Пайдаланылған әдебиет:
1. Жунисбек А. Введение в сингармоническую фонетику. –Алматы: Арыс, 2009.
2. Қазақ грамматикасы. –Астана: Елорда, 2002. -783 б.
3. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. –Алматы: Арыс, 2009. -307 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АФФРИКАТ ДАУЫССЫЗ
ДЫБЫСЫ ЖӘНЕ ДЫБЫС ТҮРЛЕНІМ ҮЛГІЛЕРІ
Молдашева А.
Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универитеті
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарының құрамында бірегей бір дыбыс бар. Ол –
тіл ұшы, ұяң, аффрикат дж [j] дауыссыз дыбысы. Дыбыстың бірегей болатын себебі
– қазақ тілінде артикуляциясы жағынан оған ұқсас басқа дыбыс жоқ. Дауыссыздың
өзге дыбыстардан алшақ белгісі оның жасалу тәсіліне қатысты. Дауыссыздың жа-
салым тәсілі не жуысыңқы емес, не тоғысыңқы емес. Екеуінің арасынан туындай-
тын жасалым тәсілін аффрикат (жабысыңқы) деп аталады. Міне, осы аффрикат
дауыссыз дыбыстың Халықаралық Фонетикалық Әліпби бойынша таңбасы [Jj] бо-
лып табылады. Зерттеушілер дыбыстың осы ерекшелігін ертеде-ақ аңғарған бола-
тын. Мысалы, ХІХ ғасыр зерттеушілері дыбыстың ерекшелігін ескеріп диграфпен
(қосақ таңбамен) дж деп белгіледі. Алайда дыбыстың емілесі дұрыс анықталма-
ғандықтан, көпшілік оны екі дыбыс ретінде д және ж деп оқып кетті. Оның үстіне
оқулықтарымыздағы дыбыстың ж түріндегі жеке таңбалануы орыс тілінің жуы-
сыңқы ж дауыссызымен теңестіріп жіберді. Өкінішке орай, бұл үрдіс осы күнге де-
йін жалғасып келеді. Сөйтіп қазақ тілінің бірегей бір белгісі ескерусіз қалып келеді,
оның айтылым/естілім үлгісі де талданып кһрген емес.
Аффрикат дауыссыздың зерттелімі де кешенді болу керек.
169
Қазақ тілі дыбыстарының үндесім түрленімімен қатар тұратын үйлесім түрлені-
мі, тілдегі ең кең тараған фонетикалық құбылыс екеніне қарамай, енді ғана арнайы
зерттеу нысанына айнала бастады. Қазақ дыбыстарының үйлесім түрленімі іргелес
дыбыстардың немесе дыбыс тіркесінің әсерінен (іргелес түрленім), сөздің шебін-
дегі орнына қарай (шеп түрленім), сөз тіркестерінің шегарасындағы қалпына қарай
(шек түрленім) т. б. көптеген фонетикалық жайттардың себебінен болып жатады.
Сондықтан да үйлесім түрленімнің тілдегі фонетикалық (артикуляциялық, перцеп-
циялық т. б.) көрінісі өте күрделі келеді.
Қазақ фонетикасында енді ғана жүйелі түрде зерттеле бастаған үйлесім құбылы-
сына қатысты дыбыс түрлерінің (варианттарының) құрамы мен артикуляциялық си-
паты ақиқат анықталмағандықтан болар, олар қазақ грамматикаларына, оқулықтар
мен оқу-құралдарына енбей жатыр. Сөйтіп қазақ тілі дыбыстарының, әсіресе [Jj]
дауыссызының, толық түрленім құрамы оқу бағдарламаларында ескерілмей келеді.
Сондықтан да оқу бағдарламалары орфографиялық «әліпби» дыбыстардың сипатта-
масымен ғана шектелуде, ал қазақ орфоэпиясының негізі болып табылатын дыбыс
түрленімі тек айтылым сөздіктер көлемінде ғана қамтылып, сабақ-жаттығу ретінде
дәрісханаларға жетпей жатыр. Орфоэпиялық сөздіктер ескерусіз қалып келеді.
Қазақ фонетикасының ғылыми әдебиетін шолып қарағанда дыбыстардың үйле-
сім (ассимилятив) түрленіміне арналған, әсіресе, артикуляциялық еңбектердің өте
тапшы екенін көруге болады. Мұның өзі қазақ тіліндегі үйлесім түрленімнің арти-
куляциялық жағы арнайы зерттеу нысанына айналмағанын көрсетеді.
Фонетиканың әр түрлі саласындағы мамандар үшін зерттеу нысаны ортақ, ол
– қазақ тілінің дыбыс құрамы, бірақ әркім өз тұрғысынан, басқаша айтқанда қай
тілдік деңгейде немесе қандай құбылыс ретінде талдайды, зерттеудің мақсаты мен
міндеті соған байланысты болады.
Фонетикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі ретінде қазақ тілі дыбыста-
рының артикуляциясының айырым-ортақ белгілерін пайдаланып модельдеу әдісі
басталды. Бұл бағыттағы зерттеулерге негіз болып отырған – Ә. Жүнісбек [1] ұсын-
ған «қазақ тілінің артикуляциялық базасы». Қазақ тілінің артикуляциялық базасы-
ның үлгісі фонетикалық зерттеулердің жаңа бағытын ашып отыр. Мұндағы негізгі
теориялық идея кез келген тіл дыбысының негізінде артикуляция жатады. Ендеше
фонетикалық зерттеулер дыбыс, дыбыс тіркесі, буын, сөз т. б. деңгейдегі бірліктер-
дің арткуляциясын анықтаудан басталу керек. Артикуляциялық база үлгісінде қазақ
тіліне тән мүмкін болған жасалым белгілердің бәрі көрнекіленген және олардың
толық сипаттамасы берліген. Мұның өзін қазақ артикуляциясының «мәлімет қоры»
деп қараса да болады. Үлгідегі айырым-ортақ белгілердің араласымынан (комбина-
циясынан) қазақ тіліндегі үндесім, үйлесім, тіркес (іргелес), шеп, сөз тіркес, шега-
ра, сөйлем т. б. түрленімдердің бәрін ғылыми талдап шығуға мүмкіндік туады. Үл-
гідегі белгілердің араласым саны «шексіз» десе де болады, өйткені тілдің айтылым
мүмкіндігі өте күрделі. Сондықтан кез келген зерттеуші кез келген фонетикалық
тақырыпқа артикуляциялық сипаттама мен артикуляциялық үлгіні осы «мәлімет
қорынан» таба алады. Әрі қарай зерттеуші өзінің зерттеу нысанына байланысты
артикуляциялық үлгіні зерттеу амалы ретінде пайдаланып кете алады.
170
Қазақ тіліндегі үйлесім түрленім дәстүрлі фонетикада арнайы зерттеу нысаны
болмағанымен, бірлі-жарым талданған сәттерін кездестіруге болады. Бірақ ол тал-
даулардың негізгі мақсаты үйлесім белгілердің құрамы мен жүйесін анықтау емес,
сол үйлесім дыбыстар «фонема ма, фонема емес пе ?» деген сұрақтың жауабын із-
деу болып қалады. Екінші топтағы еңбектер қазақ тілінің төл дыбыстарын бөліп қа-
растырады да, кірме әріптер мен кірме дыбыстарды шығарып тастайды. Соның бір
көрнекі үлгісі ретінде соңғы шыққан «Қазақ грамматикасын» алуға болады. Және
бұл бағыттағы еңбектерде төл «әліпби» дыбыстардың түрленім варианттарына ар-
найы көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыс құрамы сан жағынан
«әліпби» дыбыстардың құрамынан артық болып шығады. Өйткені бір дыбыстың
бірнеше әуез түрленімі қамтылады, сөйтіп дыбыс санының мөлшері дәстүрлі зерт-
теулер нәтижесінен артық болып шығады.
Ұяң дауыссыздарды бөліп қарайтын болсақ, онда оның құрамында африкат дж
дыбысының ХІХ ғ. кезінде арнайы бөлектенгенін көреміз. Бертін келе ж дауыссы-
зының аффрикат айтылымы еске алынбаған, сондықтан да оны арнайы белгілеудің
де жолы қарастырылмаған. Дауыссыздың аффрикат айтылымы үйлесім түрленімге
жатпайтын болғандықтан, оны зерттеу нысаны ретінде қарастырмадық.
Қазақ тілінің дәстүрлі фонетикасында дыбыс үйлесімі арнайы зерттеу нысаны
болмағандықтан, дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы дыбыстардың негізгі
белгілерін анықтаумен аяқталып отырды. Алайда, бұл белгілер дыбыстарды жал-
пылама сипаттауға жеткенімен, олардың түрленім варианттарын сипаттауға жеткі-
ліксіз еді. Сондықтан да қазіргі қазақ фонетикасында, жалпы лингвистикадағыдай,
негізгі және үстеме артикуляциялық белгілер құрамы ендірілді.
Төменде жасалым және дауыс желбезегінің қатысына қарай зерттеу нысанына
айналып отырған дауыссыздардың жіктелім топтары көрнекі бейнеленіп отыр. Жа-
салу амалына қарай зерттеу нысанына айналған дауыссыз дыбыстардың топтары
иін қоршаумен бөлектенген, ал дауыс желбезегінің қатысына қарай зерттеу ныса-
нына айналған немесе айналуға тиіс дауыссыздар тік қоршаумен бөлектенген. Үй-
лесім түрленімнің жасалу орнына қарай жіктелімі әзірге зерттеу нысанына айнал-
ған жоқ. Сондықтан да біз оның орнын көрнекілеген жоқпыз.
Біздің зерттеу нысанымызға дауыссыздардың дауыс желбезегінің қатысына қа-
рай жіктелім тобы алынып отырғандықтан, алдымен сол дауыс желбезегінің арти-
куляциялық қызметін модельдеп шықпақпыз (1 сурет). Дауыс желбезегінің моделі
алғаш рет ұсынылып отыр (Ә. Жүнісбек нұмқасы).
Дәстүрлі фонетикада қазақ тілінің «дауыс қатысына» қарай жіктелімі төмендегі-
дей болып отыр. Сонда дыбыс:
– егер тек үннен (дауыстан) тұратын болса, онда дауысты болады;
– егер салдырдан дауыс басым болса, онда үнді дауыссыз болады;
– егер дауыстан салдыр басым болса, онда ұяң дауыссыз болады;
– егер тек салдырдан тұрса, онда қатаң дауыссыз болады.
Мұндағы «салдыр, дауыс, үнді, ұяң, қатаң» деген атаулардың бәрі акустикалық-
перцепциялық фонетиканың ұғымдары болып табылады. Ал біздің талдауымыздың
негізі артикуляциялық болғандықтан, сөйлеу мүшелерінің қатысын алуымыз керек.
171
Бұл жердегі бізге қажет сөйлеу мүшесі дауыс желбезегі болып отыр. Дауыс жел-
безегінің қатысына байланысты ұғымдар мен оның атаулары «Қазақ грамматика-
сында» берілген [2]. Ал біз болсақ дауыс желбезегінің дыбыс жасаудағы артику-
ляциялық қатысын қазақ тілінің артикуляциялық базасының сыртына шығардық.
Артикуляциялық базаның моделін алатын болсақ, оның екі қанаты мен төбесі бос
емес. Ол жерлерде ерін қатысының (сол қанаттағы еріннің тұсын меңзеп тұр), жаса-
лу орнының (жоғары жақтағы тілдің көлденең қатарын меңзеп тұр) және жасалу тә-
сілінің (оң қанаттағы тілдің тік қалпын меңзеп тұр) белгілері орналасқан. Бос орын
тек артикуляциялық база моделінің төменгі жағында ғана бар. Ендеше дауыс жел-
безегінің қатысын сол төменгі жаққа орналастырдық. Бір жағынан бұл модельдеу
шешіміміз орынды болып шықты. Өйткені дауыс желбезегінің өзі модельдің төмен
жағындағы көмей қуысын бейнелеп орналасқан, сөйлеу мүшелерінің физиология-
лық құрлысына сай келіп тұр. Сөйтіп дауыс желбезегіне қатысты айырым белгілер-
дің орнын дәл меңзеп тұр.
Нәтижесінде мұндағы ұғым-атаулардың бәрі артикуляциялық болып шығады,
өйткені оның бәрі сөйлеу мүшесі ретіндегі дауыс желбезегіне телініп тұр. Оның
артикуляциялық моделі көрнекі шығады. Содан оңға қарай: толық тербелісті көрсе-
тіп тұрған тербелмелі толқын сызық – тербелмелі (дауысты) дыбыстың моделі; мол
тербелісті көрсетіп тұрған тербелімді толқын сызық – тербелімді (үндіні) дыбыс-
тың моделі; жартылай тербелісті көрсетіп тұрған тербеліңкі толқын сызық – тербе-
ліңкі (ұяң) дыбыстың моделі; тербелістің жоғын көрсетіп тұрған тік (желі) сызық
– тербеліссіз (қатаң) дыбыстың моделі.
Сонымен дауыс желбезегінің артикуляциялық белгілері өз алдына зерттеу атула-
ры болып бөлініп шықты. Артикуляциялық фонетиканың атаулары толықты және
соған қатысты ұғымдар көрнекі сипаттталды (модельденді).
Төменде аффрикаттың артикуляциялық үлгілерін ұсынамыз, тек дауыссыздың
жасалым тәсілін модельге ендірудің қиындығы бар екен.
172
2 сурет. Аффрикат [Jj] дауыссызының қысаң ілгерінді/кейінді артикуляциялық
модельдері
Ендігі жерде аффрикат дауыссыздың қазақ тілінің дауыссыздар құрамындағы
орнын көрсетіп, анықтамасын тиянақтап, оқулықтар мен оқу-құралдарына енгізу
қажеттігі мамандар алдында тұр. Сонда ғана [Jj] дауыссызы шет қалмайды, аффри-
кат айтылымына оқушылар жаттығады.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |