А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Сахна тіліндегі ремаркалардағы авторлық «МЕН»



бет69/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95
3.7 Сахна тіліндегі ремаркалардағы авторлық «МЕН»

Қазіргі тіл білімінде көркем әдебиет тіліне қатысты мәселелер біршама зерттелді. Әйтсе де, оның ішінде драмалық шығармалардағы кейіпкер тілі, автор бейнесі сияқты мәселелер әлі толық шешімін тапқан жоқ.


Көркем шығармаларда автор бейнесі тілдің көркем баяндау құрылымынан көрінеді. Ал драматургиялық тілде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Өйткені, драматургия тілі – шектеулі. Драматургиялық шығармаларда автор өзінің суреткерлік «менін» тек кейіпкер тілі арқылы ғана бере алады. Яғни, әрбір суреткер шығармасын тудыруда өзіндік танымымен, болмысымен, өзін қоршаған дүниеген деген қалыптасқан белгілі бір идеялық көзқарасы бойынша сюжет құрып, баяндайды. Ал оның шығармада көрініс табуы көркем тілдік құрылымымен жүзеге асатындығы даусыз.
Драма тіліндегі сөз өнерінің кеңістігі екі негізгі тілдік-композициялық қабаттан тұрады. Оның біріншісі, персонаждардың қарым-қатынасын қамтитын диалогтық формада іске асса, екіншісі, түрлі тілдік құрылымдардан тұратын автор-драматургтың көзқарасын айқындайтын өзіндік «Мені» арқылы жүзеге асырылады.
Көркем шығарманың ұстанымын нақты көрсететін де осы драмалық шығармалар. Мұнда көрермен көріп отырып, ақпаратты тікелей қабылдайды.
Бүгінгі тіл білімінде мәтін лингвистикасының ғылыми сипатына көп көңіл бөлінуде. Көркем әдебиет тілін зерттегенде автордың тілдік сипатын анықтаудың маңызы зор. Көркем шығарма тілінің көркемдік деңгейде көрініс табуы ең алдымен автордың шеберлігіне байланысты.
Көркем шығармалардың нақты жанрлық формалары олардың композициялық тілдік түрлерін де көрсетеді. Олар белгілі бір дәрежеде поэтикалық форма құрылысына да тәуелді болады. Бұл туралы көркем шығармалардың прагматикасын зерттеген Г. Әзімжанова былай дейді: «Драмалық форма мәтіннің монологтік-диалогтік құрылысын автор ремаркасымен бірге белгілейді. Автор белгілері қысқа, ықшам, құрылысы жай, аз жайылма не эллипстік сөйлемдердегідей болады және эпикалық мәтінде авторлық баяндау не суреттеу атқаратын функцияларды орындай алмайды. Қатынасушы кейіпкерлердің мінездемесі олардың сөздері арқылы беріледі, сондықтан да драматургтің кейіпкерлер сөзін даралауы негізгі мақсаттарының бірі болып табылады» [82, 114 б.].
Автор бейнесі мен шығарманың композициялық-стилистикалық құрылымы баяндаудың бірнеше түрлері арқылы жасалады. Баяндаудың түрлері хабарлау, суреттеу, пайымдау, диалог болып табылады. Сөйлемдердің құрылымы, бір-бірімен мағыналық байланысы арқылы оқиғалардың дамытылып, өрбіп отыруы баяндаудың хабарлау немесе әңгімелеу түріне жатады. Суреттеу оқиғаның бір бөлігін сипаттауда қолданылатын, мазмұн жағынан шектеулігі бар, кейіпкердің іс-әрекетімен қатар баяндалады. Ал пайымдау мен суреттеу шығарма оқиғасын баяндауда көмекші, қосымша баяндау қызметтерін атқарады.
Автордың баяндау шеберлігінің көркем шығарма құндылығына әсері жөнінде Л.Т. Мақұлова зерттеуінде былай дейді: «Автор бейнесі – көркем әдебиет тілін, жазушы тілін зерттеу, талдау барысында ашылады. Көркем шығармадағы автор бейнесі өзіндік жасалу жолы, белгілері мен ерекшеліктері бар және әдеби тілдің ішкі сапалық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін категориялардың негізгісі ретінде саналады [148, 4 б.]. Демек, автор-драматург көркем шығармасы арқылы өзінің образын, қарым-қабілетін, ақыл-парасаты мен өзіндік көзқарасын білдіреді.
Орыс тіл білімінде «образ автора» деген терминді енгізіп, автор бейнесін зерттеп жүрген ғалымдар В.В. Виноградов, Е.П. Тетюхин, Б.В. Томашевский, М.С. Савина, Л.И. Тимофеев, М.П. Брандес, Д.Н. Шмелев т.б.
Аталған ғалымдардың көзқарастарындағы автор бейнесі жазушының тілін айқындайтын көркем категория болып табылады.
Көркем шығарманың негізгі қасиеті адамды, қоғамды ойлануға жетелеуінде. Бұл тұрғыдан да автордың аз тер төкпесі анық. Өйткені автордың өзіндік позициясы, «мені» болмаса ол шығарма көркемдік шешімін таба алмайды.
Алайда драматургиялық шығармаларда алдымен дәстүрлі түрде драматургиялық диалогтарға басымдық беріледі де, ал автор сөзі көмекші, эпизодтық, жанама рөл атқарады. Яғни, драматург өзін проза немесе поэзиядағыдай драматургиялық шығармаларда еркін көрсете алмайды. Солай бола тұра, драматургиялық көркем сөз өнерінде драматург-автордың қолтаңбасы ерекше көрінеді.
Пьеса тіліндегі автор сөзінің тілдік формаларын көрсетуге тырысқанда, пьеса мәтінінің өзіндік түрлі типтерін, атқаратын қызметін, көлемін көрсететін ремаркалар жүйесін атаған дұрыс. Екіншіден, драматургиялық мәтінде композициялық фрагменттер, яғни жанрлық-стилистикалық тақырыпшалар (автордың өзіндік ұстанымын айқындайтын), пьесаға қатысушылардың аттары көрсетіледі.
Пьесаның тілдік кеңістігі екі негізгі композициялық тілдік бөліктерден құралады, олардың бірі – диалогтық нысанды иеленіп, кейіпкерлердің репликаларын құраса, екіншісі – әртүрлі тілдік құрылымдардан құралып, автор-драматургтың «ішкі менін» жүзеге асырады дедік.
Демек, драмалық шығармалар мәтінінің негізгі функционалды мазмұндық бірлігіне қандай да бір жағдайды талқылауға құрылған диалогтық тағандар (диалоговый блок) жатады. Диалогтық тағандар міндетіне қарай, белгілі бір тақырыпта мәтіннен жекелеген үзінділер, яғни диалогтық репликалар құрайды.
Репликаларды жанрына, түрлеріне, қызметіне қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Айталық, ақпаратты тура мағынасында білдіретін репликалар; модальдық репликалар; кейіпкердің қандай да бір ішкі күйзелісін білдіретін репликалар; түсіндіру қызметін атқаратын репликалар; «символикалық» мазмұнды білдіретін репликалар.
Л.Я. Боровой репликалардың эмоционалды және экспрессивті үлкен екі түрін айқындайды [149, 98 б.]. Оларды мынадай түрлерге жіктеп, мысалдар келтірейік:
1) ойдың жүйелілігін сақтайтын репликалар (бұлар тіпті ақпарат жанама айтылғанның өзінде, соңында маңызды қорытындыға алып келеді):
Ақан. Көк мешіттің ішінде – өсиет.
Сыртында қылмыс үйретпек пе едің бұл жұртқа?
Күндіз айтқан өсиетіңнен,
Түнде істейтін қылмысың көп,
Қайда апарып, қашан тынбақ бұл зұлым?
Алыстағы ақыретті айтып,
Жұртты жерге тұқыртқанда,
Әулиеден әріміз.
Азап үні бір аумастай.
Орнатарың тамұқ па еді осы елге?
Сейіт. Ақан аға, Ақан аға, сабыр етіңізші, тоқтаңызшы!
III-шәкірт. Құлшылық орнында – құлшылық та!
Ақан. Құлшылықтан құлдық таптық,
Арман не?
Сахарада сайран етіп,
Еркін өскен,
Асау жанды, қанды ел қайда?
Құлағыңа құмалақ тық,
Естілмесін мұң-зары! (64 б.)
Бұл жерде Ақан сөзінен ешкімнің аты аталмаса да, әңгіме төркіні мешіттегі молдалардың зұлымдығы, елді қан қақсатып отырып, уағыз айтатын, аңқау елге арамза молда болып отырғандардың іс-әрекеті сөз астарынан анық аңғарылады.
2) Персонаждар әрекетінен толық ақпарат беретін, олардың арасындағы сөз ырғағының, интонацияның күшті және бәсең қарама-қайшылығын білдіретін репликалар:
Ақан. Қамшы мен хазірет – екі нәрсе,
Сыйыспайды бір жерге, таста бірін!
Науан. Қамшы қалса, хазіретіңді қайтушы ем!
Бірі – жүген, бірі – ноқтам бұл елге!
Қос ноқта емес пе еді, сенің де бір кезде жаратарың... (68 б.)
Бұл жерде қара қамшы атанған хазірет Науан мен елдің қамын жейтін ақын Ақанның арасындағы күшті теке-тірес көрінеді. Ал Науанның жауабынан Ақанның өзін «сенің де бір кезде көздегенің осы емес пе?» деп жаманатты істерге кірістіруі, сөзінің соңын жұтып қойған бәсең қарсыласуынан көрінеді.
3) Әжуа түріндегі кірме сөздерден жасалатын репликалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет