А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Ақан. Нағып аузың барады, хазірет! Енді осыған да барғаның ба, зұлымдық емес пе мұның! Науан



бет70/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Ақан. Нағып аузың барады, хазірет! Енді осыған да барғаның ба, зұлымдық емес пе мұның!
Науан (қайрылып). Ә! Тие ме жаныңа! Талай тиер әлі! Болмаса ие бол аузыңа! Күн-фаякун!.. (Кетіп қалады.) (68 б.) Суреткер мұнда қара ниет хазіреттің күнәсін мойнына қойып тұрса да, айылын жимай, күн-фаякун деп құран сөзін айтып кетіп бара жатқан арсыздығын дәл көрсетеді.
4) Кейбір репликалар жалпы қабылданған этикаға қайшы келу керек дейтін де пікір бар. Мұндай репликалар пьесаның қиын-қысталаң өзгерісінде әрбір образдың өзіндік ерекшелігін көрсетуге көмектеседі. Мысалы:
Пьесада Ақтоқты өзіне-өзі қанжар салып өлгеннен кейін, Ақан да өлмекші болады.
Ақан (ұшып тұрып).
Көп күшіген, көп құзғындар!
Алдың зындан, артың ажал!
Аяйтұғын кімің бар?
Қансырадым көп соққыңнан,
Қара түнді қаламаймын,
Сендер де енді тыныңдар!
Өзіне қанжар салуға ыңғайланғанады, сырттан қатты шыққан Балта даусы келеді.
Балта. Ақан! Тарт қолыңды қанжардан!
Балта. Қарауылдың ойы болса, қозғауға мынау өлім аз болып па? Жау қолынан бір айырып алған Ақаннан енді тағы айрылмақ па Қарауыл!
Ақан. Баста, Балта аға! Қара жарға соқтықтым деп, тая соғып, тізгін тартар жерім жоқ. Тасқа салсам мұқалмайтын найзамды ел кегіне суарып бер. Сол кегімді ту етермін енді қалған жасыма! Тарт Құлагерді көлденең! (Бәрі Ақтоқтыны көтеріп алып кете береді.) (121 б.)
Мұнда да суреткер Ақанды өлтірмей, дәстүрлі көріністерден бөлек шешім тауып, Ақанның жігерлі образын тағы да жарқырата ашады. Қиын-қысталаң жағдайдан Ақанның тез арылып, Қарауылдың қамы үшін, азамттық ары үшін атқа қонып, ес жинағанын көрсетеді.
Ал мағынасыз, орынсыз қолданылатын, қолданыла қалған жерінде күшті әсер туғызады дейтін репликалардың түрін қос суреткердің тілінен де кездестірмедік.
Сонымен репликаларды эмоционалды және экспрессивті деп үлкен екі топқа бөле отырып, оның поэтикалылығын анықтауда мынадай: ойдың жүзеге асырылуын көздейтін репликалар; персонаждар әрекетінен толық ақпарат беретін, яғни, олардың арасындағы әңгіменің қатаң немесе жайлы түрде іске асуын интонация, дауыс ырғағы арқылы білдіретін репликалар; қайталап қолданғанда күшті эффект тудыратын «қиыннан қиыстырылған» (неуместные) репликалар; сондай-ақ жалпы қабылданған этикеттерге сай келмейтін, «санаға жасындай әсер ететін» (врезаться в память) репликаларға назар аудару қажет. Репликалардың жоғарыда аталған барлық түрлері пьесадағы әрбір образдың жеке қасиетін көрсетуде қолданылады.
Демек, репликалар оқиғалардың дамуын қамтамасыз етудің негізі, сахналық образдарды ашудың кілті болып табылады.
Драмалық шығармалардың композициялық-стилистикалық қабаты автор «дауысы» жүзеге асырылатын өзара байланысты тілдік нысандардың жүйесін құрайды: эпиграф, арнау, шығарма атауына сәйкес жанрлық-стилистикалық тақырыптар мен тақырыпшалар, пьесаға қатысушылардың аты-жөні, ремаркалар, сонымен бірге пьесаның мәтіндік құрылымына жатпайтын, композициялық үзінділер (пролог және эпилог).
Аталып отырған әрбір композициялық үзінділер, драматургтің өзіндік әлеуетін көрсетуге, яғни, пьесада болып жатқан оқиғаға, әрекет етуші бейнелердің қимылын бағалауға т.б. көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Драмалық мәтіндерде эпиграфтар мен арнаулар сирек кездеседі.
Драманың дәстүрлі терминологиялық қорына жататын жанрлық-стилистикалық негіздегі атауларды қалыптастыруға да аталмыш кезең драматургтері ат салысты.
Окказионалдырылған жанрлық-стилистикалық терминдердің пайда болуы көп жағдайда бір мезгілде екі әдіспен іске асырылады: семантикалық (арнайы ұғымдарды атауда қалыпты сөздердің мәнінің метафоралық ауыстырылуы) және синтаксистік (синтаксистік құрылымдағы мәнін нақтылау).
Ал қазіргі драматургтерде пьесаны қандай да бір жанрлық саралаудан бас тартулары байқалып, шығарманы мүлде жанрлық тақырыппен бермей, тек әдебиеттің драматургиялық бағытына және композициялық құрылымына бөліп ұсынады.
Әрекет етуші бейнелерді таныстыруда автордың өз көзқарасын білдіру мүмкіндігі бар, сондықтан драматург кейіпкерді қалай суреттеуде ерікті, ең алдымен оны адресатпен таныстыратын жеке атын беруде қай нұсқаны таңдау (толық немесе қысқартылған, ресми әлде кішірейтілген – еркелетуші және т.б) немесе тіпті «ол» деп қана айту; қандай да да бір әлеуметтік белгілерін көрсету не көрсетпеу, көрсеткен жағдайда қайсысын т.с.с.
Драматург кейіпкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көрсетумен бірге, әрине, психологиялық тұрғыдан да өте субъективті түрде сипаттама бере алады. Пьесалардағы әрекет етуші бейнелерді таныстыру әдістері, әдетте, автордың драмалық әрекетке қаншалықты «араласушылық» ниеті барынан, сырттай бақылаушы ма, әлде бәріне «қатысушы» ма, сонымен, бірге кейіпкерінің басынан кешіп жатқан жәйттарға өзінің жеке көзқарасын түрлі тәсілдер (ремаркалар) арқылы білдіруінен көрінеді.
Сол кезеңдегі көркем драмалық құрылымдарда ремарка мәнінің күшейгенін байқаймыз. Ремаркалық саланың композициялық жағынан күрделенуі (абзацтарға бөлінуі, түрлі шрифт түрлерін, тыныс белгілерін пайдалану т.б), сол тұстағы пьесалардан бастау алды деуге толық негіз бар.
Авторлық сөз пьесада, әдетте, «көмекші және эпизодтық» (В. Хализев) болып жанама мәтін ретінде қаралады.
Енді пьесалардағы жүзеге асырылатын автор дауысын берудің жолдарын көрсетуге тырысайық, бір жағынан, драмалық шығармаларда олардың қатысуы міндетті және міндетті емес (құрылымдық-жанрлық-стилистикалық параметрлерімен айқындағанда) түрде болады; екінші жағынан, драматургиялық мәтінді адресатқа жеткізудегі маңыздылығына қарай, қозғалып отырған мәселенің автор тарапынан айқын берілу ерекшеліктері негізге алынады.
Мұндай формалардың қатарында, бірінші кезекте ремаркалар жүйесін (олардың түрлері, атқаратын қызметі, көлемі т.б.), екіншіден, жанрлық-стилистикалық тақырыпшалар мен пьесаға қатысушылардың тізімдері, драмалық мәтінде көп жағдайда кездесіп отыратын авторлық ұстанымға қатысты үзінділерді атауға болады.
Бұлар енді көркем шығармалардың барлығына қатысты композициялық-тілдік форма болғандықтан, драмаға аса шарт емес деуге де болады. Дегенмен, пьесада жиі жағдайда автордың «өз атынан» пікір білдіруі, арнау эпиграфтар, сонымен бірге, драматургияға тән емес хабарлау сипатындағы мәтіндік үзіктер, көтеріліп отырған мәселеге ашық немесе жасырын (сөз астарындағы) түрдегі драматургтың концептуалды көзқарасы, жеке авторлық түсіндіруді көрсететін пролог, эпилог сынды үзінділер беріледі. Олар сахнада нақтылық, акцент жасау, жеке детальдар, т.б. бойынша іске асырылады. Мәселен, М. Әуезовтің «Бәйбіше – тоқал» пьесасындағы дүние үшін қырқысқан екі жақтың көзқарастары алуан түрлі. Суреткер солардың арасына қосымша рөлдегі күзетшіні қосып, жағдайға сырттан баға беріп, жанама детальдарды білдіріп отырады:
Күзетші (тамағын кенеп ән салады.
Тоқтап сөйлейді.
Бүгін бір майдам соқ жасайын ба осы? Тоқалдың қай жақсылығын қимаймын. Бастығы Есендік болып, ала жаздай бір жапырақ ет асатып көрген жоқ. Малшы атаулының бәрін ұрады, ұрсады. Бір күн бүйірін шығарып тойғызбайды. Аяғында бәрі де «ақысы құрсын» деп безіп кетіп жүргені – анау. Өмір бойы малшыға істеп отырғаны осы. Бәрін де күні бітуге таянғанда шыдатпай қуып жіберіп, ақыдан, киімнен түк бермейді. Осының бәрін істеп отырған – Қайша мен баласы. Бұлардан алты ай жазға ішкенім Төлештің бір шайына тұрмайды. Не қыламын? Қой, қазір Төлешке айтайын. (86 б.)
Драмалық шығармаларда композициялық-стилистикалық құрылымдағы эпилог пен пролог жиі кездестін компоненттер. Эпилогтар авторлық ремаркалардың құрылымын көрсетумен бірге, кейіпкерлерді де (диалогтық репликалар) қамтиды. Ал прологтар болса, бар-жоғы бір ғана – актерлер репликасын (күрделі ассоциативтік-семантикалық суреттеумен берілетін) үлкен, кіші абзацтармен жеткілікті білдіреді.
Пьесаның атауы берілген соң, әдетте, әрекет етуші бейнелерді танытатын тізім және автор сөзін жүзеге асырушы бірден-бір нысанды көрсетуші жанрлық-стилистикалық тақырыпша құрылады, сондықтан әр кейіпкердің мінез-құлқы, түрлі мінездердің сахналық әрекетпен үндестілігі драматург арқылы анықталады. Мысалы, М. Әуезов «Түнгі сарын» пьсасында қатысушы адамдар қатарын берумен-ақ көп жайтты аңғартады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет