Literature:
1. https: //www. interpress. kz/ttc/celta. php
2. http: //www. cambridgeenglish. org. ru/teaching-english/teaching-qualifications/
celta/ways-to-take-celta/
3. https: //www. cambridgeenglish. org/teaching-english/teaching-qualifications/celta/
ways-to-take-celta/
4. https: //www. quora. com/What-are-the-career-prospects-after-doing-CELTA
5. The Celta course, Scot Thorn bury, Cambridge university press 2014
ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ
ФОНЕТИКА-ФОНОЛОГИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТІГІН МОДЕЛЬДЕУ
Қаршығаева А.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми
қызметкері, филол. ғ. к.
Қазақ тілінің дыбыс зерттелімі үшін фонетикалық және фонологиялық (сингар-
мо[но]логиялық [1]) талданымды ортақ пайдалану керек. Оларды бір-бірінен бөліп
алып талдаудың нәтижесі біржақты болып шығады. Өйткені фонология өз алды-
на дербес пән болғанымен, оның ғылыми аппаратының негізінде тек фонетикалық
ұғымдар мен атаулар жатыр. Ендеше екі талданым арасындағы сәйкестікті аңғарып
алу – фонетикалық зерттелімге қойылатын басты талап. Фонетика-фонологиялық
сәйкестікті аңғару алғаш рет қолға алынып отыр. Соның бастамасы ретінде тіл ұшы
дауыссыздарының фонетика-фонологиялық сәйкестігін көрнекілейміз (1 сурет).
165
Дауыссыздар тіл ұшы және тоғысыңқы фонетикалық белгілері арқылы өзара
бірігеді, ал қатаң, ұяң және үнді фонетикалық белгілері арқылы өзара дараланады
[t-d-n]. Олар осы ортақ және айырым белгілері арқылы фонологиялық жүйе құрап
тұр:
Мұндағы фонетикалық қатаң, ұяң және үнді атаулары фонологиялық жіктелімге
негіз болып,
үшкүл жүйе құрап тұр.
Қазақ тілінің жеке дыбыстарының фонетика-фонологиялық талданымы жан-
жақты анықталған [2; 3], ендігі мақсат олардың арасындағы байланысты модельдеп
шығу болып табылады. Бұл жерде барлық дыбыстарды қамтып жатпаймыз, үлгі
үшін жасалу орны қарапайым болып табылатын [t] дауыссызы мен жасалу орны
күрделі болып табылатын [q(k)] дауыссызының фонетика-фонологиялық сәйкесті-
гін ғана модельдеп шығамыз.
Сонымен,
[t]дауыссыз дыбысы:
– тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы жасалады, жасалу ор-
нына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады;
– тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен тоғысуы арқылы жасалады,
жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады;
– дауыс желбезегі тербелмейді, яғни қатыспайды, дауыс қатысына қарай қатаң
(тербеліссіз) дауыссыз дыбыс болып табылады.
[t] дауыссызының фонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгілері
тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң болып шығады.
Бірінші кезекте, дауыссыздың үндесім сингармонологиясының фонетика-фоно-
логиялық сәйкестігін табамыз (2 сурет).
166
Дауыссыздың сингармонологиялық әуез белгілері:
– жуан езулік әуез: ерін көлденең жазылып барып жасалады, ерін қалпына қа-
рай езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының кейінгі
жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс бо-
лып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгілері
езулік, кейінді болып шығады.
– жіңішке езулік әуез: ерін көлденең жазылып барып жасалады, ерін қалпына
қарай езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгері
жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс бо-
лып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгілері
езулік, ілгерінді болып шығады.
– жуан еріндік әуез: ерін дөңгеленіп барып жасалады, ерін қалпына қарайеріндік
дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының кейінгі жартысында
жатады, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгілері
еріндік, кейінді болып шығады.
– жіңішке еріндік әуез: ерін дөңгеленіп барып жасалады, ерін қалпына қарай-
еріндік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгергі жар-
тысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс болып
табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгілері
еріндік, ілгерінді болып шығады.
Дауыссыз қатаң, тіл ұшы және тоғысыңқы фонетикалық белгілері арқылы өза-
ра бірігеді, ал кейінді, ілгерінді, езулік және еріндік фонетикалық белгілері арқылы
өзара дараланады [t-t
’
-t˚-t’˚]. Олар осы ортақ және айырым белгілері арқылы фоно-
логиялық жүйе құрап тұр:
Мұндағы фонетикалық кейінді/ілгерінді, езулік/еріндік атаулары фонологиялық
жіктелімге негіз болып,
төрткүл жүйе құрап тұр.
Екінші кезекте, дауыссыздың үйлесім сингармонологиясының фонетика-фоно-
логиялық сәйкестігін табамыз (3-сурет).
Дауыссыздың үйлесім әуез белгілері:
– [t
а
] үйлесімі:
– тіл ауыз қуысында төмен жатады, тілдің тік қалпына қарай төменді дыбыс
болып табылады, ерін тігінен жазылып барып жасалады, ерін қалпына қарай ашық
167
езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының кейінгі жар-
тысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс болып
табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгіле-
рі төменді, ашық езулік, кейінді болып шығады.
– [t
ә
] үйлесімі:
– тіл ауыз қуысында төмен жатады, тілдің тік қалпына қарай төменді дыбыс
болып табылады, ерін тігінен жазылып барып жасалады, ерін қалпына қарай ашық
езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгері жар-
тысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс болып
табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгіле-
рі төменді, ашық езулік, ілгерінді болып шығады.
– [t
ы
] үйлесімі:
– тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс
болып табылады, ерін көлденеңінен жазылып барып жасалады, ерін қалпына қарай
қысаң езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ке-
йінгі жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс
болып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгіле-
рі жоғарылы, ашық езулік, кейінді болып шығады.
– [t
і
] үйлесімі:
– тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс
болып табылады, ерін көлденеңінен жазылып барып жасалады, ерін қалпына қарай
қысаң езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгергі
жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс бо-
лып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық тал-
данымға негіз болатын жасалым белгілері
жоғарылы, қысаң езулік, ілгерінді болып
шығады.
– [t
ұ
] үйлесімі:
– тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тіл-
дің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс бо-
лып табылады, ерін дөңгеленіп барып жа-
салады, ерін қалпына қарай еріндік дыбыс
болып табылады, тілдің дөңес арқалығы
ауыз қуысының кейінгі жартысында жата-
ды, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді
дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талда-
нымға негіз болатын жасалым белгілері жо-
ғарылы, еріндік, кейінді болып шығады.
168
– [t
ү
] үйлесімі:
– тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс
болып табылады, ерін дөңгеленіп барып жасалады, ерін қалпына қарай еріндік ды-
быс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгергі жартысында
жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыздың сингармонологиялық талданымға негіз болатын жасалым белгіле-
рі жоғарылы, еріндік, ілгерінді болып шығады.
Мұндағы фонетикалық кейінді/ілгерінді, жоғарылы/төменді, езулік/еріндік атау-
лары фонологиялық жіктелімге негіз болып,
көпкүл жүйе құрап тұр.
Фонологиялық атаулар фонетикалық атаулардан туындап отыр. Сонымен фоно-
логиялық атаулардың фонетикадан (артикуляциядан) туындайтынын нақты көрсе-
теді. Олай болса, артикуляциялық талданымсыз фонетика-фонологиялық зерттеу-
лердің нәтижесі сенімсіз болып шығады деген қорытынды жасауға тура келеді.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |