А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет71/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95
Қатысушы адамдар:
Майқан – «Жыландының» болысы. Олжай руының ең жуан аулынан, 40 жаста.
Бибіш – әйелі, «Жүзтайлақ» деп атанған сұлу, 28 жаста.
Нұрқан – болыстың інісі және кандидаты, 28 жаста.
Кәрім (Кәкен) – қазақ адвокаты, ұлтшыл оқығандардың бас адамдарының бірі, Майқанның досы.
Жүніс (Жүке) – оқыған. Қарсақ руынан. Жазғы демалыста елде жүрген қызметкер. Зор денелі, мықты жігіт, жасы 25 – 26-да.
Сапа – мұғалім. Жасы 30-да. Ғалия шәкірттерінен.
Жантас – кедей. Езілген аз ру, Борсақтан шыққан балуан, әрі мерген. Жас шағы болыс қолында жалшылықта өткен, жасы 30-да.
Мөржан – қалыңдығы, болыс аулындағы кедей қызы, 19-да.
Ояз Казанцев – қазақуар, тіс қаққан, ескі ояз.
Жұмажан – Мөржанның бауыры, жасы 17-де, болыс аулының биешісі.
Сәруар – мұғалімнің әйелі. Татар қызы. Өзі де мұғалім. Пікірлі әйел, 28-де.
Қыдырбай (Қыдыш) – болыстың оң қолы, партия басы, ақсақалы, руы Олжай, жасы 60 шамасында.
Тәнеке – Борсақ руының өткір шалы, кедей, жасы 50-де.
Ділда – Жантастың шешесі, 50-де. Болыс үйіндегі малай қатын.
Шатақан – болыстың жылқышысы, тілеулес.
Бөрбасар, Бойбермес – Болыстың малшылары, бірінің аты Қыдырбай, екіншісінің аты Нұрқан еді. «Жүзтайлақ» жаман иттің аты «Бөрбасар» деп, екеуіне де өз иттерінің атын қойып, солайша атап жіберген.
Семенов – подъесаул. Карательный отряд бастығы (казак орыс), офицер.
Жігіттер, әйелдер, шал, әскер.
Осылайша, драмалық шығармаларда автор сөзін іске асыратын бірқатар тілдік формаларға талдау жасадық. Драматург адресаттармен (режиссерлермен, актерлермен, көрермендермен) қоян-қолтық араласудың ұйытқысы. Мұндай жағдайда драматург диапазоны өзін бейтарап ұстау немесе толық көрсету мүмкіндіктерін қамтиды.
Сондай-ақ драматургиялық шығармалардың композициялық-тілдік формасына міндетті емес эпиграфтардың берілуі де автордың жеке көзқарасын айқындайды. Эпиграф – әдебиетте шығармалардың алдынан, немесе жеке тараушаларының алдынан қолданылатын өнеге сөздер, өлең жолдары болып келеді. Жазушы шығармадағы бүкіл ой-мақсатын бірден аңғарту үшін қысқа ғана тағлымды сөздерді келтіріп отырады. Бұл ретте драматургтердің ақпараттарды беруіндегі концептуалдық шешімін көрсетуіне себеп болатын жасырын және айқын түрдегі прологтар мен эпилогтарды атауға болады.
Шығарманың көркем тілі – автор бейнесі арқылы ашылады. Демек, автор бейнесі – шығарманың тілінен, оның баяндалу құрылымынан көрініс табады. Көркем шығармадағы баяндаудың берілу үлгілері тема-рема мәтіндегі ой байланысын жүзеге асыратын категориялар екендігі белгілі.
Мысалы: Жәуетей. Екеуі ғана. Екеуден-екеу-ақ... Сонда да рулы елдей. Сүйеніскен егіз марал!.. Әттең, екі бейбақ... (М.Әуезов, 43 б). Мұндағы екеуі ғана, екеуден-екеу-ақ, рулы елдей, сүйеніскен егіз марал! сөздері өзіне логикалық екпін түсіріп, тема-рема үлгісін жасауға ұйытқы болып тұр. Кейіпкердің ішкі жан күйзелісі поэтикалық леппен суреттелген. Эмоционалды-экспрессивтік әсері өте күшті.
Сондай-ақ, пьесаларда кейіпкердің бейнесін автордың көмектесуімен ашуға бағытталған ойтолғақ, ойталқы түрінде берілетін толғанысты монологтар суреткердің ішкі ойын көрсетеді:
Жапал. Шыңғыс! Қара қойтас қан Шыңғыс! Оңда Шыңғыс, солда Шыңғыс... Анда Шыңғыс! (Жан-жағына қол созып). Анда Шыңғыс... Анда Шың... Шың? Тоқта, бұл не? Жұлындай жерден жіптіктей түтін емес, шаң бұрқ етті... Тағы, тағы! Бұрқ-бұрқ... О-О, будақ-будақ шаң шықты. Төбелес, барымта, қуғын... Тағы және шабуыл да сабуыл... Қайран Шыңғыс, күнде осындай жойқын төбе! Жортуылшы («Еңлік – Кебек») (14 б.)
Драмалық шығармаларда автордың өзінің ішкі жан дүниесін бейнелейтін, адамға ой салатын мұндай үзік-үзік кейіпкер баяндаулары да жиі кездеседі.
Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, кейіпкердің іс-әрекетін, ішкі сезімін, ойын драматург тек тіл арқылы суреттеп жеткізеді. Яғни, тілдің негізгі сөздік қорын пайдаланады және жаңа сөз өрнектерін тудырып, тілді байытып, дамытып отырады. Және бір байқағанымыз, біз талдап отырған драмалық шығармалар тілінде ескі кітаби тіл үлгілеріне тән сөздер, кірме сөздер, ауызекі сөйлеу тіліне жататын сөздер кездеспейді. Бұл жайтты айтып отырған себебіміз, қазақ әдеби тілінің қалыптасып, даму процесінде кітаби тіл лексикасының біршама рөл атқарғандығы белгілі. Ал драмалық шығармалардағы авторлық ремаркаларда бұлар мүлде қолданылмайды. Мұнда тек таза көркем тіл, әсем өрнектеліп құйылып жатады.
Сонымен бірге, театр сахнасы да адамды тәрбиелеудің бір қайнар көзі деп есептейміз. Сахна да адамға тілдік білім беріп, тілдік дағдысын тұғырлап, тілдік тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Демек, автор бейнесі – шығарманың ішкі бірлігі мен тұтастығын жинақтайтын тілдік құрылым болып табылады.
Біз мысал келтірген суреткерлердің шығармалары сол кезеңнің әлеуметтік-саяси шындығын, халықтың психологиясы мен мәдени-тілдік болмысын танытады.
Сонымен, драмалық шығармалардағы автор бейнесін сөз еткенде, суреткердің өзіне ғана тән сөз мәнері, жазу машығы айқындалуы тиіс. Автордың өзіндік «МЕН»-і эстетикалық, әлеуметтік, дүниетанымдық мәдениетпен астасқанда ғана шынайы шығарма туатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет