60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет94/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Литература:
1. Антонов Н. К. Саха билиҥҥи тылын лексиката. - Якутск, 1967. -104С
2. Афанасьев П. С. Саха билиҥҥи тыла. Лексикологията. -Якутск: Изд-во ЯГУ, 
1996. -192С. 
3. Грамматика современного якутского литературного языка. Т. 1. Фонетика и 
морфология. -М.: Наука, 1982. -496С. 
4. Убрятова Е. И. Парные слова в якутском языке. //Язык и мышление. XI. -Изд-во 
АН СССР. -Москва. -1948. -С297-328. 
5. Харитонов Л. Н. Современный якутский язык. Фонетикаи Морфология. Ч. 1. \
Под ред. Н. К. Дмитриева. -Якутск: Госиздат ЯАССР, 1947. -314 с. 
ЖАҢА, КІРМЕ ТЕРМИНДЕР МАҒЫНАСЫ
Шүленбаев Н. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, 
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Соңғы жылдары тілімізге шет тілден жаңа сөздер мен терминдер көптеп ену-
де. Ол сөздерді енген тілдегі нұсқасы бойынша айту, жазу сәнге айналуда. Олай 
болса, тіліміз тағы да шұбарлана түсетіні белгілі. Ал ол сөздердің тілде кейбірінің 
баламасы бар. Алайда кірме сөз басымдыққа ие болып отыр. Ендеше, сол сөздерге 
тілімізден құлаққа жағымды естілетін, көзкөрімге әсерлі, халықаралық сөз мағы-
насын толық аша алатын жаңа төл сөздер табу да өзекті мәселе болмақ. 
Тілдегі сөздер мен терминдердің белгілі бір мағынасы және анықтамасы, дефин-
циясы болатыны белгілі. Бұл жайында белгілі ғалымдар өз ойларын былайша са-
бақтайды. Р. Сыздық: «Терминдер негізінен атау сөздер болып келеді. Терминдер-
дің атауыштық қасиеті (белгісі) үшін оның «дефинициялық» түсіндірмесі болу ке-
рек, яғни бір нәрсенің, не құбылыстың тек қана өзіне тән ұғымдық анықтамасы ол 
сөзді термин етіп танытады. Терминдерді керек ететін әр алуан ғылым салалары 
болғандықтан, сөздің дефинициясы сол ғылымның танымы үшін ұсынылады» [1, 
129 б.]. Бұл ретте терминге берілген дефиниция арқылы сол ғылым саласын тану-
ға болатынына көз жеткіземіз. Белгілі терминолог-ғалым Ш. Құрманбайұлы тер-
миннің міндетті түрде дефинициясы болатыны туралы былай дейді: «Сөз арқылы 
ұғым туралы жалпы мағлұмат берілсе, терминнің дефинициясы арқылы сол ұғым-
ды өзге ұғымдардан айыратын оның ең басты белгілері аталып көрсетіледі. Ғылым 
мен техниканың даму деңгейіне сәйкес терминнің дефинициясы да толығып, өзге-
ріске ұшырап отырады. Ғылым неғұрлым дамыған сайын сөз бен терминнің арасы 
алшақтай түседі. Бұл тәсілмен жасалған терминдер жалпы қолданыстағы сөзден 
өзі қатысты болатын терминнің өріс пен терминге тән дефинициясы арқылы ажы-
ратылуға тиіс» [2, 55 б.]. 


182
Тіл біліміне лингвокогнитология, концепт, лингвоконцептосфера, лингвоцит, 
культурема, модератор, спикер, спичрайтер, т. б. көптеген жаңа сөздер тобы 
ағындап еніп жатыр. Болашақта тағы да «мұндай сөздерді аударамыз ба, жоқ әлде 
тілге икемдеп, сындырып жазамыз ба» деген мәселе туындайды. 
Сонымен қатар, қазіргі таңда модаға (сәнге) айналған сөздер, жаргонизмдер де 
( мысалы, вайн, коллаборация, кэш, кэшбек, лайк, месседж, профит, селфи, хайп, 
фандом (фэндом), фидбек, пранк, рамс және т. б.) сөздік қорымыздан орын алу-
да. Бұл үрдіс жалғасын таба берсе, болашақта төл атаулар мен терминдеріміздің 
пайыздық көрсеткіші тағы да азая түсетіні белгілі. Мұндай сөздер жайында Ш. 
Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық практикалық орталығы Орфография 
басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі тілші-ға-
лым Анар Фазылжанова былай дейді: «Тілге сөз өздігінен енбейді, өмірімізге келіп 
жатқан жаңа құбылысқа байланысты айналымға енеді. Мәселен, «ұялы телефон» 
деген сөздің өзі қазір ескілік болғанымен, сол құрылғы біздің өмірге алғаш кірген 
дәуірде жаңа сөз болып танылған. Оның «қалта телефоны», «қолтелефон» деген 
түрлі атаулары да болған. Тағы осындай сөздер ағылшын тілінен өзгеріссіз алынса, 
«селфилету», «банға жіберу», «лайк басу» сияқты сөздер қазақ тілінің емлесіне, 
жүйесіне, дыбысталуына икемделіп жатыр» [3]. 
Ғалымның айтуынша, мұндай жаңа сөздер ғылыми зерттеу жұмыстарына ар-
қау болып, жаңа сөздердің мән-мағынасын дұрыс ашу, жазылуы мен айтылуын 
бекіту үшін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда кірме сөздердің сөздікке 
қайсысын алу қажеттігі, ал қайсысын қазірше алмау мәселелері қарастырылады. 
Болашақта қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жаңа орфографиялық және 
орфоэпиялық параллель сөздігі жасалады. Бұл сөздікте қазіргі қолданыстағы сөз-
дер кирилл әліпбиімен беріледі, жанына жаңа емлемен жазылған латын әліпбиін-
дегі нұсқасы, сондай-ақ қалай оқылатыны транскрипциясы арқылы беріледі. Жаңа 
сөздер соңғы рет 2013 жылғы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» енген. 
Онда сол алты жыл бұрынғы жаңа сөздердің барлығы болмаса да, біршамасы бе-
рілген еді. Ендігі міндет – бүгінге дейін енген жаңа сөздерді тіркеп, жаңа сөздік 
шығару. Онда сөздер мысалдармен бірге беріледі. 
Кірме неологизмдерге байланысты мынадай ұстанымдарды негізге алғанымыз 
дұрыс: 
1. Ең алдымен, кірме атаулар мен терминдердің білдіретін мағынасын терең тү-
сіну қажет. 
2. Кірме сөз мағынасын түсіне отырып, оған сәйкес тілімізден сәтті балама табу. 
3. Кірме неологизмдерді тіліміздің фономорфологиялық ерекшелігіне лайықтап, 
сындырып жазу. 
Мұндай сөздер (хайп, фидбэк, фандом, коллабрация, месседж сияқты сөздер) 
әлеуметтік желіде де сәнге айналып тұр. Алайда бұл сөздер мен олардың мағына-
сын қазақ тілінің қайсыбір сөздігінен таба алмайсыз. Ғылыми түсінік берілмеген 
бұл іспетті сөздердің проблемасы қашан шешіледі және оның мағынасын қашан 
дұрыс түсініп, дұрыс жазатынымыз белгісіз. Өкінішке орай, кейбір дөрекі, түр-
ме жаргондарын да жастарымыздың тілдесімдерінен естіп қаламыз. Тіпті тілдегі 


183
жынды, тема, класс, сындыру, жырту тәрізді сөздерді де басқа, ауыс мағынада 
қолдану үрдіс алуда. Мысалы: Мен кеше жынды кино көрдім. Оның көлігі тема 
екен. Мен оны бес мыңға сындырдым. Бүгін біздің команда жыртады. Боксёр жі-
гіт класс көрсетті. 
Кірме, сәндік (модный) сөздерді қарқынмен өзгерпей қабылдай беретін болсақ, 
тіліміз болашақта қойыртпақ тілге айналып кету қаупі туары сөзсіз. Енді жаңа сөз-
дердің мағыналарына шолу жасайық. Бұл келтірілген сөздер тілімізге күн сайын 
еніп жатқан көптеген кірме сөздердің бір парасы ғана. 
Аккаунт (ағыл. account; мына терминдер жиі қолданылады: акк, профиль, есеп 
жазбасы) – пайдаланушы әлдебір компьютерлік жүйеде жіберетін мәліметтер 
жиынтығын қамтыған жазба. Әдетте пайдаланушыға аккаунт ашу үшін тіркелу 
шарасын өтуді ұсынады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет