Байланысты: Тамақ өнімдерінің сараптамасынан целый бір кітап шығарып тастағансың ғо (копия)
Ашытқы өндірісін технологиялық сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Ашытқы өндірісі кезінде бастапқы таза екпенің бір пробиркасынан жүз тонна
ашытқы алу қажет, сондықтан оларды бірнеше сатыдан өткізіп, өсіреді. Ең бірінші
ашытқының екпесін өсіреді, кейіннен бұдан өндірістік жағдайда тауарлы
ашытқыларды өсіреді. Көбеюді микробиологиялық зертхана салаларынан зауыттармен алынатын, агаро – уытты суслолары бар пробиркалардан таза ашытқы ортасын егуден бастайды. Егуді 100мл субстраттан тұратын, құрамы құрғақ заттың массалық үлесі 12...14 % уытты суслосы, дәруменделген қызанақ және сәбіз шырыны бар пробиркаларда өткізеді. Көбеюді 26...30 °С температурада 18 - 24 сағат көлемінде термостаттарда Көбеюдің екінші сатысында пробирканың ішіндегісін құрамында 700 мл тағы сондай субстраты бар колбаға себеді. Көбеюді сол жағдайларда өткізеді.
Көбеюдің үшінші сатысында колбаның ішіндегісін құрамында 6л тағы сондай
субстраты бар шөлмекке себеді. Көбеюді тағы сондай режимдерде жүзеге асырады.
Осы сатыда 75 % ылғалдылықтағы престелген массаға санағанда 0,3 кг ашытқы
алады. Ортаны кезеңмен 3...4 аптада бір рет дайындайды. Тауарлық ашытқы өндірісі
кезіндегі осы уақыт ішінде оны кажеттілігіне байланысты сақтап, жұмсайды. Жақсы
сақталуы үшін ашытқыны сепараторда субстраттан бөліп, сумен жуады. Концентратты 6 °С температурада, ал престелген ашытқыны - 2...4 °С температурада
сақтайды. Ашытқыны ортадан сепаратор арқылы бөледі. Отандық зауыттарда үш сатылы сепаратордан өткізеді. Бірінші сатыда ашытқыны ашымақтан бөлу жүреді: ашытқылық суспензия ашытқылық концентратқа (10...15 %) және ашымаққа (85...90 %) бөлінеді. Ашытқылық концентратты аралық сыйымдылыққа жібереді, оны шаю үшін суық су береді. Аралық сыйымдылықтан жуылған суспензияны сепартордың екінші сатысына бағыттайды. Ашытқылық концентратты екінші аралық сыйымдылыққа
бағыттайды, оғанды жуатын су береледі. Ашытқылық суспензияны айырудың
үшінші сатысына жібереді, онда ашытқының қоюлануы 450...700 г/л жүреді.
Жуылып қоюландырылған ашытқыларды 4...8 °С температураға дейін пластинка
тәрізді жылуалмастырғыштарда салқындатады. Тұтынушыға ашытқыны жіберу үшін пастатәрізді ашытқы массасын салмағы 50, 100, 500 және 1000 г нан төртбұрышты қылып жасайды және автоматтарда арнайы қағазға орайды. Соңынан ашытқыларды жәщіктерге салады.