60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет54/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Мұстамбайұлы Ы. Көркем әдебиет туралы //Қызыл Қазақстан, 1927, – №2. 
2. Мұстамбайұлы Ы. Біздің таластарымыз //Жаңа әдебиет, 1925, – №5-6. 
3. Мұстамбайұлы Ы. Джумабаев и «Девяносто» //Советская степь, 1929, 24-мая. 


101
ҚИССАШЫЛ АҚЫНДАР ҺӘМ ДІНИ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЗАҚ 
ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ (ХІХҒ.-ХХ Ғ. БАСЫ)
Таджиев Х. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түрксой кафедрасының докторанты
Қортабаева Г. 
Филол. ғ. к., доцент. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түрксой кафедрасы
ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың 30-жылдарын қамтитын сексен 
жылдық тарих қазақ әдебиеті айдынына көптеген тарихи тұлғаларды жетілдіріп 
шығарды. Біз мақалада қазақ әдебиетінде діни қисса-дастандар жырлап, халқын 
жаппай орыстандырудан аман алып қалуға барын салған ақындар шығармашылы-
ғы туралы сөз етпекпіз. Нәзиралық дәстүрді жалғастыра отырып шығыс хикаялары-
ның желісіне ғажайып қисса-дастандар жазған ақындар шығармашылығы тәуелсіз-
діктің алғашқы жылдарында-ақ арнайы зерттеу қажет болған тақырыптардың бірі 
болатын. Ақылбек Сабалұлы, Ораз молда, Ақмолла Мұхаммедиярұлы, Майлықожа 
Сұлтанқожаұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шах-
марданұлы сияқты шығыс классикалық дәстүрінде тәрбиеленген сөз зергерлерінің 
өмірі мен шығармашылығы біршама зерттеліп, әдебиеттен өз орнын алған болса 
да, соңғы он жылдықта жүргізген зерттеулеріміз нәтижесінде жоғарыдағы тізімге 
тағы көптеген есімдер қостық. 
Ол – бұрынғы Сыр бойы мен Қазығұрт, Ордабасы, Қаратау өңіріне кеңінен таны-
мал ақын, Оңтүстікте өзіндік әдеби мектеп қалыптастырған Нұралы Нысанбайұлы. 
Кейінгі бірнеше жылдан бергі жүргізген жұмыс нәтижесінде Нұралы Нысанбай- 
ұлының әлі күнге белгісіз бірнеше шығармалары табылды. Олар 2012 жылдан бас-
тап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, аясында Оңтүстік өңірінде жүзеге 
асырылған ауқымды жоба – «Қазыналы Оңтүстік» жобасының көптомдық кітапта-
рының 98-112 томдарына жарық көрді [1]. 
Аталған жобаның негізгі авторларының бірі, Қазақстанның Оңтүстік өңірі, Қазы-
ғұрт-Қаратау аймақтық әдеби мектебі өкілдерінің шығармашылығын көп жылдар 
бойы зерттеген ғалым С. Досалыұлы Нұралы ақын әдеби мұрасын арнайы зерт-
теп, көптомдықтың Нұралы Нысанбайұлы шығармаларына арналған алғашқы 98 
томында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында егжей-тегжейлі мәлімет 
берген болатын. 
Деректерден мәлім болғанындай, Нұралының әкесі өте кедей, әр байға жалданып 
күн көрген қарапайым кісі болған. Еріндерін жегі жегендіктен «Нысанбай жырық» 
деп аталып кеткен. Нысанбай ешқандай молданың алдын көрмеген, оқымаған адам. 
Оның аздап шайырлығы болған көрінеді. Отыз бес жас шамасында Дулаттың Темір 
аталығынан Кенбай деген кедейдің қызына үйленген. Одан тұңғышы – Нұралы, он 
жылдан кейін Әбиден деген бала туылған. 1870 жылы Нысанбайдың әйелі қайтыс 
болады. Бес жылдан кейін Бипа деген кісінің менсінбей қоя берген әйелі, екі қолы 
мен екі аяғының саусақтары жоқ, тұқылданған шолақ әйелге қосылады. Нысанбай 


102
Нұралыны он үш жасында, осы шешесі өлген дау-дудың үстінде, ескіше оқуға бе-
реді [1]. 
Алғашқы сауат ашқан кітаптары – Әптиек, Құран, Шар кітап, Сопы Аллаяр-
дың хикметтері секілді кітаптар болған. 1874 жылдан Арыс өзенінің жағасындағы 
Ишанбазарда Әбдікерім ахунның үжірасында жатып оқиды. Мұнда Әбдікерім, Әді 
деген молдалардың ұстаздық етуімен – «Мұқтасар», «Фиқһ қайдани» секілді кі-
таптар мен «Ақаид», «Мүшкілат» деген кітаптармен танысады. Шығыс халқының 
қиссаларына қызығып, Шығыстың классик ақындары: Фирдауси, Низами, Науаи, 
Физули, Әбу Ғали Ибн Сина, Қожа Ахмет Ясауилердің еңбектерін, тағы басқа да 
әдеби еңбектерді оқып, ілім тереңіне бойлай түседі. Аталған шайырлардың кейбір 
шығармаларын жаттап та алады. Ахунның мешітін үш жылда бітіріп, еліне келеді 
[2]. 
Нұралы қандай нашар халде жүрсе де, екіталай ауыр тұрмыс жағдайда қайда 
барса да, мұсылманша кітаптарды оқып, өз бетінше ізденуін дамыта берген. Ахун-
ның мешітінен келгенде, оның бір қап кітабы бар екен. 1900 жылы Омарбек баласы 
Панса деген біреу Нұралыға екі қоржынбас тола кітап әкеп береді. Оның үстіне 
кітабына кітап қосып, жинап, көбейте беріпті. 
Бүкіл қолжазбаға сүйене отырып, ақынның алғаш кезде сүйенген ақыны – Жала-
йыр руынан шыққан Мұғалтай деген ақын болған. Мұғалтай атақты Балта ақынға 
еріп, барлық дастандарын жаттап алған шәкірті. Нұралының Мұғалтай ақыннан 
есіткендері: «Көрұғлы Сұлтан», «Рүстем Дастан», «Мың бір түн» (мұның кейбір 
оқиғалары, эпизодтары) «Сейіт Баттал қазы», «Қорқыт» сияқты дастандар. «Бұл 
дастандар Балта ақынның артына қалдырған мұралары еді» деп жазады Қ. Аман-
таев. 
Нұралы халыққа 12 жасынан-ақ ақындық лақабы жайылған Италмастың өз ау-
зынан «Шора батыр», «Шеризат-Күлшат», «Шылым», «Мекер айым» және басқа 
да дастандарын есітіпті. Ақындықты ерте бастаған Байшопанұлы Жылқыбай ақын-
молдаға ұшырасады. Жылқыбай – ақындарға ұстаз болған, шәкірт баулыған, өзі 
жазып шығарған термелерін, дастандарын шәкірттеріне жаттатып жүреді екен. Нұ-
ралы оның өз қолжазбаларынан «Орақ-Тағай», «Заман хан», «Арша хан», «Жәні-
бек-Мақпал», «Асқарбай-Сарыбек», «Ораз молда», «Салиқа қатын» сияқты дастан-
дарын оқып, үлгі алған. Нұралы Оңтүстіктің әйгілі Майкөт, Майлықожа, Құлын-
шақ, Молда Мұса, Мықан, Шәді сияқты ақындарын әр мезгілде кездестірген. Осы 
ақындарға еліктеп, өлең, дастан жаттауға, жыршы болуға әуестенеді. Өзінің өте жас 
кезінде жазған «Құйыршық», «Қара құл», «Ханым сыры», «Назыгүл», «Ұры мен 
Аяр» секілді дастандарын жаттап алады, айтып жүреді [3]. 
Нұралы 1890 жылы Жаныс руының Құлбәйімбет деген елінен Текебай дегеннің 
он жетідегі Зылиха деген қызын алып қашады. Бұған қалыңмал табу үшін мұсыл-
мандардың қасиетті мерекесі – Ораза айында 1891 жылы Ташкент, Піскент, Той-
төбе, Әлімкент, Шыназ, Шыршық өзенінің бойындағы елдерді аралап, жарамазан 
айтып, табыс тауып, бір айда еліне қайтады. Осы сапарында Өзбекстан мен Қазақс-
танның шекарасы іспетті Қышкөпір деген жерде (қазіргі Сарыағаш ауданындағы 
Абайбазар елді мекенінің төңірегінде) Нұралы Майлықожаға кездеседі. Көреген 


103
Майлықожа Нұралыны жібермей, сол күні қонақ қылып күтеді. Нұралының өз ау-
зынан «Құйыршық», «Назыгүл», «Ханым сыры» дастандарын есіткен Майлықо-
жа Нұралыға ақындық жөнінен көптеген өсиеттер айтады. «Бойыңдағы ақындық 
өнерді желге ұшырып сарп етпе, өлеңді кітап сөздерінен алып шығар, бисмилласыз 
бастама. Бисмилла – өлеңнің жастығы болады» – деген кеңесін береді. Өлең шыға-
рудың, дастан жазудың жөн-жосығын түсіндіріп, үлгі көрсетеді. 
Майлықожаның өзі шығарып, халық арасында айтып жүрген «Зарқұм», «Сауда-
гер Марқұм», «Пайғамбардыңғарғакіргені», «Әбілда бала» секілді дастандарын бе-
реді. Екі ақын Қышкөпір аузында тұңғыш кездесіп, бір тәулік сөйлесіп, пікірлесіп, 
тәжірибе алмасқан. Жаяу-жалпы келе жатқан Нұралыға Майлықожа бір ат мінгізіп, 
көптеген кітап беріп, батасын беріп шығарып салады. Кейін Нұралы Зылиқаның 
қалыңмалы үшін осы атты Текебайға мінгізген екен. Бұдан Нұралының алғашқы 
ұстазы, ақындық өнерге баулыған, тәлім-тәрбие берген, Нұралы талантының ашы-
луына сеп болған әрі алғашқы ұстаздарының бірі Майлықожа болғанын аңғарамыз. 
Нұралы Келес өзені бойындағы Жанкел ақынның сағанасына түнейді. Мұндай 
әдет ол кезде қатты өрістеген, дағдылы қалып болатын. Кейбір ақындар өздерін 
халыққа ықпалды етіп көрсету үшін басқа ақындардан күшті, озық, ерекше қасиет-
ті деп таныту үшін де, өз даңқын зорайтып, лебізін уытты етуге тырысып, өздері 
туралы жұртты таңдандыратын ғажап әңгімелер, аңыздар таратып та отырған [4]. 
Нұралы ақынның Шәді ақынмен кездесуі, ақын шығармашылығының күрт өзге-
руіне себеп болған. Әсіресе, Шығыс әдебиеті мен мәдениетін игеруде терең арна 
салғанын айтып кету керек деп санаймыз. Шәді Нұралыдан жасы кіші болғанымен 
шығыс тілдерін білуі, игеруі жағынан оған тетелес ақын көп болмаған. Шығыс ті-
ліндегі кітаптарды қазақ тіліне көп аударған, Оңтүстік аймақтық мектебіндегі шы-
ғыстық-шайырлық дәстүрінің білгірі, оның Нұралыға да шығармашылық әсері көп 
болған. 
Бірде Нұралылар Шәдінің үйіне түсіп, қонақ болыпты. Шәдінің қыздары дастар-
қан жайып, шай беріп отырып, өлең айтыпты. Бұл – әрі сол кездегі қонаққа көрсе-
тілген құрмет, ілтипат нышаны дейміз. Оның үстіне кез келгенге өлеңмен сыйлық 
жасау бола бермеген. Қыздарға жауап, қонақ кәде ретінде Нұралы да біраз өлең ай-
тыпты. Отырыс қыза келе, Шәдінің қыздары Нұралыға өлеңмен жұмбақ айтыпты. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет