаштан» да байқауға болады.
Сөздіктегі медицина терминдерін шартты түрде былайша топтастыруға болады:
Ауру-сырқау атаулары: сусамыр – 1) выдра, 2) сахарная болезнь; қағынды – су-
хая гангрена (язва); әтек – человек, неспособныйк половому общению, құяң – ревма-
тизм в пояснице; адасқақ – человек, непомнящий дорог, алапес – проказа (болезнь),
бөсір – водянка, бөген – 1) трахома, 2) выпаде ние волос хвоста лошади (болезнь);
безгек – малярия; басыр – воспаление глаз с нагноением; топалаң – сибирская язва
(у овцы); тұмау – насморк; түйнек – болезнь лошадей, от ко торой свертываются
кишки; мерез – сифилис; түйнеме – рожа (болезнь); теріскен – ячмень (на глазу);
теміреткі – лишаи (болезнь); тілме – лимфоденит (болезнь); жегі – волчанка; жем-
сау – зоб; шапыраш – недостаток глаза: зрачки как будто смотрят на нос; шешек
– 1)оспа, 2) цветок; шел – бельмо; сасай – импотентный, не
способ ный к половому
213
общению; соз – триппер; соқырлық – слепота; жалақ – 1) лизун, 2) язва на губе,
3) небольшая рана на спине лошади; сүзек – тиф; қылтамақ – сужение пищевода;
қортық – грыжа, подкожный пролом в брюшных покровах и выход внутренностей;
көтеу – 1) геморрой, 2) болезнь лошади (заводятся черви вокруг заднего прохода);
күләпсан – сифилис; ноғала – бельмо және т. с. с.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: