60х84 1-8 Сарыбаев indd


САРЫБАЕВТАР ӘУЛЕТІНІҢ «ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»


бет5/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
САРЫБАЕВТАР ӘУЛЕТІНІҢ «ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»
Қажыбек Е. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, 
ҚР ҰҒА корр. мүшесі, филол. ғ. д., профессор
Жұбаева О. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының бөлім меңгерушісі, филол. ғ. д. 
Қазақта елдің ертеңін ойлап, болашағы үшін тер төккен жекелеген тұлғалармен қа-
тар тұтас әулеттер де бар. Бір қарағанда, ол әулеттің басында тұрған азаматтар ұрпағы-
на елін аманаттап кеткендей көрінеді. Ұрпағы әкесінің, атасының аманатын орындау 
арқылы елінің ертеңін өлшеусіз қызмет етіп келе жатыр. Ондай әулеттердің қатарында 
Міржақып Дулатов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Құдайберген Жұбанов, Шамғали Сары-
баевтардың т. с. с. әулеттерін атауға болады. 
Шамғали Сарыбаевтың ұлдары – Шора Сарыбаев, Болат Сарыбаевтар – елге та-
нымал тұлғалар. ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Шора Сарыбаев Институмызда (А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында) 
аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары болып 
көп жыл қызмет етті. Шора Шамғалиұлы – «Қазақ диалектологиясы» атты оқулықтың, 
«Қазақ тіліндегі аймақтық лексика» атты монографияның, «Қазақ тіліндегі одағайлар», 
«Еліктеуіш сөздер» атты еңбектердің авторы, «Қазақ тілі тарихы мен диалектология-
сы» атты сериямен шыққан 8 жинақтың авторларының бірі, «Қазақ тілінің диалекто-
логиялық сөздігі» мен «Қазақ тілінің аймақтық сөздігін» құрастырушылардың бірі, бас 
редакторы, «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», «Қысқаша орысша-қазақ-
ша сөздік», «Қазақ тілінің жаңа атаулар сөздігі», «Орысша-қазақша сөздіктің» жауапты 
редакторы. Ғалымның жетекшілігімен 15 ғалым диссертацияларын қорғады. 
Қазақ тіл білімінің тарихы саласында аянбай еңбек еткен ғалым «Қазақ тіл білімі-
нің библиографиялық көрсеткішін» құрастырып шықты. 1960 жылы кітаптың алғаш-
қы нұсқасына АхметБайтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, 
Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Телжан Шонанұлы сынды арыстардың 
инициалдарын енгізгені үшін Шора Сарыбаев қызметтен қуғындалып, кітабы туралып 
кеткен. Алайда бұл бағыттағы ізденістерін жалғастырып, 1965-1994 жылдары «Қазақ 
тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» деген атпен 6 томын шығарды. 
Сонымен қатар қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық докторлық дис-
сертацияның библиографиялық көрсеткішін шығарды. 
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойын-
ша бітірген музыкатанушы, өнертану кандидаты, халық аспаптар кафедрасында сабақ 
берген Болат Сарыбаев сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабылт. с. с. төрт 
жүзге таман музыкалық аспапты жинастырып, қайта жаңғыртқан. «Қазақтың халық ас-
паптары» атты монографиясы мен «Қазақтың музыкалық аспаптары» атты альбомын-
да қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарына сипаттама беріп, дыбыстық берілімін, 
ойнау тәсілін т.б. жан-жақты сипаттайды. 


12
Шамғали Сарыбаевтың немересі, Шора Сарыбаевтыңұлы– Қайрат Сарыбаев 
– белгілі дипломат болса, қызы – Майра Сарыбаева – филология ғылымдарының 
кандидаты (1991 жылы профессор М. М. Копыленконың жетекшілігімен «Қазақ, 
орыс, ағылшын тілдерінің туыстық белгілерінің жүйесі» деген тақырыпта диссер-
тация қорғаған). Болат Сарыбаевтың ұлы – Талғат Сарыбаев «Наурыз думан», «Өт-
кен күндер», «Гавань моей любви» сияқты әндердің авторы, дарынды композитор. 
Көк туымызды желбіретіп, велосипедпен 22 ел мен 4 құрлықты аралаған алғашқы 
қазақстандық азамат – Мағжан Сағымбаев та – Сарыбаевтар әулетінің ұрпағы. Әу-
леттің тарихына, ұрпақтарына қарап, сүйсінеміз, «Түк біткен жерге бітеді» деген 
сөздің ақиқатына көз жеткізгендей боламыз. 
Әулеттің осылай болып қалыптасуына Шамғали Сарыбаевтың ықпалы ерекше 
болғанын баса айтқымыз келеді. Орынбордағы Хусайния медресесінде білім алған 
Шамғали Сарыбаев Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров, Халел Досмұхамедов 
сынды алашордашыл азаматтармен бірге оқып, қызметтес болған, араласып, хат 
жазысып тұрған. Профессор Шора Сарыбаев әкесі– Шамғали Сарыбаев пен Ілияс 
Жансүгіровтың жазысқан хаттарын Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы пе-
дагогикалық университетте ашылған музейге тапсырған екен. 1937 жылы Шамға-
ли Сарыбаевқа «ұлтшыл фашистердің асырандысы» деген айып тағылып, тұрып 
жатқан үйлерін тартып алыпты. Академик Шора Сарыбаевтың жазбаларына сүйе-
нер болсақ, Шамғали Сарыбаев балаларын қазақша оқытып, орысша сөйлеп қалса, 
«жазалаған» екен, каникул кезінде балалардың жылағандарына қарамастан, Батыс 
Қазақстан облысына, ауылға апарып тастайды екен. Балалар ауылда жүріп, қазақ 
балаларымен ойнап, қазақша сөйлепті. 
Шамғали Сарыбаев Жетісу ақындарын жинап, айтыс ұйымдастырған. Жамбыл 
Жабаевпен бірге түскен суреті де бар. Шамғали Сарыбаевтың Жамбыл туралы жаз-
ған мақаласы 1925 жылы «Терме» деген журналда басылып шықты. Құрманғазы-
ның шәкірті – Дина Нұрпейісова Ұлы Отан соғысы кезінде Сарыбаевтардың үйінде 
тұрған. Болат Сарыбаевтың қабілетін байқаған ұлы күйші кетерінде домбырасын 
сыйға тартып, батасын беріпті. Болат Сарыбаевтың музыкатанушы болып қалып-
тасуына осындай кездесулердің әсері болғаны даусыз. Соғыс жылдарында атақты 
балуан– Қажымұқан Мұңайтпасов та Сарыбаевтардың үйінде тұрыпты. 
Балаларына әкелік қамқорлық жасап, ұлтына қызмет етуді мақсат еткен Шамға-
ли Сарыбаев қазақ тілі әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі болды. Шымкент 
қаласында алғаш рет педагогикалық курс ашты, Алматыда қазақ педагогикалық 
техникумын ұйымдастырды. Педагогикалық курста, Ташкенттегі Қазақ ағарту инс-
титутында, Ташкенттегі Орталық Азия коммунистік университетінде, Алматыдағы 
Қазақ журналистика институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институ-
тында, Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ тілінен сабақ берді. Шора Сары-
баев сол кездегі С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетінде оқып 
жүргенінде М. Балақаев, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаевтармен қатар әкесі – Шамғали 
Сарыбаев та сабақ берген. 
Шамғали Сарыбаев – түрлі оқулықтар, оқу құралдары мен әліппе кітаптарының 
авторы. Атап айтқанда, 1921 жылы Ташкент қаласында Е. Қожантаев, Ғ. Табынбаев-


13
тармен бірге жазған «Үлкендер үшін әліппесі» жарық көреді. 1931 жылы Ө. Тұр-
манжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы», 1932 жылы 
Қ. Оспанұлымен бірге «Екпінді күш. 1-класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А. 
Әлібайұлы, М. Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі бастауыш политехника мектеп-
терінің 3-4-кластары үшін» атты оқу құралдары басылып шығады. «Жаңамектеп», 
«Еңбекші қазақ» т. с. с. баспасөз беттерінде «Сауатсыздықпен күресу жолдары», 
«Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту 
жайы» т.б. мақалалары жарық көреді. Ғалымның 1944 жылы қорғаған «Орыс мек-
тептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты кандидаттық диссертациясы – қазақ 
тілін оқыту әдістемесі бойынша алғашқы ғылыми еңбек еді. Әдіскер ғалым кейін 
қазақ тілі әдістемесінің, жоғары мектептерге арналған бағдарламалардың авторы 
болды. Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілі мен әдістемесі, педагогикаға қатысты 100-
ге жуық ғылыми мақаласы, он шақты монографиясы бар. «Түрліше жазылатын бір 
мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «
Ы, і-нің жазылуы туралы», «Қосымша-
лардың өзгеруіндегі қайшылық», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жал-
ғауының тасалануы», «Төрт етістік (отыр, тұр, жатыр, жүр)», «Қосылып жазыл-
майтын сөздер», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын 
орындары», «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» атты еңбектері бүгінгі 
таңда да өзектілігін жоя қоймады. Керісінше, латын негізді жазуға көшу барысында 
маңызы арта түскен еңбектердің қатарында саналады. 
Бүгінде Шамғали Сарыбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми-
теориялық конференцияның ұйымдастырылуы да ғалым еңбектерінің өміршеңдігі-
нің көрінісі деп білеміз. Алдағы уақытта ғалымның еңбектерін жинақтап, бірнеше 
томдық кітап етіп бастыру қажеттігі даусыз. Шамғали Сарыбаевтың еңбектерін ХХ 
ғасырдың басында еңбек еткен тұстастарымен сабақтастықта зерттей отырып, қа-
зақ тіл білімі мен әдістемесін қалыптастырудағы еңбегін зерделей түсу қажет. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет