6В05102-Биотехнология мамандығының 3-курс білім алушыларына арналған


Ақуыз синтезіне қатысатын микробалдырларға сипаттама беріңіз



бет51/53
Дата16.10.2023
өлшемі6,72 Mb.
#115930
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Ақуыз синтезіне қатысатын микробалдырларға сипаттама беріңіз.

Микробалдырлардың көмегімен алынатын белоктар адам өміріне өте пайдалы болып келеді. Олар тамақпен қосылып, адам организміне керекті витаминдер мен минералды заттарды жеткізеді. Олардың маңыздылығы қазіргі уақытта өте жоғары. Chiorella scenedesmus (бір жасушары балдырлар), Spirulina (көк жасыл балдырлар), СО,, Н,О және минералды заттардан жылы су қайнау жағдайларында күн сәулесі энергиясы есебінен белокты түзілуіне қабілетті. Тағамдық белокты алудың болашағы бар объект ретінде фототрофты бір клеткалы жіпшелі цианобактериялар мен саңырауқұлақтарға қарағанда спирулина атмосфералық азотты сіңіре алады. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан Чад (Африка) және Тескоко (АҚШ) көлдерінде 500 миллион жылдан бері ғажайып Spirulina platensis культуралары өсетіні белгілі. Ғасырлар бойы Spirulina-ны тағам ретінде пайдаланған. Чад көлінің бойын мекендеген тұрғындар өздерінің мықты денсаулығымен және ұзақ өмір сүрулерімен ерекшеленген.Spirulina жіңішке клеткалық қабатқа ие. Сол себептен ол Chlorella немесе ашытқыға қарағанда, оңай қорытылады. Онда ашытқыларға қарағанда нуклеин қышқылдары екі есе аз, ал дәрумендер, микроэлементтер, полиқаныққан май қышқылдары көп мөлшерде және құрамы бойынша негізгі құрғақ затының 65-70%-на сәйкес келеді. Бірақ та тағам өнімі ретінде аяқастында жатқан Spirulina-ны Мексика мен Африка кедей адамдары ғана қолданылады.

  1. «Codex Alimentarius жүйесіне сəйкес тағамдық қоспалар олардың тағайындалуына байланысты жіктеңіз.

Тағамдық қоспалар - олар тағамдық өнімдерге қажетті сапалық көрсеткіштерді беру үшін және олардың технологиялық өндіру үрдісін тездету үшін қосылатын, табиғи және табиғиға теңестірілген немесе синтетикалық химиялық қоспалар. Бұл қоспалардың тағамдық құндылықтары болмайды. Тағамдық қоспалардың қолданылуы алуан түрлі. Codex Alimentarius комиссиясы тағамдық қоспалардың 23 функционалдық топтарын атап өтеді, олар кестеде берілген. Тағамдық қоспалар әлем бойынша кеңінен қолданыс тапқан. Тағамдықөнімдерге қойылатын басты талап - олардың адам ағзасына қауіпсіздігі, улы қасиетінің болмауы, жайсыз жағдайлар тудырмауы Тағамдық өнімдерді зерттеу мен қолдану регламендациясы үшін БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ағылш. Food and Agriculture Organization, FAO) (бұдан әрi-AAY) және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі-ДДСҰ) тағамдық қоспаларды зерттеу бойынша біріккен эксперттер комитетін құрған. Біздің елімізде тағамдық қоспалар тағам өндірісінде практикалық қолданысқа тек Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен және оны қолдану қауіпсіздігі анықталған соң ғана жіберіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет