174
Өкінішке қарай, сөз бостандығы әдеби тіл нормасының қалыптануына да кері әсе-
рін тигізген тұстары болды. Ол – кеңестік заманда қатаң бақылау, сынға алынған сөз
қысымының (цензура) жойылуы. Кеңес заманында тілдік билік көркем әдеби шы-
ғармаларда болса, тәуелсіздіктің келуімен бұл билік БАҚ-на, оның ішінде «көгілдір
жәшікке» ойысты. Бұл салада ешқандай сөз сүзгіге түспей, редактор, корректорсыз
жарияға шыққан баспа өнімдері мен эфир хабарлары етек алып, сол себепті БАҚ ті-
лінің көркемдігі әлсіреп кетті. Осы тұста қалыптасып үлгерген қалай айту емес, нені
айтуды маңызды деп есептеген сана бұл күндері өз жемісін беріп отыр.
Қоғамдағы экономикалық қатынастың өзгеріп, мемлекеттік (одақтың) меншіктің
жеке меншікке өтуі – рухани құндылықтардың құлдырауына да алып келді. Дәлі-
рек айтқанда, рухани құндылықтар материалдық құндылық қажеттілігінен кейінгі
орынға ығыстырылды. Оны осы кезеңдерде баспасөз беттерінде экономикалық та-
қырыптарға көбірек орын бергенінен байқауға болады. Тәуелсіздік алған жылдары
жекешелендіруге көп көңіл бөлініп, ұлт тағдырынан бұрын, экономиалық құнды-
лықтар қоғам назарына түсті. Және осы жарнама «мәдениеті» тұрмыстық заттар-
дың да «көгілдір жәшік» ішінде көрсетілуіне жол ашып берді. Оның соңы бүгінгі
таңда таза ауызекі сөйлеу тілінде жарыққа шығатын «Қалаулым» сияқты бағдар-
ламалардың халықты әдепсіздікке насихаттауына іргетас болып жатқаны ащы да
болса шындық.
Жарнама мәтіндерінде бір сарынды қоңыр тіршілікке үйренген халықты қызық-
тырып, елітіп әкететін «рахат», «ләззат», «байлық», «сұлулық» және «күшті» сезім-
дерді оятатын нәпсілік құндылықтар насихатталды. Айталық, тәуелсіздік тұсында
ең алғаш қазақ теледидарынан орын алған жармана – парфюмериялық бұйымдар
болатын. Олар халыққа «өмірдің рахатын, әрбір сәттің бақытын сезіндіретін» сән
мен сұлулықтың символы ретінде насихат етілді. Лото ұтыс ойындары «сәттілік»,
арақ-шарап өнімдерінің «күштілікке» «шақырғанын» белгілі. Ал,
автомобиль
болса, байлықтың өлшемі ретінде халық жүрегінен орын тепті. Түптеп келгенде,
байлық, сән-салтанат – бәрі де қазақ жеріне енді кіргелі отырған капиталистік қо-
ғамның ұстанымдары. Қоғамдық материалдық байлыққа тартудың соңы рухани
байлықтардың ел назарынан тыс қалуына алып келді. «Еңбексүйгіш», «қайырым-
дылық», «ар-ұят», «адамгершілік», «тектілік», «әділдік» т. б. ұғымдар әлеуметтік
мән ала алмай, аталған құндылықтарды үгіттеуге шақыратын бағдарламалар аз-
дық етіп жатты. Экономикалық тақырыптардан ығыр болған халықтың көкірегін
ашатын, санасына сәуле құюды көздейтін «Қазақстан» телеарнасы ұсынған бағ-
дарламалардың ғұмыры ұзаққа бармай жабылып қалды.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: