60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет90/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Қазақ фонетикасы. - Алматы: Арыс, 2009. - 308 б. 
2. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. - 783 б.
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ 
ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ БАСПАСӨЗ ТІЛІНЕ ЫҚПАЛЫ
Сабирова Г. 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, филол. ғ. к. 
Нарешова А.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университетінің магистранты
Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізуінің нәтижесінде ана тілімізге ұлт тілі еке-
нін айқындайтын «мемлекеттік тіл» атты ата заңдық күші бар жоғары мәртебе 
берілді. Тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына орай қазақ тілінің құқықтық 
қоры жасақталды. Еліміздің ата заңына сәйкес «ҚР-ның тіл туралы заңы» қабыл-
данды. Бұл еліміздегі мәдениет, ғылым, білім саласына өз жаңалығын ала келді. 
Яғни, өткен дәуірде кеңестік, советтік түсінік, сана, ұстаныммен жазылған, айтыл-
ған қағида пікірлерге, оқулықтарға, білім беру жүйесіне тәуелсіз көзқарас тұрғы-
сынан қарап, баға беру үрдісі ашық, еркін жүргізілді. Оның ықпалы бұқаралық 
ақпарат құралдарын (БАҚ) да айналып өтпеді, ұлттық бағытта дамуына түркті 


173
болды. Қазақтілді БАҚ-тың ақпарат кеңістігі кеңейді. Мерзімді басылымдар тара-
лым жағынан аз болғанымен, теле, радио эфирлері бағдарламалары тақырыптық 
тұрғыдан көбейді, 50%- ға жуығы қазақ тілінде ақпарат тарататын болды. 
Расында, XX ғасырдың соңғы ширегінде Кеңес өкіметінің тарқап, қазақ елінің 
дербестігін алуы бұқаралық ақпарат құралдарының тақырыптық және тілдік қол-
данысына өз ықпалын тигізбей қоймады. Аталған кезеңде еліміздің қоғамдық құ-
рылысында түбегейлі өзгеріс орын алып, әлеуметтік қатынастар өзгеріске ұшыра-
ды. 1 ғасырға жуық салтанат құрған кеңестік сана, кеңестік меншік ыдырап, жеке 
меншік құндылық басымдылыққа ие болды. Міне, осы кезеңді, нақты айтқанда, 
шалғашқы онжылдықты белгілі тілтанушы-ғалым Н. Уәли шартты түрде постке-
ңестік кезең деп атайды. Және ғалым қоғамдық тарихи жағдай, қоғам мүшесі – 
тұлға (адам) және оның тілін тұтас қарастырудың қажет екенін алға тартады. Яғни, 
қоғамның тынысы – пафос, қоғамның қозғаушы тұлғасы – этос және үні – лого деп 
аталады [1]. 
Ғалымның жіктелімін басшылыққа алсақ, қоғамдағы тарихи жағдайлар баспа-
сөз тіліне өз ықпалын тигізбей қоймайды. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет