А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет72/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95
3.8 Драмалық шығармалардағы
персонаждар тілінің пресуппозициясы

Көркем әдебиеттің зерттеу нысаны – адам десек, драматургияның да басты зерттеу нысаны – кейіпкерлер бейнесі. Біздің қарастырып отырған мәселеміз – сол кейіпкерлердің тілі.


Драматург өзіндік идеясын кейіпкер тілінің ұлттық ерекшелігі, көркемдік қуаты арқылы таныта алады. Демек, көркем бейне жасауда кейіпкер тілінің стильдік қызметі орасан зор.
Кейіпкер тілінің ерекшеліктерін қарастырған К.К. Еңсебаеваның еңбегінде бұл туралы: «Кейіпкер тілі – суреткерлік қасиетке мейлінше бай, образ даралау құралы оның экспрессивтілігі (оқырман мен тыңдаушы сезіміне әсер ету қабілеті) мағыналық байлығы мен амал-тәсілдерінің қырынан келіп туады»,-делінеді [150, 8 б.].
Кез келген көркем шығармада автор өз ойын кейіпкердің пікірі, көзқарасы, сөз саптауы арқылы береді. Ал бұл жайт драмалық шығармаларда кейіпкерлердің диалогы арқылы іске асады. Сондықтан да, драматургиялық шығармалардағы жауап алмасу мақсатындағы диалогтар қысқа да нұсқа, ұтқыр ойға құрылатындықтан, нағыз шеберлікті талап етеді. Драматургия жанрының қиындығы да осында.
Демек, драмалық шығармаларда көркем бейне кейіпкерлердің тілі арқылы жасалады. Драмада жазушының суреттеу, баяндау миссиясы жоқ.
Драмалық шығармалардың табиғаты соншалық күрделі. Өйткені, поэзия, прозалық шығармалардағыдай емес, мұнда автор қатыспай-ақ, персонаждар тілі арқылы өзін ерекшелеп таныта алуы қажет. Әрине, драматургия синтетикалық жанр. Әйтсе де, оның өзіне ғана тән сөз мәнері, жазылу машығы бар.
Драматург кейіпкер сөзін актер орындауына бейімдей отырып, сөздің стильдік құрамына – өзіндік синтаксистік, лексикалық, фонетикалық құрылымына ерекше мән береді. Кейіпкер сөзінің қарапайым сөйлеу тіліне жақын болуы, актерге сөзді түрлі мағынасында еркін қолдануына мүмкіндік береді.
Прессуппозиция дегеніміз – сөйлемнің семантикалық тұрғыдан дұрыс құрылып, контексте логикалық жағынан қайшы болып қолданылмауы үшін, сөйлемнің шынайылықты білдіретін бөлігі. Демек, драматург образды ашуда, өмір шындығын көрсетуде кейіпкер тіліне баса акцент жасап, экспрессивтік жүк артады. Яғни, прессуппозиция сөйлесім мазмұнын анықтап, ойды жарыққа шығарады.
Сөйлеу тілі – әдеби тілдің функционалдық ерекше бір түрі. Сахнада сөйлеу тілінің формалары жүзеге асады. Сөйлеу тілінің тілдік және тілдік емес негізгі белгілері бар. «Сөйлеу тілінің тағы бір аса маңызды белгісі прессупозициялық, аялық біліммен байланысты. Сөйлеу тілі әдетте бірін-бірі білетін, ситуациямен таныс коммуниканттар арасында қолданылады. Сондықтан коммуниканттарда аялық білімге жататын едәуір білім қоры болады. Сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ ситуация прессуппозицияға негіз болады» [33, 285 б.],-дейді Н. Уәли.
Драмалық шығармалардағы автордың ойы персонаждар тілінде мынадай түрлерде беріледі: Оқиға персонаждардың аузымен айтылады; лирикалық монолог ішкі монолог деңгейіне дейін жеткізіледі; персонаждар тілінің функционалды ерекшелігі, яғни стиль даралығы көзге түседі; әрбір персонаж өзіндік тілдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді; диалог құруда сөз мағынасы стилистикалық құрал ретінде пайдаланылады; сөздер кең мағынада – семантикалық өріс, символ, лейтмотив, ішкі мағыналық қолданыстарда жұмсалады; диалог-тартыс үстінде мәтіннің түрлі идеялық-мағыналық сәттері ашылады; диалогтық сөйленістің темпоритміндегі терең ойдың қақтығысы көрінеді; сөз театрлық өнердің басқа элементтерімен (музыка, жарық, декорация, вокал, би, пластика, мимика, т.б.) бірге жұмсалады; шығарманың мәтіні белгілі оқиғаны нақты көрсетеді. Бұл айтылғандардан драматургтің идиостилі жан-жақты көрінеді. Атап айтқанда, шығарманың құрылымы, персонаждардың таңдалуы, пьесаның идеясы мен тақырыбының сәйкестігі, пафостардың берілуі, қысқасы, автордың дара стилі шығармадағы тілдік құралдар арқылы беріледі.
Драмалық шығармалар тілі ең алдымен, көрерменнің тілдік мәдениетін көтеріп, талғамдарының қалыптасуына жәрдемдеседі. Сондай-ақ, олардың тілдік құбылыстарға деген қызығушылығын арттырып, көрерменді ойы мен сезімі арқылы пьесаны белсенді қабылдауға жетелеп, ұлт тіліне қызмет етеді.
Сонымен қатар, персонаждар тілін зерттегенде, яғни, драмалық образдардың өздеріне тән жеке тілдік параметрлерін қарастырғанда, екі негізгі бағытты ұстануға болады. Біріншіден, персонаждардың өзіндік, екінші кейіпкерге ұқсамайтын лингвостилистикалық ерекшелігіне назар аудару керек. Бұл жерде басты кейіпкер тіл арқылы пьесадағы әрекеттен тыс өзінің де ішкі дүниесін, бет-бейнесін көрсетеді. Екіншіден, персонаждар тілін талдаудың негізгі бағыттарының бірі-сахнадағы кейіпкерлердің сөйлеуін сахналық әрекеттердің астарлы байланысымен қоса талдау қажет, бұл жерде персонаждардың әрбір сөзінде, тілдік мәнерінде жаңа бір қырлары ашылып отырады.
Яғни, драма тілі – жоғары мәдениетті қалыптастырады. Демек, автордың пьесада көрсетпек болған не қилы образдар жүйесі, шығармаға желі болған жалпы композициялық тұтастық – тек тілдік құралдар арқылы ғана беріледі.
Ғ. Мүсіреповтің пьесаларының идеялық-көркемдік болмысын шынайы түсіну үшін, оған суреткердің драмалық шығармаларының тілін лингвистикалық және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Ғ. Мүсірепов қазақтың поэтикалық мектебінде өзіндік із қалдырған белгілі суреткер. Ол қазақ көркем сөз дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік қолтаңбасы арқылы одан әрі дамытты.
Қазақ әдебиеті тарихында өлең ырғағы деген көп зерттелген мәселе. Көркем проза ырғағы да біршама зерттеулерге арқау болған. Ал, драмалық шығармалар тілінің ырғағы деген мәселе мүлде сөз етілмеген нәрсе. Алайда, драма тілінде де ырғақ бар. Драмалық шығармалардың ырғағы тыңдарманына сол мезетте-ақ экспрессивтік-эмоционалдық ықпал-күші арқылы әсер етіп отыратын құбылыс.
Пьесадағы Баян мен Қозының бір-бірін ең алғаш іздеп тапқандағы, табысқандағы көңіл-күйінен құйылып жатқан көтеріңкі пафосқа толы сөздер соның дәлелі. Мәселен,
Баян: Қалғып жатқан толқын ем, дауыл тербеп оятты. ...Қиядағы қыранды көрдім... Ұрса құлашы, сыбанса білегі, ашылса жүрегі, түйсе жұдырығы – бәрі көз тойдырады! Бәрі қызығуға жаралған. Аямапты бергенде? (30 б.) десе,
Қозы: Егер бұл өңімде көріп тұрған түсім болса, ешкім оята көрмесін мені! Айыңа да, күніңе де ортақ болмадым демейін, жасаған, осы күнімді батыра көрме (34 б.),-дейді.
Мұнымен пьесаның тілі өзінің ырғақты, әуенді құрылымымен ерекшеленеді демекпіз.
Образ жасауда драматургтің ұланғайыр мүмкіндіктері болса да, персонождар тілін ештеңемен алмастыра алмайды. Пьесада персонаждар тілі – ең тапқыр да, маңызды және шешуші құрал болып табылады.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасына он адам қатысады. Сол он адамның сөзімен драматург бүкіл бір кезеңнің тұтас келбетін, халықтың шерін, мұң-зарын, екі жастың асқақ махаббатының трагедиямен аяқталғанын көрсетеді:
Жарқын: «Кесілген үміт болмасын, өшкен сәуле болмасын деп айтып тұрмын, Баян. Басың базарға түспесін, Ақ Баян арманда кетпесін деп айтып тұрмын, Баян. Құс болса, көктен, адам болса, жерден табылар деп айтып тұрмын, Баян... (26 б.)
Мұндағы назар аударатын нәрсе, қыздың жанашыр досы Жарқынның әрбір сөзінің аяғында Баян атының ерекше екпінмен айтылуында. Бір сөзді осылайша ерекше екпінді леппен қайталай айту, сезімге алабөтен әсер етіп, тыңдарманның назарын айрықша аудартады.
Сондай-ақ, осы мысалдағы үміт, сәуле сияқты синоним сөздер, көктен, жерден сияқты мағынасы қарама-қарсы сөздер арқылы; болмасын, түспесін, кетпесін деген болымсыз етістіктерді үдете беру арқылы драматург ойды нақты аша түскен.
Ғ. Мүсірепов пьесаларының тілінде поэтизмдер тұнып тұр. Драматург көркем образ жасау үшін сөздерді тура мағынасында қолданбай, ауыспалы мағынасында жұмсап, яғни аң-құс атауларын қолдану арқылы да поэтизмдер тудырған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет